Kaz     Rus    На главную    Обратная связь    Карта сайта   
 

УПРАВЛЕНИЕ ИНСПЕКЦИИ ТРУДА
АКИМАТА ЖАМБЫЛСКОЙ ОБЛАСТИ

 
Содержание

Баннеры

 

 

 

 

 

 

 


11.06.2016ж

                                                                          Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек        

инспекциясы басқармасының басшысы

С.Айдапкеловтың  Облыс әкімінің        

аппараттық  кеңесінде облыс еңбек       

ұжымдарында   еңбек қатынастары       

саласындағы  жағдай туралы                  

берген есебі.                                             

                                                                      

 

Өздеріңізге белгілі, Мемлекет басшысы белгілеген бес институционалдық реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадам (83 қадам еңбек қатынастарын ырықтандыру) Ұлт жоспарын жүзеге асыру шеңберінде елімізде ө.ж. 23. 11. 2015 жылы жаңа Еңбек кодексі қабылданып, а. ж .1 қаңтарынан қолданысқа енді

 

Жаңа Еңбек Кодексі жұмыс беруші мен қызметкерлер арасындағы еңбек қатынасы саласына мемлекеттің араласу шеңберлерін нақты анықтап, тараптардың тең болуын қамтамасыз етуді есепке ала отырып, еңбек қатынастары субъектілерінің рөлі мен жауапкершілігін айқындады.

 

Мемлекет  өз тарапынан қызметкерлерге  базалық кепілдіктер мен өтем ақыларды төменгі еңбек стандарттарын, негізгі құқықтары мен міндеттерін белгілеп, олардың жұмыс берушілер тарапынан орындалуына қатаң бақылау жүргізе отырып,  әрбір азаматтың еңбекке қатысты конституциялық құқықтарын қорғауға  кепілдік береді.

 

Ал, жұмыс берушілер үшін белгілі бір көлемде жұмысқа жалдау, кадрлық көтеру, жұмыстан босату, қызметкерлердің еңбек жағдайлары мен еңбегіне ақы төлеуді анықтау рәсімдері жеңілдетілсе, екінші жағынан, қызметкерлердің базалық еңбек кепілдіктері мен құқықтары белгіленіп, оларды жеке, ұжымдық шарттар мен келісімдер арқылы кеңейту мүмкіндігі қарастырылған.

 

Осылайша еңбек ұжымдарыда еңбек қатнастары  саласында  өзін- өзі басқару жүйесін енгізуге толық мүмкіндік жасалынды.  

 

Еңбек  ұжымдарында еңбек қатынастары саласында биылғы жылдың  өткен бес айында  6391 әрекет етіп тұрған заңды тұлғаларда 1279  ұжымдық шарттар қолданыста болып,   облыста өндірістік процесті, еңбек құқығын қамтамасыз ету және қызметкерді жұмысқа орналастыруды тұрақтандыру мақсатында әкімдік, жұмыс беруші және кәсіподақтар арасында 58014 жұмысшыларды қамтитын 2375  еңбек ұжымдарында меморандумдар қабылданды    десек те,  олардың орындалуына еңбек инспекторларымен  жүргізілген тексерулер, салада бірқатар кемшіліктерге жол берілгендігі анықталды.

                                                                                

Оның ішінде 42 ірі кәсіпорында,  жұмысшылар саны 29407, 1703 орта және кіші кәсіпорында  жұмысшылар саны 2324 құрайды. (ірі кәсіпорындар 66,2%, орта және кіші кәсіпорындар 37,3% қамтыған)                   .

 

Облыс еңбек ұйымдарын тексерулер барысында 2016 жылдың бес айында 66 заң бұзушылықтар анықталды, оның ішінде 41 еңбек  қатынастарына, 23 еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауға,  2 халықты жұмыспен қамту заңнамасына   байланысты болды .  

                                                                                    

Сол сияқты, Басқармамен  аймақта еңбек қауіпсіздігі. еңбекті қорғау  және  жұмыспен қамту саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін, а.ж. бірінші тоқсанында 100 еңбек ұжымдарда 18 көрсеткіш бойынша жүргізілген  мониторинтің қортындысына жүгінсек, аталымыш 100 еңбек ұжымдардың 27-де ұжымдық шарттар жасалынбағандығы, 88 кәсіпорындарда жазатайым оқиғалардан жұмысшылар сақтандырылмағандығы, 696 қызметкерлердің жұмыс уақыты толық еместігі, 5 кәсіпорында жұмыс орны қысқаруы орын алса, жыл басынан бері 8 кәсіпорнында 3376  қызметкерге 325,2 млн. теңгенің жалақы қарызы бары анықталды.

 

«Talas Investmentcompany» ЖШС, «Жамбыл металлоконструкция зауыты- Имсталькон» ЖШС,   «Запчасть» АҚ    жұмысшыларға жалақыларын беруде заң талаптарын бұзу фактілері орын алған.    

