Kaz     Rus    На главную    Обратная связь    Карта сайта   
 

УПРАВЛЕНИЕ ИНСПЕКЦИИ ТРУДА
АКИМАТА ЖАМБЫЛСКОЙ ОБЛАСТИ

 
Содержание

Баннеры

 

 

 

 

 

 

 


Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы басшысының 2015 жылдың қорытындысы бойы

  

Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек

инспекциясы басқармасы       басшысының 2015 жылдың қорытындысы бойынша есебі.

 

Құрметті әріптестер!

 

Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасымен 2015 жылы өңірдегі ұйымдарда еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету арқылы азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау мақсатында жоспарлы және жүйелі шаралар атқарылды.

Атап айтқанда, облыстағы ұйымдарда қолданыстағы еңбек қатнастары саласындағы заңнама талаптарының сақталуы мен еңбек дауларының алдын алу мақсатында, ұжымдардың жұмыскерлеріне Еңбек кодексінің және өзге салалық нормативтік құқықтық актілердің нормалары бойынша түсіндірмелер мен оқытып-үйрету жұмыстарын жүргізу барысында,  теміржол  саласындағы еңбек  ұжымдарда ашық есік күндерін өткізіп,  мыңнан аса теміржолшылармен кездесу өткізіліп, оларды өтініштері бойынша қабылдап, еңбек заңдылықтарын түсіндіріп, сұрақтарына жауаптар  беріліп,  әлеуметтік сұраныс  жасалынды.        Слайды 1-4.

Нәтижесінде, салада жұмысшыларға берілетін арнайы жұмыс киімдерінің сапасының төмендігі және  «Қамқор Локомотив» ЖШС-нің «Шу локомотив  жөндеу зауыты»-филиалында   қызмет атқаратын 853жұмысшының 410 –ы 2016 жылдың 1 қаңтарынан  жұмыс көлемінің азаюына байланысты  қысқартылуы мүмкін екендігі анықталып, жұмысшыларды қысқарту және оларға арнайы жұмыс киімімен қамтамасыз ету кезінде еңбек заңдылықтарын сақтау туралы ұсыныс берілді.

 

«Қамқор Локомотив» ЖШС-нің «Шу локомотив  жөндеу зауыты» - филиалы, Шу қаласының әкімдігі, филиал қызметкерлері кәсіподағы арасында жасалынған өндірістік процесстерді тұрақтандыру, қызметкерлердің еңбек құқықтарын сақтау және жұмысқа орналастыру жөніндегі Меморандумға сәйкес, 518 жұмыскерлерге бос тұрып қалу жағдайына байланысты орташа айлық жалақысының 50 пайызы төленіп, осы проблеманы  шешу үшін   «Қамқор Локомотив» ЖШС-нің бас директорының бірінші орынбасарының басшылығымен жұмыс тобы құрылған, қазіргі таңда осы жұмыскерлер қысқартылмай жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп оларды жұмысқа орналастыру шаралары қарастырылуда.

Жалпы, есепті мерзімде еңбек қатнастары саласы бойынша 23 дөңгелек столдар мен семинарлар, 61 еңбек ұжымдарында 1512 қызметкерлерге оқулар өткізілді, ақпарат баспасөз беттерінде 10 мақала жарияланды, облыстық теледидарда 1 тікелей эфир,  облыстық радио арқылы тікелей эфирден 4 хабар ұйымдастырылып, облыс тұрғындарының еңбек заңнамасына қатысты сұрақтарына жауап берілді, облыстық телевидениядан  еңбек заңнамасының негіздері бойынша халыққа түсіндірме бейнероликтері көрсетіліп отырылды.              Слайд 5.

