Kaz     Rus    Негізгі бетке    Кері байланыс    Сайт картасы   
 

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ
ЕҢБЕК ИНСПЕКЦИЯСЫ БАСҚАРМАСЫ

 
Мазмұны

Банерлер

 

 

 

 


Әлеуметтік шиеленістер, соның ішінде еңбек дауларының алдын алу мемлекеттік органдың үнемі назарында

 Әлеуметтік шиеленістер, соның ішінде еңбек дауларының алдын алу мемлекеттік органдың үнемі назарында болуы тиіс.

 

2015 жылғы 6 тамыз күні Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекция басқармасының ұйымдастыруымен Тараз қаласы және облыстың аудандарының әкімдігінің қызметкерлерінің қатысуымен семинар өтті.

Семинарға 2015 жылдың 26 мамырында облыс әкімінің орынбасары Т.Жанкенің төрағалығымен әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссияның кезекті отырысының хаттамасы бойынша Тараз қаласы аудан әкімдеріне әлеуметтік шиеленістер, соның ішінде еңбек дауларының алдын алу мәселесі бойынша жұмыстарды ұйымдастыру мәселелері қаралды.

Семинардың негізгі тақырыбы, Өңірдегі әлеуметтік шиеленістердің алдың алу мақсатында облыста 100 кәсіпорындарда еңбек қатынастары мен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша мониторинг жүргізу жұмыстарын жүргізу талқыланды.  

Әлеуметтік шиеленістердің алдың алу туралы басқарма басшысының орынбасары И.Құдайбергенов баяндама жасады. Бұл мәселе ҚР Үкіметінің басты назарында екені туралы, 2015 жылдың 10 сәуірдегі және 1 маусымдағы Премьер-Министрдің орынбасары  Б.Сапарбаевтың төрағалығымен өткен әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссия отырыстарының қорытындысы бойынша Астана, Алматы және облыс әкімдеріне бұл бағыттағы жұмыстарды жандандыру тапсырылғанын атап өтті.

Бөлім басшылары М.Туғанбаев және Е.Ибраимов семинарға қатысушыларға еңбек қатынастары мен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша мониторинг жүргізу жұмыстарын жүргізудің тәсілдерін түсіндірді. Сонымен қатар, жұмыс атқаруға қажетті материалдармен қамтамасыз етті.    

Семинарға қатысушылардың сұрақтарына заңның талаптарына сәйкес жауап берілді.  

Кездесудің қорытындысы бойынша, өңірдегі әлеуметтік шиеленістердің алдың алу мақсатында еңбек қатынастары мен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша меморандум жасасу жұмыстарын жандандыруды қажет екеніне назар аударылып, басқарма басшысы С. Айдапкелов қорытындылады. 

Оқиғалар күнтізбесі

ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031

Сайттың беттері

Мемлекеттік рәміздер

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі




Интерактивті сауалдама

Толығырақ...>>>