 

Осы   кәсіпорындардың   басшылығына  еңбек инспекторларымен жалақы қарызына қатысты орындалуы міндетті  ұйғарымдар беріліп,  976  мың теңгені құрайтын  сомада айыппұлдар  салынып, облыс әкімінің әлеуметтік әріптестік пен  еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі өңірлік үшжақты комиссияның отырыстарында қаралып, кәсіпорын басшыларына еңбек туралы заң талаптарын орындау ұсынылды.

 

Қабылданған шаралар нәтижесінде 1970 қызметкерлердің еңбек саласындағы құқықтары қорғалып, оларға 284,9 млн. теңге жалақы қарыздары өтелінді

 

Қазіргі таңда,облысымыздың үш кәсіпорындарында жалпы жалақы қарыздары 1406  қызметкерлерге 40,2млн. жуық теңгені құрап отыр. 

 

Олар,  Талас 469 қызметкелерге 28,7 млн.тенге,   ЖМЗ-Имсталькон ЖШС 840 қызметкерлерге 7,8 млн. тенге, «Жамбылгипс» АҚ 97 қызметкерге 3,7 млн.тенге берешек қарыздары жинақталып отыр.

 

Бұл мекемелерде қызметкерлерге жалақы  қарыздарын уақтылы өтеу үшін прокуратура органдарымен бірлесе отырып,  заң талаптарына сәйкес тиісті жұмыстар атқарылуда.

 

Екіншіден, жеке азаматтардан еңбек  заңнамасының талаптарының бұзылуы жайлы түскен арыз-шағымдары

Жалпы басқармаға а,ж. бес айында заңды тұлғалармен жеке тұлғалардан 532 арыз-шағым келіп түскен..Бұл әрбір м,и,қарауына айна 8 арыз-шағымдардан келеді деген

Бұл өткен жылмен салыстырғанда 33,3 пайызға  жоғары.  

  Негізгі  себеп, еңбек ұжымдарында мекеме басшыларының еңбек заңнамасының талаптарын жетік білмейтіні немесе біле тұра заң бұзушылыққа жол беретіні, сала бойынша басшы кадрларды іріктеуде жіберілген олқылықтардың орын алуы  негіз болуда.

Слайд 7.

 

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында өндірістік  жарақаттардың алдын алу жұмыстарының бірі, жұмыс беруші,Еңбек  Кодексінің 182, 183 баптарына сәйкес, 3 жыл сайын жауапты қызметкерлердің біліктіліктерін арттырып, еңбек қорғау мәселелері бойынша білімдерін тексеріп отыруға  және әрбір  5 жыл сайын өндірістік нысандардың мерзімі келгенде атестатциядан өтуғе міндетті.  

 

Осыған орай, өткен бес ай үшінде  344 еңбек ұжымдарының басшылар мен  жауапты қызметкерлерінің білімдері тексеруден өткізііліп,266 жұмыс орны бар 7 ұйымда    33 өндірістік нысандар  аттестациядан өткізілді.

 

Кәсіби тәуекелдер мен еңбек жағдайын бағалау дәлдігін арттыру мақсатында жұмыс берушілердің еңбек заңнамасының талаптарына сәйкес, әкімшілік кедергілерді төмендету және шығындарын азайту  мақсатында заңнамалық бекітілген механизмі,  декларациялау болып табылады

 

 Осыған орай, мемлекеттік еңбек инспекторлар облыстағы бірқатар еңбек ұжымдарында тиісті тексерулер жүргізіп, ҚР еңбек заңнамасының талаптарына сәйкес деп танылған жұмыс берушілер "Кнауф Гипс Тараз" ЖШС, "Интергаз Орталық Азия" АҚ филиалы, "Т. И. Батуров атындағы Жамбыл ГРЭС-і" АҚ  үш жыл мерзімге сенім сертификаты берілді.

 

Дегенмен, а. ж.  бес айында облыс еңбек ұжымдарында  23 жазатайым оқиға орын алып 24 адам жапа шекті. Жапа шеккендердің 5 қаза тауып, 9 ауыр жарақат алса, 10 жеңіл жарақат алған.             

                                                                               

 

Өндірістегі жазатайым оқиғалардың орын алуының негізгі себептері, жұмыс берушілердің еңбек қауіпсіздігі жене еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің нормаларын сақтамауы салдарынан орын алуда.

 

Жалпы, басқарма тарапынан құрылған комиссиялармен   14  жазатайым оқиғалар тергеп-тексеріліп,   жазатайым оқиғалар бойынша жинақталған материалдар ішкі істер органдарына  қарауға жолданды.