Басқарма аймақта еңбек қауіпсіздігі. еңбекті қорғау  және  жұмыспен қамту саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін, 100 еңбек ұжымдарда 18 көрсеткіш боынша мониторинг жүргізу үшін,  өткен жылдың қыркүйек айында Сарысу және Талас аудандарының кәсіпорындар басшыларымен  Қаратау қаласында, Жамбыл, Жуалы және Байзақ  аудандарының кәсіпорын басшыларымен Аса ауылында, Шу және Мойынқұм аудандары кәсіпорын басшыларымен Шу қаласында,  Қордай, Мерке және Т.Рысқұлов  аудандары кәсіпорын басшыларымен  Меркі ауылында. ал Тараз қаласында орналасқан кәсіпорын басшыларымен, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Т.А. Жанкенің қатысуымен кездесулер өткізіліп, жүргізілетін мониторингтің жобасы талқыланып қабылданды.              

Нәтижиесінде, бүгінде облыс бойынша 100 ірі және орта кәсіпорындарда ай сайын 18 қөрсеткіш бойынша мониторинг жүргізілуде.            Слайд 8-12.     

 

Оның ішінде 30 кәсіпорын МБ ФИИР бойынша инвестжобаларды іс жүзіне асырушылар болып табылады.                              

Өздеріңізге белгілі, елімізде Экономиканың қарқынды дамуына байланысты қолданыстағы Еңбек кодексін Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленген принциптермен қатар, Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) ұсынымдары мен конвенцияларына, халықаралық еңбек стандарттарының талаптарына сәйкестендіру қажет болды.

Қабылданып, қолданысқа енгізілген Кодексте, жұмыс беруші мен қызметкерлер арасындағы еңбек қатынасы саласына мемлекеттің араласу шеңберлері нақтыланып,тараптардың тең болуын қамтамасыз етуді есепке ала отырып, еңбек қатынастары субъектілерінің рөлі мен жауапкершілігі айқындалған.

Мемлекет өз тарапынан қызметкерлерге базалық кепілдіктер мен өтем ақыларды төменгі еңбек стандарттарын, негізгі құқықтары мен міндеттерін белгілеп, олардың жұмыс берушілер тарапынан орындалуына қатаң бақылау жүргізе отырып, олардың орындалуына кепілдік береді.

Жұмыс беруші мен қызметкерлердің ара қатынастары ұжымдық келіссөздер және олардың арасындағы келісімдер мен шарттар арқылы жасалатын болады.

Яғни, еңбек ұжымдарыда еңбек қатнастары саласында өзін- өзі басқару жүйесі қалыптасатын болады.

Осыған орай,  желтоқсан айының 2-8 жұлдызы аралығында Сарысу, Жамбыл, Меркі, Жуалы, Қордай, Талас, Шу, Мойынқұм, Байзақ аудандарында еңбек ұжымдарымен 2016 жылы қолданысқа енгізілетін Еңбек Кодексінің нормаларына түсіндіру жұмыстары жүргізілді.      Слайд 13-16.

Сол сияқты, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауының іске асырылуын насихаттау, және облыстың иммиджін көтеру мақсатында басқарманың атқарып жатқан жұмыстары туралы өткен желтоқсан айында облыстағы БАҚ өкілдерімен кездесу өткізілді.              Слайд 17.

Басқарманың сайтында арнайы  «сұрақ-жауаптар» рубрикасы ашылып,  тұрғындардан түскен және олады толғандырып жүрген еңбек қатнастарына қатысты сұрақтарға уақтылы жауаптар берілуде.  Слайд7 .

Басқарманың ұйымдастыруымен ө.ж. 24 сәуір күні Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне арналған Қалалық мәдениет үйінде Халықаралық Еңбек Ұйымы ұсынған «Еңбекті қорғау профилактикасы мәдениетін бәріміз бірге арттырайық» тақырыбында конференция өткізіліп, облыстық «Жылдың үздік қауіпсіз кәсіпорны» және  «Үздік еңбек қорғау инженері» байқау - конкурстарының қорытындысы жарияланып, жеңімпаздар дипломдармен марапатталып, оларға бағалы силықтар тапсырылды.     

