Kaz     Rus    Негізгі бетке    Кері байланыс    Сайт картасы   
 

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ
ЕҢБЕК ИНСПЕКЦИЯСЫ БАСҚАРМАСЫ

 
Мазмұны

Банерлер

 

 

 

 

 


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ФАКТІЛЕРІ ЖӘНЕ ЭТИКА НОРМАЛАРЫНЫҢ БҰЗЫЛУЫ ТУРАЛЫ ҚАЛАЙ ХАБАРЛАСУҒА БОЛАДЫ

Құрметті сайтқа кірушілер!

1) Сіздер ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша Департаментіне жүгіне отырып, мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық және этиканы бұзу фактілері туралы хабарлай аласыздар.

Өтінішті: 
1. 080000, Тараз қ., Айтиев көшесі, 40 үйпошталық мекенжайы бойынша жазбаша түрде; 
2. Электрондық цифрлық қолтаңба бар болған жағдайда, 
egov.kz «Электрондық үкімет» порталы арқылы; 
3.
Тіркеле отырып, 1494.kz порталы арқылы беруге болады.

Тәулік бойы call-centr 1494 нөміріне хабарласа отырып, Агенттік қызметінің мәселелері бойынша кеңес ала аласыз.

2) Өтініш жазып, Тараз қаласы Желтоқсан көшесінде 78, 6 –қабатта орналасқан «Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясының басқармасы» КММ-нің жеке және заңды тұлғалар жәшігіне салыңыз.

3) Өтініш жазып, «Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясының басқармасы» КММ мына пошталық мекен-жайына жолдаңыз: индекс 480000, Тараз қаласы Желтоқсан көшесі 78.

4) Өтініш жазып, «Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясының басқармасы» КММ электронды мекен-жайына жөнелтіңіз: trudinspek-taraz@mail.ru;

5) «Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясының басқармасы» КММ Сенім   телефонына хабарласыңыз: 8 (7262) 43-01-96.

Сонымен қатар, «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңға сәйкес, мынадай өтініштер қарауға жатпайтынын түсіндіреміз, олар: 
1) иесi бүркемеленген өтiнiш, яғни мұндай өтiнiште дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыстар туралы не мемлекеттiк немесе қоғамдық қауiпсiздiкке төнетiн қауiп туралы мәлiметтер бар және мемлекеттiк органдардың құзыреттерiне сәйкес оларға дереу жiберiлуге тиiс жағдайларды қоспағанда; 
2) мәселенiң мәнi баяндалмаған өтiнiш.

Өтiнiш құзыретiне өтiнiште қойылған мәселелердi шешу кiретiн субъектiге немесе лауазымды тұлғаға жiберiлуге тиiс.

Жеке тұлғаның өтiнiшiнде оның тегi, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесiнiң аты, почталық мекен-жайы, заңды тұлғаның өтiнiшiнде - оның атауы, почталық мекен-жайы, шығыс нөмiрi мен күнi көрсетiледi. Өтiнiшке арыз иесi қол қоюы не ол электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылуға тиiс.

Шағым жасалған кезде iс-әрекетiне шағым жасалып отырған субъектiнiң атауы немесе лауазымды тұлғалардың лауазымы, тегi және аты-жөнi, өтiнiш жасау себептерi мен талаптары көрсетiледi.

Ол бойынша авторын белгiлеу мүмкiн емес, қолтаңбасы, оның iшiнде электрондық цифрлық қолтаңбасы, арыз берушiнiң пошталық мекенжайы жоқ өтiнiш иесi бүркемеленген өтiнiш болып танылатынын атап өтеміз.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы ЗАҢ

Ар-намыс кодексі

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы

Оқиғалар күнтізбесі

ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930

Сайттың беттері

Мемлекеттік рәміздер

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі




Интерактивті сауалдама

Толығырақ...>>>