Kaz     Rus    На главную    Обратная связь    Карта сайта   
 

УПРАВЛЕНИЕ ИНСПЕКЦИИ ТРУДА
АКИМАТА ЖАМБЫЛСКОЙ ОБЛАСТИ

 
Содержание

Баннеры

 

 

 

 

 

 

 


«Қазақстандық жол-2050

  Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасының бөлім басшысы М.Туғанбаев

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстандық жол-2050: бір мақсат, бір мүдде,бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында бұдан бір жыл бұрын жария еткен еліміздің 2050 жылға дейінгі даму  Стратегиясын жүзеге асырудың нақты жолдарын ұсынды. Стратегиялық құжатта Президентіміз мемлекеттік қызметтің барлық саласын қамти отырып, әрбір қазақстандықтың, әрбір отбасының және келешек ұрпақтың мүддесін қорғаудың нақты жолдарын ұсынды.

Елбасы биылғы Жолдауында шағын және орта бизнестің еркін дамуына барынша қолайлы жағдайлар жасауға тапсырма  бере отырып, шағын және орта бизнесті дамыту 21-ғасырда Қазақстанды индустрияландыру және әлеуметтік жаңғыртудың басты құралы болатынын атап көрсетті. Елбасы шағын және орта бизнес 2050 жылға қарай Қазақстанның ішкі жалпы өнімінің 50 пайызын өндіретін болады деді.

Шағын және орта бизнес  - біздегі Жалпыға ортақ еңбек қоғамының берік экономикалық негізі.

Мемлекет басшысының «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» мақаласында «тұты­ну­шылық қоғам» атты масылдық идео­ло­гияға сындарлы балама ретінде Жалпыға Ор­тақ Еңбек Қоғамы идеясын ұсынды. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев  болашақта  тек еңбек қана қазақстандықтардың әл-ауқатқа және жаңа өмір сапасына қол жеткізуін қамтамасыз ете алатындығына ерекше назар аударуы баршамызды еңбек саласындағы заңнамаларға тың көзбен қарап, жауапкершілігімізді арттыруға міндеттейді.

ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген 2013-2015 жылдары Қазақстан Рсепубликасының еңбек заңнамасының негіздеріне азаматтарды құқықтық жалпыға бірдей оқытуды ұйымдастыру жоспарына сәйкес,  қызметкерлердің және де бүкіл азаматтарымыздың еңбек қатынастары саласындағы құқықтық сауаттылығын көтеру, азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау, әлеуметтік-еңбек жанжалдарының алдын алу үшін Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы «Еңбек заңнамасы, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау» тақырыбына облыс ұйымдарында оқытулар өткізуде.

2013 жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары барлығы 104 ұйымдарда оқу өткізді, оған 4270 адам қатысты. Бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдарда жалпыға бірдей оқыту сұрақтары қамтылды. 

Мемлекет басшысы «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына апаратын 20 қадамның» басты қағидасы ретінде еңбек өнімділігін атап отыр. Осы еңбек өнімділігі біздің экономикалық биіктерге ұмтылыстағы басты құндылығымыз болуы шарт. Шағын ғана кәсіпорын ашылып, бес адамға жұмыс берсе де, онда өнімнің сапасы, на­рық­қа қажеттілігі, еңбек қауіпсіздігі, өнім­ділігі, табыстылығы барлығы қанаттаса, қатар дамуы керек. Жұмыс берушілер жұмыс орындарында қауіпсіз еңбек жағдайларын жасағанда, адам өмірі мен денсаулығын сақтап қана қоймай өнімді еңбекке де қол жеткізеді. Сонда ғана біз көздеген мақсатымызға, Елбасымыз көрсетіп берген межемізге жетеміз.

Адам өмірі мен денсаулығы ең басты құндылық екені ешқандай дау туғызбайтыны белгілі, сол себепті жаңадан ашылған және жаңғырту үрдістері қолданылған кәсіпорындарда қауіпсіз еңбек жағдайлары жасалуы керек.

Еңбектің қауіпсіз жағдайлары өндіріс пен сапаны тиімді басқарудың бір бөлігі болып табылады. Қажетті еңбек жағдайларын қамтамасыз ету қаржыларды ұйым қызметкерлерінің біліктілігі мен адам ресурстарын, сапа мен өнімділікке инвестициялауды білдіреді, ол жай ғана қосымша шығындар ретінде қарастырылмауы керек.

Еңбекті қорғауды басқарудың дұрыс ұйымдастырылған жүйесі қауіптілікті анықтауды, тәуекелді бағалауды, алдын алу шараларын жүргізуді, мониторинг пен талдауды қамтиды. 2014 жылдың басына облыстың 91 ұйымдарында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау стандарттары енгізілді.

Өндіріс объектілерін   еңбек жағдайына байланысты аттестациядан өткізу арқылы ғана өндірістік қауіптің дәрежесін анықтап, оны төмендету үшін іс-шаралар қарастыруға болатыны белгілі, 2013 жылы 4939 қызметкер жұмыс атқаратын 35 ұйымда 284 өндірістік нысандар еңбек жағдайларына байланысты аттестаттаудан өтті.

Биылғы Жолдауда жалпы ішкі өнімнің жан басына шаққандағы көлемін 4,5 есеге ұлғайтуын, бүгінгі 13 мың доллардан  60 мың долларға жеткізу мақсаты қойылды. Еңбек өнімділігін 5 есеге арттыру бағыты белгіленді.

2014 жылдың 1 қаңтарынан зиянды өндіріс орындарында қызмет ететін жұмысшыларға жұмыс берушінің есебінен аударылатын 5 пайыз міндетті кәсіптік жарналар енгізілді.

 «Қазақстан-2050» Стратегиясының маңызды міндеттерінің бірі- халықтың әл-ауқатын арттыру. Жолдауда жәрдемақы мен мемлекеттік, азаматтық қызметшілердің жалақысы өсетіні айтылды. Жұртшылықты толғандыратын  мәселенің бірі азаматтық қызметшілердің жалақысының аздығы болатын, Елбасы Жолдауында  оларға жалақы төлеудің жаңа моделін енгізу жөнінде Үкіметке нақты тапсырма берілді, 2015 жылдың 1 шілдесінен енгізуді қадап айтуы көпшілікті қуантып отыр.

Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға көбірек көңіл бөлу керек, олар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуға тиіс деді. Кәсіпкерлерді оларды жұмысқа орналасуына көмектесіп, 5-10 адамға арналған арнайы квота енгізу мүмкіндігін қарастыруға шақырды.

2015 жылдың 1 шілдесінен мүгедектігін және асыраушысынан айрылуына байланысты әлеуметтік жәрдемақы 25 пайызға арттырылатын болады.

Облыс бойынша  кәсіпорындарда бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 2013 жылы 74617 теңгені құрады, номиналдық есептеуде 2012 жылдың тиісті кезеңінен 5,1 пайызға артық.

Қазақстанның әлемдегі озық 30 елдің қатарына енуі қай сала адамынан да тынбай еңбектенуді, аянбай тер төгуді талап етеді. Әркім өзі жұмыс атқаратын орнында алдына игі мақсат қойса, біз елдік мұратқа тезірек қол жеткізетін боламыз.

Календарь событий
ПнВтСрЧтПтСбВс
123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Страницы сайта

Государственные символы Республики Казахстан

Послание Президента РК Н.Назарбаева народу Казахстана

Кодекс чести государственных служащих




Интерактивный опрос

Подробно...>>>

При использовании материалов с сайта обратная ссылка обязательна! © - Управление инспекции труда
Разработано: Агентство "5-й Элемент"