  Еліміздегі «Еңбек күні»кәсіби мерекесіне орай, басқарма «Жаңа экономикалық жағдайдағы еңбек қатынастары туралы» тақырыпта «Дөңгелек үстел» отырысын өткізіп, аталмыш саладағы проблемаларды талқылап, ұйымдарда еңбек өнімділігін арттыруға, өнім сапасын жақсартуға салмақты үлес қосқан кәсіп иелеріне құрмет көрсетіліп, еңбектері аталып өтті.Слайд 18,19.

Атқарылған жұмыстардың нәтижиесінде, министірліктің республика көлемінде  аймақтарда еңбек қатнастарының жағдайын бағалау бойынша жасаған қартасы бойынша, Жамбыл облысында еңбек қатнастары қалыпты жағдайдығын көреміз.        Слайд 20, 21..

 Еңбек  ұжымдарында еңбек қатынастары саласын инспекциялау барысында

 өткен жылдың басына 6281 әрекет етіп тұрған заңды тұлғаларда 2812 ұжымдық шарттар қолданыста болып, 44,8 пайызды құраса,  есепті кезеңде  облыс ұйымдарында жасалынған 1451 ғана ұжымдық шарттарға мониторинг жасалынып, Оның ішінде 455 жаңадан, 996 қайта қабылданған.  жыл аяғына   жұмыс істеп тұрған ұйымдарда барлығы 2414 ұжымдық шарттар қолданыста болып, бұл көрсеткіш  38,4 пайызды құрады.

Сол сияқты облыста өндірістік процесті, еңбек құқығын қамтамасыз ету және қызметкерді жұмысқа орналастыруды тұрақтандыру мақсатында әкімдік, жұмыс беруші және кәсіподақтар арасында 24207 жұмысшыны қамтитын 1721 еңбек ұжымдарында меморандумдарға қол қойылды десек те, олардың орындалуына  жүргізілген тексерулер, салада бірқатар кемшіліктерге жол берілгендігі анықтады.  

  Оның ішінде 18 ірі кәсіпорында,  жұмысшылар саны 9858, 1703 орта және кіші кәсіпорында  жұмысшылар саны 14349 құрайды. (ірі кәсіпорындар 85,7%, орта және кіші кәсіпорындар 41,4% қамтыған) Слайд 22.. .

 

 Жамбыл облысы кәсіподақтар орталығы аумақтық кәсіподақтар бірлестігіне ағымдағы жылы қабылданған ұжымдық шартардың көлемі азайуына байланысты, ҚР «Кәсіптік одақтар туралы» Заңының 16 бабы 1 тармағының 8 тармақшасына, 19 бабы 1 тармағының 2 тармақшасына сәйкес облыс бойынша ұжымдық шарттардың қабылдануы бойынша жұмыстарды жандандыру жайлы ұсыныс хат жолданды.

Ал, мемерандумдардың орындалуы облыс әкімдігі жанындағы үш жақты комиссияда қаралды.

Екіншіден, жүргізілген 300 астам тексерулердің 195 азаматтардың арыз-шағымдарына қатысты болуы, еңбек ұжымдарында мекеме басшыларының еңбек заңнамасының талаптарын жетік білмейтіні немесе біле тұра заң бұзушылыққа жол беретіні, сала бойынша басшы кадрларды іріктеуде жіберілген олқылықтардың орын алуы  негіз болуда. 302 тексерулердің,  87 жоспарлы 215 жоспардан тыс. Ал, 195 арыз-шағымдардың  181 еңбек қатынастары, 13  еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, 1 халықты жұмыспен қамту заңнамаларына байланысты арыз-шағым  қаралды .  Слайд  23, 24.

