Kaz     Rus    Негізгі бетке    Кері байланыс    Сайт картасы   
 

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ
ЕҢБЕК ИНСПЕКЦИЯСЫ БАСҚАРМАСЫ

 
Мазмұны

Банерлер

 

 

 

 

 


Жамбыл облысы әкімдігінің жергілікті атқарушы органдардың бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға ор

    Жамбыл облысы әкімдігінің жергілікті атқарушы органдардың бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

 

Жалпы конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар:

D-О-4 санаты үшін:

жоғары білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Жұмыс тәжірибесі: қажет етілмейді.

 

Әкімшілік мемлекеттік қызметкерлердің лауазымдық жалақысы

 

Санаты

Еңбек өтіліне байланысты қызметтік еңбек ақысы

теңгеден

теңгеге дейін

D-O-4

83 282

112 431

 

Жамбыл облысы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (индекс 080008, Тараз қаласы, Абай даңғылы, №125, 505, 511 бөлмелер, анықтама үшін телефондар: 8(7262)453468, 433630, 433675, факс: 432517, e-mail: obl_akim@zhambyl.kz) бос тұрған «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

1.Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қаржы және жоспарлау бөлімінің бас маманы (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтімі демалысында болу уақытына 10.11.2019 жылына дейін),             D-O-4 санаты, № 07-2, 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері:  бөлімде атқарылатын іс-шаралардың сапалы және уақтылы жүргізіліп отыруына, бөлім жұмысының ұйымдастырылуына атсалысады. Басқарманың дамуын болжау және талдау, тоқсандық есеп тапсыру жұмыстарын жүзеге асырады. Басқарманың мемлекеттік сатып алу жұмысын ұйымдастырып, заңнамаға сәйкес web-сайтқа  жауап береді. Бөлімдегі есеп-қисап жұмыстары мен төлем ақыны, бухгалтерлік есептерді жүргізеді. Мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың шаруашылық және қаржылық қызметіне толық және нақты мәліметтерді жинақтайды. Басқарма қызметкерлерінің айлық жалақыларын есептеу, түрлі салықтар есебі, іссапар шығындары, басқарманың есебіндегі мүліктердің есебін тиісті мекемелерге қажетті есептерді уақтылы беріп отыруды қамамасыз етеді.  Мемлекет мүлкін сақтауды қамтамасыз ету үшін жауап береді және басқарма мен қарасты мекемелердің мүліктеріне түгендеме жүргізеді.Басқармаға қарасты мекемелердің толық жоспарланған қаржыларының орындалуын қадағалайды және стратегиялық және салалық бағдарламалардың жүзеге асырылуын орындайды. Жоғары және өкілетті органдардан, жеке және заңды тұлғалардан (Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінен, Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Республикасының Мәдениет  және спорт министрлігінен, облыстық әкімдіктен т.б.) келіп түскен құжаттардың, өтініштердің орындалуына жауап береді.  Басшылық тарапынан болған өзге де тапсырмаларды орындайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі - әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы. Мамандығы:  экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы.

«Қазақстан-2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының Еңбек, Бюджет және Әкімшілік құқық бұзушылық кодекстерін, «Мемлекеттік сатып алу», «Мәдениет туралы», «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Заңдарын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

2. Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасының персоналды басқару қызметінің бас маманы санаты  D-О-4, 1 бірлік, №01-1-3

Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы Заңына, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамаларына және басқарманың ішкі тәртібіне сәйкес қызметкерлерді жұмысқа қабылдау,  ауыстыру, босату, оларға еңбек және басқа да демалыстарды беруді рәсімдеу, жеке  іс қағаздарын жинақтау, басқарманың қызметкерлерінің еңбек кітапшаларын  жүргізу. Бос әкімшілік  мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурс туралы хабарландыруды БАҚ-на дайындау, мемлекеттік қызметтен өту, арнайы тексеруден өткізу үшін құжаттарды рәсімдеу, мемлекеттік қызметте болуына байланысты шектеулердің сақталуын бақылау. Ант қабылдауды ұйымдастыру. Басқарма қызметкерлерінің дербес деректерін, бағалау, аттестаттау және оқудан өту нәтижелері туралы мәліметтерді есепке алуды жүзеге асыру. Басқарма қызметкерлерінің еңбек тәртібін сақтауын бақылау. Басқарма қызметкерлерінің оқуын ұйымдастырып үйлестіру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы немесе қызмет көрсету саласында немесе құқық саласында. Мамандығы: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы (жалпы) немесе әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету немесе әлеуметтік жұмыс немесе мәдени–тынығу жұмысы немесе  құқықтану.

 «Қазақстан-2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын және осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық міндеттеріне сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін заңнамалық және өзге нормативтік-құқықтық актілерді білу.

3. Жамбыл  облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бухгалтерлік есеп және мемлекеттік сатып алу  бөлімінің бас маманы, 1 бірлік, D-О-4 санаты, №05-2.

