Kaz     Rus    Негізгі бетке    Кері байланыс    Сайт картасы   
 

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ
ЕҢБЕК ИНСПЕКЦИЯСЫ БАСҚАРМАСЫ

 
Мазмұны

Банерлер

 

 

 

 

 


Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс

 Жамбыл облысы әкімінің аппараты бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру жариялайды

 

Жалпы конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар:

           

D-О-3 мемлекеттік әкімшілік лауазымы санатына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

жоғары білім;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың орта басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;

3) жоғары оқу орынынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.

 

Әкімшілік мемлекеттік қызметшінің лауазымдық жалақысы

Санаты

Лауазымдық  жалақысы  қызмет  өткерген 

жылдарын есептегенде

 теңгеден

 теңгеден

1

D-O-3

109 932

148 242

 

«Жамбыл облысы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (индекс 080008, Тараз қаласы, Абай даңғылы, №125, 505, 511 бөлмелер, анықтама үшін телефондар: 8(7262)453468, 433630, 433675, факс: 432517, e-mail: obl_akim@zhambyl.kz) бос тұрған «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

1. Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасының ұйымдастыру-құжаттамалық және қаржы бөлімінің басшысы, санаты D-О-3, 1 бірлік, №05-1-17.

Функционалдық міндеттері: басқарманың бухгалтерлік есебін, қаржылық қызмет есебін, бухгалтерлік және басқа қаржылық–экономикалық құжаттарын орындауды және ресімдеуді ұйымдастыру. Басқармада мемлекеттік сатып алу жұмыстарын жүргізу. Басқарманың іс-шараларын ұйымдастыру.Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтарының, Үкімет Қаулыларының, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуына бақылау жасау. Қолдағы бар мүлікті және оның қозғалысына, материалдық және қаржылық ресурстарды пайдалануға, несиегерлермен, бюджетпен, несие және зайымдық қаржы банктері бойынша бюджеттен тыс қорлармен уақтылы есеп айырылысуды бақылау. Қаржы-шаруашылық және құжаттама бақылау бөлімінің жұмысын үйлестіру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі - әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында. Мамандығы: есеп және аудит немесе қаржы немесе экономика.

«Қазақстан-2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексін және функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерін білу.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш (бұдан әрі-Қағида);

2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

3) 3х4 үлгідегі суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;

4) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

6) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

7) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

8) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

9) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Конкурска қатысуға құқық беретін сертификатты алу үшін D-О-3 санаты бойынша келесі тестілеуді бағдарламасы қарастырылған:       Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының конституциялық заңы, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (15 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тестер.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күннің ішінде мына мекен-жай бойынша тапсырылуы тиіс: 080008, Тараз қаласы, Абай даңғылы, №125 үй,  505, 511 –іс бөлмелер, анықтама телефондары: 45-34-68, 43-36-30, 43-36-75, факс:43-25-17, e-mail: obl_akim@zhambyl.kz.   

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекен жайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейiн, құжаттарды қарау қорытындысы бойынша әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, әңгімелесуге жіберілгені туралы хабар алған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде жоғарыда көрсетілген мекен-жайында орналасқан мекемеде әңгімелесуден өтеді.

Конкурс комиссиясының үміткерлермен әңгімелесу отырысына байқаушылар қатыстырылуы мүмкін.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурс комиссиясы шешiмiмен келіспеген жағдайда шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде уәкiлеттi органға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде шағымдана алады.

 

D-О-4 санаты үшін: жоғары білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Жұмыс тәжірибесі: қажет етілмейді.

 

Әкімшілік мемлекеттік қызметкерлердің лауазымдық жалақысы

Санаты

Еңбек өтіліне байланысты қызметтік еңбек ақысы

теңгеден

теңгеге дейін

D-O-4

83 282

112 431

 

Жамбыл облысы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (индекс 080008, Тараз қаласы, Абай даңғылы, №125, 505, 511 бөлмелер, анықтама үшін телефондар: 8(7262)453468, 433630, 433675, факс: 432517, e-mail: obl_akim@zhambyl.kz) бос тұрған «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

1. Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасының персоналды басқару қызметінің бас маманы (уақытша негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне – 08.04.2017 жылға дейін), санаты D-О-4, 1 бірлік, №01-1-4.

Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы Заңына, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамаларына және басқарманың ішкі тәртібіне сәйкес қызметкерлерді жұмысқа қабылдау,  ауыстыру, босату, оларға еңбек және басқа да демалыстарды беруді рәсімдеу, жеке  іс қағаздарын жинақтау, басқарманың қызметкерлерінің еңбек кітапшаларын  жүргізу. Бос әкімшілік  мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурс туралы хабарландыруды БАҚ-на дайындау, мемлекеттік қызметтен өту, арнайы тексеруден өткізуге үшін құжаттарды рәсімдеу, мемлекеттік қызметте болуына байланысты шектеулердің сақталуын қамтамасыз ету. Ант қабылдауды ұйымдастыру. Басқарма қызметкерлерінің дербес деректерін, бағалау, аттестаттау және оқудан өту нәтижелері туралы мәліметтерді есепке алуды жүзеге асыру. Басқарма қызметкерлерінің еңбек тәртібін сақтауын бақылау. Басқарма қызметкерлерінің оқуын ұйымдастырып үйлестіру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – құқық саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласында. Мамандығы: құқықтану немесе  әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы (жалпы) немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы (жалпы).

 «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын, Қазақстан Республикасының  Еңбек кодексін, сы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдерді білу.

2. Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы ұйымдастыру-құжаттамалық және қаржы бөлімінің бас маманы, санаты D-О-4, 1 бірлік, №05-1-18.

Функционалдық міндеттері: басқарманың кіріс-шығыс құжаттарының айналымын қамтамасыз ету. Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын тіркейді, тиісті органдарға тоқсандық, жылдық есебін тапсыру. Басқарма алқа мәжілісінің құжаттарын, қаралатын материалдарды дайындау. Номенклатураға сәйкес істерді сақтау, жүргізу және рәсімдеу тәртібін ұйымдастыру, уақытылы мұрағатқа өткізу. Басшы өткізетін мәжілістер мен отырыстарды дайындау, жеке қабылдауын ұйымдастыру. Басқарманың іс-шараларын ұйымдастыру. Басқарма қызметкерлерінің жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштеріне, арыз-шағымдарына уақытылы жауап беруін қадағалау. Басқарманың құжат айналымы бойынша жұмыстарын үйлестіру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар,  экономика және бизнес саласындағы немесе құқық саласындағы немесе білім саласында. Мамандығы: техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы (жалпы) немесе әлеуметтік ғылымдар,  экономика және бизнес саласындағы (жалпы) немесе құқықтану немесе білім саласындағы (жалпы).

«Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексін және осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдерді білу.

3. Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының қаржы және ұйымдастыру бөлімінің бас маман-заңгері, 1 бірлік, санаты D-О-4,         №040-2-1-2.

Функционалдық міндеттері: басқарма қызметкерлеріне және басқарма бағынысындағы мекемелерге қолданыстағы заңнамалық актілерге байланысты консультациялық көмектер көрсетеді. Басқарма атынан сотта және басқа да органдарда құқықтық қатынастарда өкілдік етеді. Басқарма басшысы қол қоятын нұсқамалардың, ережелердің, хаттамалық шешімдердің, бұйрықтардың және әріптестер алқа мәжілісінің қаулыларының қолданыстағы заңнамалық актілерге сәйкестігін тексереді. Басқарма қызметкерлері арасындағы құқықтық оқуды ұйымдастырады және өткізеді. Бөлімнің алдағы және ағымдағы жоспарын әзірлеуге қатысады. Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заң талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы жұмыс жоспарын әзірлеп, осы бағыттағы іс-шараларды жүргізеді. Басқарманың тәртіптік комиссиясына хатшылық етіп, жұмысын жүргізеді, сыбайлас жемқорлыққа байланысты тиісті есептерді мүдделі органдарға жолдайды. Басқармаға және басқармаға бағынысты бөлімдерге, мемлекеттік оқыту орталығына жеке және заңды тұлғалардан түскен арыз, шағымдардың есебін жасап, 1-ОЛ статистикалық есебін прокуратураға дер кезінде өткізеді. Мекеме бойынша мемлекеттік сатып алу жөніндегі жасалған келісім шарттарды заң талапарына сай жасайды. Басқармадағы кадрларды даярлау, қайта даярлау және кәсіби біліктіліктерін арттыру жұмысына басшылық жасайды. Бос тұрған лауазымдық орындарға кадрларды резевке қою, ауыстыру, қабылдау, аттестация өткізу, тестілеу жұмыстарын жүргізеді. Бөлімнің қызметіне бақылау жасайды, басқарма туралы Ереже негізінде бөлімге жүктелген міндеттер мен тапсымалардың орындалуына жауапкершілік танытады. Басқарма басшысы белгілеген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі құқық саласында. Мамандығы – құқықтану.