 

Бұндай фактілер облыстағы жекелеген кәсіп орындарында, спорт, білім беру, салаларында орын алуда

Мысалы, еңбек қатынастары бойынша, еңбек шартын жасамай жұмысқа қабылдау жеке кәсіпкер (ИП) Усмановада орын алса, заңсыз үстеме жұмыс уақыттарға тарту «Мойынқұм ауданындағы №19 спорт мектебінде» және «Жуалы ауданындағы №12 спорт мектебінде» орын алған.

Қордай ауданындағы ормандарды қорғау және жануарлар әлемі мекемесінде 3 жұмысшыға айлықты толық көлемде төлемеген, сонымен қатар осы мекемеде 2 топтағы мүгедекті жұмысқа қабылдаған кезде 3 ай сынақ мерзімі белгіленген. Негізі мүгедектерге сынақ мерзімі белгіленбейді.

Тараз қаласында «Минифутбол клубы «СКА-ЮГ»» еңбек шарты тоқтатылған кезде пайдаланылмаған жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы үшін өтемақы төлемеген, зиянды жұмыс орындарда қызмет атқаратын қызметкерлерді кезекті еңбек демалысынан келісімінсіз Қорғаныс Күштері Департаментінде, облыстық «Жасөспірімдер үйінде» заңсыз шақырған.

Тексерулер нәтижесінде, айқындалған кемшіліктерді жою үшін мемлекеттік инспекторлармен орындалуы міндетті  берілген 263 ұйғарымдарындағы 646 тармақтың, бүгінгі күнге 632 тармақтары орындалды, немесе  орындалуы 97,8 пайызы құрады.

 

Орын алған заң бұзушылықтарды саралайтын болсақ, 401 еңбек қатынастары, 235  еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, 10 халықты жұмыспен қамту  мәселесі бойынша.

Еңбек қатынастары  бойынша анықталған 401 заң бұзушылықтардың 52 жасалған еңбек шарттарының мазмұнының  заң талаптарына сай келмеуі,  33 айлық жалақыны уақытылы төлемеу, 6 тәртіптік жазалардың дұрыс қолданылмауы, 5 еңбек шартын жасамау, 10 кезекті еңбек демалысын  бермеу, 6 жұмыс уақыты бойынша және басқа да заң бұзушылықтар.              

 

Үшіншіден, еңбек ұжымдарында туындайтын даулардың негізгі себептерінің бірі, жалақының уақтылы төленбеуі  болып табылатындығы белгілі.

Осыған орай,  басқарма прокуратура, сот актілерін орындау органдарымен тығыз байланыс орната отырып, апта сайын, дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жүргізу, ай сайын жалақының уақтылы төленуіне мониторинг пен бақылау жүргізу және салыстыру актілерін жасаудың нәтижиесінде, жыл басынан бері 21 кәсіпорнында 5014  қызметкерге 598,2 млн. теңгенің жалақы қарызы бары анықталды.

Өкінішке орай, меморандумдарға қол қойған кәсіпорындардада  «Тараз металлургиялық зауыты» ЖШС, «Таразкожобувь» ЖШС, «Запчасть» АҚ, «Амангелді газ өндеу зауыты» ЖШС-нің Тараз филиалы, «Жамбылгипс» АҚ, «Құрылыс материалдары зауыты» ЖШС, «Тараз Су» МКК,  «ТаразТрансЭнерго» МКК, «Talas Investment company» ЖШС жалақы қарыздары орын алды.

Осы кәсіпорындардың басшылығына еңбек инспекторларымен жалақы қарызына қатысты орындалуы міндетті  6 ұйғарым беріліп, 554 мың. теңгені құрайтын сомада айыппұл салынып, облыс әкімінің аппараттық кеңесінде және әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі өңірлік үшжақты комиссияның отырыстарында қаралып, кәсіпорын басшыларына еңбек туралы заң талаптарын орындау ұсынылды.