                                                                                      

 

Есепті мерзімде, айқындалған кемшіліктерді жою үшін мемлекеттік инспекторлармен еңбек ұжымдарына орындалуы міндетті  38 ұйғарымдар беріліп, еңбек заңнамасының талаптарын орындамаған лауазым иелерімен заңды тұлғаларға жалпы сомасы 3,0  млн. теңгені құрайтын  әкімшілік айыппұлдар салынып, есепті мерзімге  оның 1,2 млн. теңгесі өндірілді. Сонымен қатар, жұмыс берушілерге 13 ескерту түрінде әкімшілік шаралары қолданылды .           

 

 

Өндірісте жапа шеккендердің ауқымды бөлігі тау-кен өнеркәсібі салалары мен бюджеттік ұйымдарға тиесілі болып отыр.        

 

Осыған орай, облыстық еңбек испекциясы КАЗФОСФАТ ЖШС тау-кен өндірісі саласында еңбекті қорғау және еңбек қатнастарын зерделеп, қортындысы бойынша басқарманың АШЫҚ ЕСІК күндерін өткізіп,онда азаматтарды жеке өтніштерімен қабылдау ұйымдастырылып, тау-кен өндірісіндегі  жұмысшылармен кезесу өткізіліп еңбек қатнастары саласындағы сұрақтарына жауаптар берілді.

 

Бұндай форматта Ақбақай тау-кен өндірісі кешенінде, Мынаралал, хантау цемен зуыттарында жұмысшылармен, Отар аулында әскери қызметкерлермен кездесулер өткізіліп ЕТК негізінде еңбек қатнастары саласында заңдылықтардың спақталуына түсніктемелер беріліп, азаматтардың сұрақтарына жауаптар берілді.

 

Жыл басынан бері облыстық үшжақты комиссияның отырыстарына  облыстық еңбек инспекциясымен  еңбек қатнастары саласы бойынша бірқатар мәселелер ұсынылып талқыланып еңбек ұжымдарына заң талаптарына сәйкес ұсыныстар берілді...

 

Солардың негізгілерінің бірі, Жамбыл облысы кәсіподақтар орталығы аумақтық кәсіподақтар бірлестігіне ағымдағы жылы қабылданған ұжымдық шартардың облыста жұмыс істеп тұрған мекемелердің санына шаққанда  аздығына байланысты, ҚР «Кәсіптік одақтар туралы» Заңының 16 , 19 бабтарына сәйкес, өңірде ұжымдық шарттардың қабылдануы бойынша жұмыстарды жандандыру туралы ұсыныс хат жолданданып, бұл мәселе, облыс әкімдігі жанындағы үш жақты коммиссияда облыс әкімінің орынбасары Т.А. Жанкенің төрағалығымен қаралып, аудан қала әкімдіктері жанындағы аталымыш комиссияларға тапсырылды.

 

Еңбек ұжымдарында еңбек қатнастары және еңбек қауіпсіздігін заң талаптарына сәйкестендіру мақсатында облыстық еңбек инспекция басқармасымен ақпараттық-түсіндіру жұмыстар жүргізіуде.

 

Есепті мерзімде еңбек қатынастары саласы бойынша 15 дөңгелек столдар мен семинарлар, 6 еңбек ұжымдарында 194 қызметкерлерге оқулар өткізілді, ақпарат баспасөз беттерінде 14 мақалалар жарияланып, облыстың бірқатар еңбек ұжымдарында кездесулермен басқарманың ашық есік күндері өткізіліп, облыс тұрғындарының еңбек заңнамасына қатысты сұрақтарына жауаптар берілуде.

 

Басқарманың сайтында арнайы  «сұрақ-жауаптар» рубрикасы ашылып,  тұрғындардан түскен және олады толғандырып жүрген еңбек қатнастарына қатысты сұрақтарға уақтылы жауаптар берілуде. 

                                                                                   

 

Басқарманың ұйымдастыруымен ү.ж. 24 сәуір күні Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне арналған Қалалық мәдениет үйінде Халықаралық Еңбек Ұйымы ұсынған  «Еңбекті қорғау және қауіпсіздік» тақырыбында конференция өткізіліп, облыстық «Жылдың үздік қауіпсіз кәсіпорны» және  «Үздік еңбек қорғау инженері» байқау - конкурстарының қорытындысы жарияланып, жеңімпаздар дипломдармен марапатталып, оларға бағалы силықтар тапсырылды.          

 

Атқарылған жұмыстардың нәтижиесінде, министірліктің республика көлемінде  аймақтарда еңбек қатнастарының жағдайын бағалау бойынша жасаған қартасы бойынша, Жамбыл облысында еңбек қатнастары қалыпты жағдайда екендігін көреміз   

 

 

Календарь событий
ПнВтСрЧтПтСбВс
123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Страницы сайта

Государственные символы Республики Казахстан

Послание Президента РК Н.Назарбаева народу Казахстана

Кодекс чести государственных служащих




Интерактивный опрос

Подробно...>>>

При использовании материалов с сайта обратная ссылка обязательна! © - Управление инспекции труда
Разработано: Агентство "5-й Элемент"