            «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының «Еңбек туралы» кодексін, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

4. Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы бөлімінің бас маманы, санаты D-О-4, 1 бірлік, №21-01-02.

Функционалдық міндеттері: құрылыс объектілері мен құрылыс өнімдеріне мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыру, салынып жатқан және салынуы жоспарланған (қайта жаңғыртылатын, кеңейтілетін, жаңғыртылатын күрделі жөнделетін) объектілер мен кешендерге мониторинг жүргізу; құрылыстың сапасын тексеру нәтижелерін жинақтау және талдау, тіркеу, құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге (құрылысты басталуына) арналған хабарламаларды қарау. Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге (құрылысты бастауға) арналған хабарламаларды қарау, іс қағаздарын (кіріс және шығыс хат-хабарларын) жүргізу, тиісті органдардағы тексерулер туралы өкімдерді тіркеу, тоқсан сайын және жыл сайын тексерулердің сәйкестігің тексеру. Сәулет-құрылыс бақылау мәселелері бойынша азаматтардың және ұйымдардың өтініштерін қарау, құрылыс субъектілеріне қатысты әкімшілік іс қозғағанда заңдылықты қамтамасыз ету, уәкілетті органда тексеру жүргізу туралы актілерді уақтылы тіркеу. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында жоюға болмайтын бұзушылыққа жол берген заңды, жеке және лауазымды тұлғаларға қатысты заңнамалық тәртіпте белгіленген шаралар қолдану.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі: техникалық ғылымдар және технологиялар саласында немесе өнер саласында. Мамандығы: құрылыс немесе құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру немесе гидротехникалық құрылыс және ғимарат немесе көлік құрылысы немесе сәулет.

 «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттiң жаңа саяси бағыты стратегиясын бiлуi. «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы», «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңдарын және «Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі», осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн білу.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш (бұдан әрі-Қағида);

2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

3) 3х4 үлгідегі суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;

4) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

6) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

7) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

8) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

9) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Конкурска қатысуға құқық беретін сертификатты алу үшін D-О-4 санаты бойынша келесі тестілеуді бағдарламасы қарастырылған:  мемлекеттік тілді білуге тест (20 тапсырма), логикалық тапсырма (10 тапсырма), ҚР Конституциясын (15 сұрақ), «ҚР Президенті туралы» (15 сұрақ) ҚР конституциялық заңы, «Мемлекеттік қызмет туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (15 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ), «ҚР жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ) ҚР Заңдарың білуге арналған тест.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күннің ішінде мына мекен-жай бойынша тапсырылуы тиіс: 080008, Тараз қаласы, Абай даңғылы, №125 үй,  505, 511 –іс бөлмелер, анықтама телефондары: 45-34-68, 43-36-30, 43-36-75, факс:43-25-17, e-mail: obl_akim@zhambyl.kz.   

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекен жайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейiн, құжаттарды қарау қорытындысы бойынша әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, әңгімелесуге жіберілгені туралы хабар алған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде жоғарыда көрсетілген мекен-жайында орналасқан мекемеде әңгімелесуден өтеді.

Конкурс комиссиясының үміткерлермен әңгімелесу отырысына байқаушылар қатыстырылуы мүмкін.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурс комиссиясы шешiмiмен келіспеген жағдайда шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде уәкiлеттi органға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде шағымдана алады.

 

Оқиғалар күнтізбесі

ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930

Сайттың беттері

Мемлекеттік рәміздер

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі




Интерактивті сауалдама

Толығырақ...>>>