Қабылданған шаралар нәтижесінде 4086 қызметкерлердің құқығы қорғалып, оларға 533,7 млн. теңге жалақы қарыздары өтелінді

Қазіргі таңда, жалпы жалақы қарызы 928 қызметкерлерге 70 млн. жуық теңгені құрап отыр.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында облыс еңбек ұжымдарында  235 заң бұзушылықтар анықталды. Оның ішінде: 50 қызметкерлерді оқыту және нұсқама өткізу бойынша, 26 еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік құқықтық актілерімен қамтамасыз ету және әзірлеу, 28 жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен қамтамасыз ету және т.б.

Мысалы, тексеру нәтижелері бойынша «Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» КММ-ің және «Жуалы ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі №12 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ-ің қызметкерлері арнаулы киіммен, аяқ киіммен және басқа да жеке қорғану құралдарымен толық қамтамасыз етілмегені анықталды.  Талас ауданының  А.С.Пушкин, Ш.Уәлиханов, Ш.Смаханұлы атындағы орта мектептерінде  жұмысшыларға, слесарь-сантехникке, ағаш ұстасына, аспазшыға, кір жуушыға, кастельяншаға, аула сыпырушыға, лаборанттарға арнаулы киім берілмей заң талаптары өрескел бұзылуда

Әсіресе, еңбек  қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына сәйкес, нұскауларын жасау, еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау бойынша нұсқама беруге бекітілген қағидалар білім саласының ұйымдарында сақталмауда, осыған байланысты аудандық білім беру бөлімдерінде осы жұмыстарды үйлестіру үшін   штаттық мамандардың біреуіне жауапкершілікті жүктеуді қажет деп санаймыз.

Ал, «Бұрыл-Байтал ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесі» КММ және «Көктерек ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесі» КММ-де мерзімдік міндетті медициналық байқауларды  қызметкерлердің өз қаржыларымен өткізілген болса,«Казгидромет» ШЖҚ РМК-ның Жамбыл облысы бойынша филиалында өндірістік кәсіпорны жеке тұрған өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестатциядан өткізбеген..

Тексерулер барысында ұжым басшыларына Мемлекеттік инспекторлармен орындалуы міндетті ұйғарымдар беріліп, жіберілген кемшіліктер заң талаптарына сәйкестендірілді.

Өндірістік  жарақаттардың алдын алу жұмыстарының бірі,жұмыс беруші,Еңбек  Кодексінің 182, 183 баптарына сәйкес, 3 жыл сайын жауапты қызметкерлердің біліктіліктерін арттырып, еңбек қорғау мәселелері бойынша білімдерін тексеріп отыруға және әрбір 5 жыл сайын өндірістік нысандардың мерзімі келгенде атестатциядан өтуғе міндетті.

  Осыған орай, өткен жылы 673 еңбек ұжымдарының басшылар мен  жауапты қызметкерлерінің білімдері тексеруден өткізіліп, 38 ұйымда 212 өндірістік нысандар аттестациядан өткізілді. Жалпы, басқарма тарапынан құрылған комиссиялармен 57 жазатайым оқиғалар тергеп-тексерілді.

Өткен жылы, 2014 жылмен салыстырғанда жапа шеккендер саны 21 адамға, қаза тапқандар саны 11 адамға кемігенімен,облыс еібек ұжымдарында 44  жазатайым оқиға орын алып, 53  адам жапа шекті. Жапа шеккендердің 11-і қаза тауып, 22-і ауыр жарақат алса, 20-ы жеңіл жарақат алған. Өндірістегі жазатайым оқиғалардың орын алуының негізгі себептері, жұмыс берушілердің еңбек қауіпсіздігі жене еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің нормаларын сақтамауы салдарынан орын алуда.  Слайд 24-26 .

Өндірісте жапа шеккендердің ауқымды бөлігі құрылыс, тау-кен химия өнеркәсібі салалары мен бюджеттік ұйымдарға тиесілі болып отыр.         