Функционалдық міндеттері: қаржылық жылға арналған бюджеттік тапсырысты құрастыруға қатысу. Облыстық қазынашылық департаментімен электронды «Банк-Клиент» бағдарламасы арқылы қаржылық операцияларды жүргізу. Банк құжаттарын әзірлеу, еңбекақы және басқа да төлемдерді, жинақтаушы зейнетақы қорына аударымдарды, әлеуметтік салықтарды есептеу және аудару. Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес келісім-шарттарды дайындап қазынашылық органдарында уақтылы тіркеумен қоса, тауарларға, жұмыстарға және қызмет көрсетуге қаржыларды уақтылы аударып, есеп айырысуды қамтамасыз ету. Әлеуметтік салық,  әлеуметтік аударым, қоршаған ортаны ластағаны үшін алынатын ағымдағы төлемақы, табыс салығы бойынша декларацияларды салық комитетіне уақтылы тапсыру. Облыстық статистика мекемесіне тауарлық-материалдардың айналымы, айлық жалақы туралы есептерді ұсыну. Мемлекеттік сатып алуды жоспарлауға қатысу,  басқарманың мемлекеттік сатып алулары бойынша есептіліктерін жасау, қаржы басқармасына өткізу. Басқармадағы тауарлық-материалдық құндылықтардың сақталуын қамтамасыз ету және кеңсе тауарларын қабылдап, басқарма қызметкерлеріне таратып отыру және өз уақытында есептен шығару актілерін әзірлеу. Негізгі құралдардың, құндылығы төмен және тез тозатын заттардың есебін жүргізу, активтер  бойынша тозуды есептеу, тозығы жеткен негізгі құралдарды есептен шығарып отыру. Белгіленген ережеге сәйкес негізгі қорлардың және  тауарлық-материалдық құндылықтардың инвентаризациясын жасауды жүргізу. Кассалық операцияларды жүргізу, кассалық есеп жасау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес  саласында. Мамандығы: экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы. 

«Қазақстан – 2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, Салық кодексін, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Заңдарын және осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

4. Жамбыл  облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының жинақтау-талдау  бөлімінің бас маманы, 1 бірлік, D-О-4 санаты, №06-4

Функционалдық міндеттері: жылсайын жылжымалы негізде 5 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеуге қатысу (бөлімге қатысты тармақтар бойынша). Жамбыл облысының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларын, стратегиялық құжаттарды, Елбасының Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық жоспарын орындау бойынша және Қазақстан Республикасы  Үкіметінің қаулысымен қабылданған басқа да іс-шаралар жоспарларын іске асыру барысы туралы ақпараттық-талдау құжаттарын дайындау. Аумақты даму бағдарламаларын, облыстың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларын әзірлеуге қатысу. Анықтамалар, ақпараттар дайындау. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияға қарсы күрес агенттігінің ақпараты негізінде коммуналдық қызметтерге арналған тарифтер мен бағалар мониторингін жүргізу және статистика агенттігінің ақпараттары негізінде инфляция деңгейіне бақылау жасау. Жоғарғы атқарушы органдарға, облыс әкімінің аппаратына ақпараттар, анықтамалар әзірлеу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес  саласында. Мамандығы: экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе статистика немесе әлемдік экономика.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясын,  Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» мен «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» және «Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы» Жарлықтарын, сонымен қатар мемлекеттік жоспарлау, мониторингілеу жүйесін және осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1)  Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2)  3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

3)  бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

4)  еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

5)  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

6)  Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7)  құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8)  конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

9)  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

10)  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Құжаттарды қабылдау мерзiмi конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнін келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күннің ішінде мына мекен-жай бойынша тапсырылуы тиіс: 080008, Тараз қаласы, Абай даңғылы, №125 үй,  505, 511 –іс бөлмелер, анықтама телефондары: 45-34-68, 43-36-30, 43-36-75, факс:43-25-17, e-mail: obl_akim@zhambyl.kz.   

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекен жайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күні бұрын кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейiн, құжаттарды қарау қорытындысы бойынша әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, әңгімелесуге жіберілгені туралы хабар алған күннен бастап үш жұмыс күн ішінде жоғарыда көрсетілген мекен-жайында орналасқан мекемеде әңгімелесуден өтеді.

Конкурс комиссиясының үміткерлермен әңгімелесу отырысына байқаушылар қатыстырылуы мүмкін.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурс комиссиясы шешiмiмен келіспеген жағдайда шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде уәкiлеттi органға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде шағымдана алады.

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы

 

Нысан

 

__________________________
 (мемлекеттік орган)

 

 

Өтініш

 

     

Мені___________________________________________________________
____________________________________________________________________
_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

     

Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________
____________________________________________________________________

 

________                                               ____________________________________
  (қолы)                                                          (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

 

«___»_______________ 20 __ ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 3-қосымшасы

 

Нысан

 

«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК

ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК
КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»

 

_____________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)

ФОТО
(түрлі түсті/ цветное,
3х4)

 

 

_____________________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болған жағдайда/при наличии)

 

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

1.

Туған күні және жері/
Дата и место рождения

 

2.

Ұлты (қалауы бойынша)/
Национальность (по желанию)

 

3.

Оқу орнын бітірген жылы және оныңатауы/
Год окончания и наименование учебного заведения

 

4.

Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)

 

5.

Шетел тілдерін білуі/
Владение иностранными языками

 

6.

Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /
Государственные награды, почетные звания (при наличии)

 

7.

Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)

 

8.

Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)

 

9.

Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)

 

ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

Күні/Дата

қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/должность, место работы, местонахождение организации

қабылданған/
приема

босатылған/
увольнения

 
   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

_____________________
Кандидаттың қолы/
Подпись кандидата

 

_______________
күні/дата

             

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқиғалар күнтізбесі

ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930

Сайттың беттері

Мемлекеттік рәміздер

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі




Интерактивті сауалдама

Толығырақ...>>>