Kaz     Rus    Негізгі бетке    Кері байланыс    Сайт картасы   
 

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ
ЕҢБЕК ИНСПЕКЦИЯСЫ БАСҚАРМАСЫ

 
Мазмұны

Банерлер

 

 

 

 


2016 жылдың 30 маусымында «Тараз Су» МКК-ның залында Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы ба

            2016 жылдың 30 маусымында «Тараз Су» МКК-ның залында Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасының қолдауымен жаңадан енгізілген Қазақстан Республикасындағы Еңбек кодексінің тақырыбында «Семинар кеңес» отырысы өткізілді. «Семинар кеңес» отырысына «Тараз Су» МКК-ның жұмыскерлері және осы ұйымның кәсіподақ жетекшісі қатысты. Аталмыш «Семинар кеңес» отырысында кәсіпорындағы проблемаларды талқылап, ұйымдарда еңбек жағдайын арттыру, ұжымдық шарттардың орындалуын қамтамасыз ету, кәсіпорындарда жазатайым оқиғаның және еңбек тұрғысындағы әлеуметтік шиеленістің алдын алу, сонымен қатар жаңа Еңбек кодесінің баптары талқыланды.

Өткізілген «Семинар кеңес» отырысында Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары И. Құдайбергенов «Тараз Су» МКК-да жүргізілген ішінара тексерудің қорытындылары жайлы толығымен атап өтті.

Сонымен қатар қолданыстағы нормативті-құқықтық актілерді, технологиялық, санитарлық, медициналық қағидаларды және еңбек қауіпсіздігі туралы нормаларды, ережелерді сақтауды басты назарға алуды ұсынды.

Оқиғалар күнтізбесі

ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031

Сайттың беттері

Мемлекеттік рәміздер

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі




Интерактивті сауалдама

Толығырақ...>>>