Мысалы, Шу ауданында орналасқан Шатыркөл руднигінде екі жұмысшы наряд бойынша жер астында жұмыстар жүргізіп жатқанда жоғарыдан тау массасы бөлініп бір жұмысшының үстіне құлады. Жұмыс беруші жұмыс жүргізуді дұрыс ұйымдастырмаған және қауіпсіз еңбек жағдайлары жасалынбағаны жазатайым оқиғаға себеп болды.

Сол сияқты,жеке кәсіпкер Муталиевтің жұмысшысы перфоратормен «Казфосфат» ЖШС-ің Аммофос цехында демонтаж жұмыстарын жұмыстарын жүргізіп жатқанда, жоғарыдан 2 этаждан құлап бетонның сынықтарынын астында қалып қайтыс болды. Жапа шегушінің өзі де ережелерді бұзып, кемшіліктер жіберген, сонымен қатар жұмыс берушінің жұмысты қанағатттанғысыз ұйымдастыруы да себеп болған.

«Тараз металлургиялық зауыты» ЖШС-ің ГПП №3 «Электроснабжения и ремонта электрооборудования» цехында тазалау жұмыстарын жүргізіп жатқанда электр жарақат алып, денесін күйік шалды. Жазатайым оқиғаға жұмыс берушінің  жұмыс жүргізуді дұрыс ұйымдастырмағаны себеп болды.

Ал. АрсикоСтройИнвест» ЖШС-ің асфальтобетон зауытында  жұмыс барысында, 2 жұмысшы цистернадағы мазутқа түсіп уаланып қайтыс болды. Жазатайым оқиғаға жұмыс берушінің  жұмыс жүргізуді дұрыс ұйымдастырмағаны, яғни жұмыскерлерді уақытылы  еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша оқытып, білімін тексермеуі, сонымен қатар жұмыс орынында жанар-жағар май сақтайтын резервуарлардың қауіпсіздік ережелеріне сай келмеуі  себеп болды.

ҚР Еңбек туралы Кодекстің 187 бабының 2 тамағы, 186 бабтың 5 бабына сәйкес, жазатайым оқиғалар туралы жұмыс берушілер тез арада бір тәулік ішінде, ал денсаулық сақтау ұйымдары екі күннің ішінде  облыстағы еңбек қатнастары жөніндегі уәкілетті органга хабар беруіге міндетті болсада, жазатайым оқиғаларды жасыру фактілері әлі де орын алуда.

Мысалы: 2014 жылдың 28 қарашасында Қордай ауданындағы «Ырыс-Бахыт» ЖШС прессовщигі Е.Данетбаевпен орын алған жазатайым оқиға жұмыс беруші тарапынан тергеп-тексерілмеген. Сондай-ақ еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органдарға хабарлама бермеген. 2015 жылдың тамыз айында Е.Данетбаевтың атынан еңбек инспекциясы басқармасына арызы келіп түседі. Арызды қарастыру барысында жұмыс беруші тарапынан 10 айдан асып кеткен жазатайым оқиғаны жасырғаны және тергеп-тексерілмегені анықталады. Мемлекеттік еңбек инспекциясы тарапынан жазатайым оқиғаны жасырғаны үшін жұмыс беруші 198 200 теңге көлемінде айыппұл салынады және жазатайым оқиғаны тергеп-тексеруге ұйғарым беріледі. Жұмыс беруші тарапынан орын алған жазатайым оқиға тергеп-тексеріліп Е.Данетбаевқа жазатайым оқиға туралы акт толтырылып қолына берілді.

 

Жалпы, еңбек қатнастары саласында жіберілген кемшіліктер үшін, лауазымды және заңды тұлғаларға жалпы сомасы  6,3 млн. теңгеден астам 78 әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы қаулылар шығарылып, салынған айыппұл мөлшерінің жылдың аяғына 5,2 млн. теңгесі өндірілді.

