Kaz     Rus    Негізгі бетке    Кері байланыс    Сайт картасы   
 

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ
ЕҢБЕК ИНСПЕКЦИЯСЫ БАСҚАРМАСЫ

 
Мазмұны

Банерлер

 

 

 

 

 


Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні 2015 жылдың 24 сәуірі

 

 

24 сәуір күні  басқарманың ұйымдастыруымен Дүниежүзілік  еңбекті қорғау күніне арналып Қалалық мәдениет үйінде облыстық конференция өткізілді.

Конференцияға облыс кәсіпорындарының басшылары мен еңбек қауіпсіздігі саласының мамандары, кәсподақ және кәсіпкерлер палатасының өкілдері, басқарма басшылары, облыс әкімінің орынбасары қатысып, еңбек қауіпсіздігі мәселесі кеңінен талқыланды.

Сонымен қатар,  Дүниежүзілік  еңбекті қорғау күніне орайластырылып еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша ұйымдастырылған облыстық байқау - конкурсының қорытындысы жарияланды.

            «Жылдың үздік қауіпсіз кәсіпорны» номинациясы бойынша:

 «Кнауф Гипс Тараз» ЖШС-і  1-ші орынға, «Т.И.Батуров атындағы Жамбыл ГРЭС-і» АҚ-ы  2-ші орынға, «КазТрансГазАймақ» АҚ-ның Жамбыл өндірістік филиалы 3-ші орынға лайық деп табылды.

«Үздік еңбек қорғау инженері» номинациясы бойынша:

«Тараз Құрылыс Инвест» ЖШС –нің еңбек қорғау  және техника қауіпсіздігі инженері  Гуляева Лариса Борисовнаға  1-ші орын, «Казфосфат» ЖШС «Теміржолкөлік кешені» филиалының еңбек қорғаудан бас техникалық жетекшісі Ларина Татьяна Юрьевнаға 2-ші орын, «Жамбыл-Жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлімінің бастығы Беляева Людмила Валентиновнаға 3-ші орын берілді.

Жеңімпаздар  дипломдармен марапатталып, бағалы  силықтар тапсырылды.

Конференцияның соңы мерекелік концертке ұласты. 

Оқиғалар күнтізбесі

ДсСсСрБсЖмСнЖк
123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930

Сайттың беттері

Мемлекеттік рәміздер

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі




Интерактивті сауалдама

Толығырақ...>>>