Kaz     Rus    Негізгі бетке    Кері байланыс    Сайт картасы   
 

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ
ЕҢБЕК ИНСПЕКЦИЯСЫ БАСҚАРМАСЫ

 
Мазмұны

Банерлер

 

 

 

 

 


Семинар-оқу

            Мемлекет басшысының «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласында қарапайым жұмысшылардың еңбек заңналарының негіздерін білмейтіні, олардың құқықтық сауатын ашу үшін оқытулар ұйымдастыруды тапсырған болатын.

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Ауыл шаруашылығы министрліктері, Кәсіподақтар федерациясы және Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен 2014 жылдың 31 наурызында ауыл шаруашылығы саласында еңбек және зейнетақы заңнамаларын сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі кешенді жоспар бекітіліп, жоспардың 5.1 тармағында ауыл шаруашылығы саласының қызметкерлерін мақсатты оқыту, сондай-ақ жоспарлы және жоспардан тыс тексерулерді жүзеге асыру барысында қызметкерлер мен жұмыс берушілер арасында еңбек және зейнетақы заңнамаларының нормаларын түсіндіру көзделген.

2014 жылғы 8 қыркүйекте Сарысу ауданы әкімшілігінің конференц-залында еңбек инспекциясы басқармасы басшысының міндетін атқарушы М.М.Туғанбаев аудан  ауыл шаруашылығы саласының қызметкерлеріне еңбек заңнамасының негізгі қағидаларын, жұмыс берушілер мен қызметкерлер арасында туындайтын жиі кездесетін еңбек қатынастарының өзекті мәселелерін түсіндіру мақсатында семинар-оқу өткізді. Семинарда еңбек заңнамасының қолданылуына байланысты туындаған сұрақтарға  жауаптар берілді.

Оқиғалар күнтізбесі

ДсСсСрБсЖмСнЖк
123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930

Сайттың беттері

Мемлекеттік рәміздер

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі




Интерактивті сауалдама

Толығырақ...>>>