Салынған айыппұлдардың – 5,054 млн.теңгесі еңбек қатынастарына, 991 мың.теңгесі еңбек қауіпсіздігіне, 297 мың,теңгесі жұмыспен қамту заңына қатысты салынған.  2015 жылы 7 әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істердің материалдары салынған 832440 теңге айыппұлды мәжбүрлеп өндіру үшін сот орындаушыларына жіберілді.                            ӘҚБ Кодексінің 896 бабы.

Сондай-ақ, есепті мерзімде еңбек заңмасының талаптарын өрескел бұзғаны үшін лауазымды және заңды тұлғаларға 81  әкімшілік шарасы қолданылды.

Барлық арнайы тергеп-тексерілген жазатайым оқиғалар бойынша жинақталған материалдар ішкі істер органдарына негізінен қарауға жолданды.

 

Құрметті әріптестер, өздеріңізге белгілі, Елімізде «Қазақстан-2050» стратегиялық бағдарламаға сәйкес, халыққа және мемлекетке қызмет етуді барлығынан жоғары қоятын кәсіпқой мемлекеттік аппарат  қалыптастыру міндеті тұр.       Слайд 27.

Осыған орай, облыс әкімдігінің еңбек инспекциясы басқарамасының қызметкерлерінің кәсіби денгейін көтеру мақсатында 5 қызметкер Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру орталығында оқытылып, қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру мақсатында,  тұрақты жұмыстар  атқарыла отырылып, аппаратта қызметкерлеріне құқықтық оқыту іс-жоспары негізінде апта сайын қолданыстағы заңнамаларды практика жүзінде пайдалануға оқытулар ұйымдастырылып отырылды.

 Басқарманың бастамасымен, басқарма қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық тәуікелдеріне жақындығын ескере отырып, инспекция қызметкерлерінің арасында қосымша профилактикалық іс-шаралар өткізу туралы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінінің Жамбыл облысы  бойынша департаментіне ұсыныс беріліп  бірқатар жұмыстар атқарылды.

 

Мысалы, аталымыш мемлекеттік органның сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің консультанты С.А.Әлібековтың қатысуымен 2015 жылдың 12 маусым күні дөңгелек үстел өткізіліп, онда «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы соңғы өзгерістер» тақырыбында баяндама жасалынып, басқарма қызметкерінің бір қатар сұрақтарына жауаптар  берілді.

Есепті кезеңде, Прокуратура органдары тарапынан енгізілген ұсыныстар негізінде басқарма қызметкерлері қызмет бабында өрескел заң бұзушылыққа жол бере отырып, жазатайым оқиғаларды жан-жақты тергеп тексермей, тараптардың іс-әрекеттеріне дұрыс баға бермеуі Б.Қоңырбаевпен Б.Әбдімен, жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер барысында орын алған заң бұзушылықтарға дұрыс баға бермей, тиісті әкімлішік шараларын қолданданбауы және дұрыс қолданбауы, енгізілген ұйғарымдардың орындалуын қадағаламау фактілері Б.Қараулов, А.Жұрмұхамедова, А.Шынтасов, С.Кабилов, Н.Халматова, С.Бердіқұлов және А.Шынтасовтың тарапатарынан жол берілгендігі орын алғандығын ескере отырып,аппарат қызметкерлеріне құжат айналым, азаматтарды өтініштері бойынша қабылдау,олардан түскен өтініш-арыздарды, ұжымдарда орын алған жазатайым оқиғаларды заң талаптарына сәйкес қаралуын қамтамасыз етуге қатаң талаптар қойылып, өздеріне  жүктелген міндеттерін тиісінше орындамаған қызметкерлерге тиісті тәртіптік жазалар беріліп, 10 мемлекеттік қызметкер өз еркімен жұмыстан босатылды.

Бос орындарға «Мемлекеттік қызмет туралы» Заң талаптарына сәйкес  8 қызметкер жұмысқа қабылданып,қызметкерлердің  жауапкершілігімен кәсіби деңгейін арттыруға байланысты жұмыстар басқарма басшылығының  күнделікті назарында.

 

 Жалпы басқармада есепті мерзімде 784 жеке және заңды тұлғалардың жолданымдары қаралды.         жеке тұлғалардан 502, заңды тұлғалардан 282).

 Арыз шағымдарды қарау барысындағы негізгі проблемалардың бірі,  статистика және әділет органдарындағы мәліметтер бойынша көрсетілген мекен жайда заңды тұлғалардың орналаспауы, субъектілердің нақты мекен жайын анықтау  ауқымды уақыт алып, арыз-шағымдардың қарау мерзімін созуға әкеп соқтырады. Мысалы, жоғарыда көрсетілген кориспонденциялардың  73, немесе 9,3% бір айдан аса мерзімінде қаралды

Әкімшілік аумақтық бөліністер бойынша негізгі шағымдар Тараз қаласы мен Жамбыл, Мойынқұм, Шу және Т.Рысқұлов ауданына тиесілі болды.

 

2014 жылдың қорытындысы бойынша өткізілген Басқарманың есепті жиналысында берілген тапсырмалар мен айтылған ұсыныстарға  сәйкес 10 тармақтан тұратын іс-шаралар жоспары бекітіліп, жұмыс берушілердің нақты 3 ұсыныстарына жауап берілді, аудан және қала әкімдіктеріне берілген тапсырмалар бақылауда болып, бірлескен жұмыстар атқарылды.

Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы баскармасы  коммуналдық мемелекеттік мекемесінің  2015 жылға арналған жылдық бюджеті 49097,0 мың теңге құрап, бөлінген каражат 100 пайызға  игерілді.       Слайд 28.

 

Оның 330,0 мың теңгесі  республикалық бюджеттен, ал 47395,0 тенгесі облыстық бюджеттен бөлінді.       Оның ішінде,                еңбек ақыға – 25481,2 мың теңге, әлеуметтік салық, әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарға – 2379,8 мың теңге, техникалық персоналдың еңбегіне ақы төлеу және жарналарына – 5421,8 мың теңге, байланыс қызметтеріне ақы төлеу – 2731,0 мың теңге, ел ішіндегі іссапарларға – 4071,6 мың теңге, күрделі ағымдағы шығындарға – 1702,0 мың.теңге және тағы басқа шығындар – 6979,6  мың теңге құрады.

          Құрметті әріптестер!

Облыста еңбек қатнастары саласында атқарылған жұмыстардың нәтижиесінде  бірқатар ілгерілеушілік бар.

Биылғы жылы басқарманың басты міндеті, орын алған кемшіліктерді ескере отырып, жыл басынан қолданысқа енген Еңбек туралы кодекстің негізінде, еңбек даулары туындауы мүмкін кәсіпорындарда  тұрақты мониторинг жүргізе отырып, еңбек дауларын шешуге, өндірісте жазатайым оқиғалардың алдын алуға бағытталған профилактикалық жұмыстарды жүргізуге асыруға және облыстық, аудандық әлеуметтік әріптестік бойынша үшжақты комиссияның отырысында жұмыс берушілердің, кәсіпкерлер палатасының және облыстың ірі кәсіпорындарының кәсіподақ қызметкерлерімен қоғамдық ұйымдардың қатысуымен еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі  мәселелерін уақтылы қарап, дер кезінде  шешілуіне бағытталатын болады.

Назарларыңызға рахмет.

Календарь событий
ПнВтСрЧтПтСбВс
123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Страницы сайта

Государственные символы Республики Казахстан

Послание Президента РК Н.Назарбаева народу Казахстана

Кодекс чести государственных служащих




Интерактивный опрос

Подробно...>>>

При использовании материалов с сайта обратная ссылка обязательна! © - Управление инспекции труда
Разработано: Агентство "5-й Элемент"