Kaz     Rus    Негізгі бетке    Кері байланыс    Сайт картасы   
 

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ
ЕҢБЕК ИНСПЕКЦИЯСЫ БАСҚАРМАСЫ

 
Мазмұны

Банерлер

 

 

 

 

 


Тексеру парақтары

 Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасы сақталуының тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1022 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 801 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 желтоқсанда № 12656 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі!
      2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабы 3-тармағының үшінші бөлігіне, 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
       1. Қоса беріліп отырған:
      1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасы сақталуының тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
      2) осы бірлескен бұйрыққа 2, 3, 4-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасы сақталуының тексеру парақтары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті:
      1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
      4) осы бірлескен бұйрықты облыстардың, Астана және Алматы қалаларының еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органдарының назарына жеткізуді қамтамасыз етсін.
      3. «Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін және тексеру парағының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 545 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 30 маусымдағы № 491 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11744 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 17 тамызда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Б.Б. Нұрымбетовке жүктелсін.
      5. Осы бірлескен бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының             Қазақстан Республикасының
      Денсаулық сақтау және                 Ұлттық экономика
      әлеуметтік даму министрі              министрі
      ________________ Т.Дүйсенова          _______________ Е. Досаев

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының
      Құқықтық статистика және арнайы есепке алу
      жөніндегі комитетінің төрағасы
      __________________ С. Айтпаева
      2015 жылғы 28 желтоқсан

  Қазақстан Республикасы    
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
 даму министрінің        
 2015 жылғы 25 желтоқсандағы  
 № 1022 және          
 Қазақстан Республикасы    
 Ұлттық экономика министрінің 
 2015 жылғы 28 желтоқсандағы 
 № 801 бірлескен бұйрығына  
 1-қосымша          

   Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасы сақталуының тәуекел
 дәрежесін бағалау өлшемшарттары

   1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасы сақталуының тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі - Өлшемшарттар) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік кодексіне және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушысының 2015 жылғы 25 қарашадағы № 722 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік органдардың (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда) тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыру әдістемесіне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12389 болып тіркелген) сәйкес ішінара тексеру жүргізу кезінде тексерілетін субъектілерді іріктеу үшін әзірленді.
       2. Осы Өлшемшарттарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) тәуекел - қызметкердің өміріне немесе денсаулығына, оның еңбек міндеттерін атқару кезінде заңды мүдделеріне жұмыс берушінің қызметі нәтижесінде, оның ішінде жазатайым оқиғалардың нәтижесінде зиян келтіру ықтималдығы;
      2) тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті өлшемшарттары (бұдан әрі - объективті өлшемшарттар) - белгілі бір қызмет саласында тәуекел дәрежесіне байланысты және жеке тексерілетін субъектіге тікелей байланыссыз тексерілетін субъектілерді іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
      3) тексерілетін субъектілер - қызметіне бақылау және қадағалау жүзеге асырылатын жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, оның ішінде мемлекеттік органдар, заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері;
      4) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары (бұдан әрі - субъективті өлшемшарттар) — нақты тексерілетін субъекті қызметінің нәтижесіне байланысты тексерілетін субъектілерді іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
      5) өрескел бұзушылықтар - қызметкердің еңбекке қабілеттілігінен уақытша немесе тұрақты айрылуына не өліміне әкеп соқтырған еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлігінде еңбек заңнамасының бұзушылықтары, өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді және есепке алуды қамтамасыз етпеу, сондай-ақ жұмыс уақыты мен тынығу уақытының режимін сақтамау;
      6) елеулі бұзушылықтар - осы тармақтың 5) және 7) тармақшаларына сәйкес өрескел және болмашы бұзушылықтарға жатпайтын еңбек заңнамасының, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша бұзушылықтары;
      7) болмашы бұзушылықтар - еңбек заңнамасының еңбек қатынастарына, кепілдіктер мен өтемақы төлемдерін жүзеге асыруға қатысты жұмыс беруші қабылдаған актілердің заңдылығы бөлігінде бұзушылықтары, сондай-ақ халықты жұмыспен қамту және шетелдік жұмыс күшін тарту туралы заңнаманың бұзушылықтары.
       3. Ішінара тексерулер үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары объективті және субъективті өлшемшарттар арқылы қалыптастырылады.

   2. Объективті өлшемшарттар

        4. Тексерілетін субъектілерді тәуекел дәрежесіне жатқызу мынадай объективті өлшемшарттарды ескере отырып жүзеге асырылады:
      1) жүзеге асырылатын қызметіне байланысты тексерілетін субъектінің қауіп деңгейі;
      2) жүзеге асырылатын қызмет процесіндегі зиянның ықтимал жағымсыз салдары ауырлығының ауқымы;
      3) адамның денсаулығына, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне қолайсыз әсерін тигізу ықтималдығы.
      5. Объективті өлшемшарттар бойынша тәуекелдің жоғары дәрежесіне қызметкерлер саны 250 адамнан асатын, адамның өміріне немесе денсаулығына, жеке тұлғалардың заңды мүдделеріне зиян келтірудің жоғары ықтималдығымен жарақаттану қаупі бар экономикалық қызметтің мынадай түрлеріндегі:
      тау-кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді игеру;
      құрылыс (құрылыс жобаларын әзірлеуді қоспағанда);
      электр энергиясын өндіру, өткізу және тарату; сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинауды және бөлуді бақылау (қалдықтарды жинауды, өңдеуді және жоюды; қалдықтарды жою, рекультивация және қалдықтарды жою саласындағы өзге де қызметтерді қоспағанда);
      ауыл, орман және балық шаруашылығы;
      өңдеу өнеркәсібі (кемелер және жүзетін конструкциялар жасауды, жөндеуді және техникалық қызмет көрсетуді қоспағанда);
      көлік және қоймалау (теңіз және жағалаудағы жолаушылар көлігін, такси қызметін, қойма шаруашылығын және қосалқы көлік қызметін, пошта және курьер қызметін қоспағанда) қызметін жүзеге асыратын тексерілетін субъектілер жатады.
      6. Объективті Өлшемшарттар бойынша жоғары тәуекел дәрежесіне:
      1) қызметкерлер саны 250 адамнан асатын, осы өлшемшарттардың 5-тармағында көзделмеген экономикалық қызмет түрлері бойынша қызметін жүзеге асыратын;
      2) қызметкерлер саны 250 адамнан аспайтын субъектілер жатпайды.

   3. Субъективті өлшемшарттар

      7. Ішінара тексерулер жүргізу үшін тәуекелдің жоғары дәрежесіне жатқызылған тексерілетін субъектілерді (объектілерді) бөлу және іріктеу субъективті өлшемшарттар арқылы жүзеге асырылады.
      Тәуекелдер дәрежесін бағалау үшін мынадай ақпарат көздері қолданылады:
      1) алдыңғы тексерулердің нәтижелері. Бұл ретте, бұзушылықтардың дәрежесі (өрескел, елеулі, болмашы) тексеру парақтарында көрсетілген заңнама талаптары сақталмаған жағдайда белгіленеді;
      2) өндірістегі жазатайым оқиғалар.
      8. Қолда бар ақпарат көздерінің негізінде субъективті өлшемшарттар қалыптастырылады және оларға мынадай бұзушылық дәрежесі беріледі: өрескел, елеулі, болмашы.
      9. Тексерілетін субъектіні тәуекел дәрежесіне жатқызу үшін тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеудің мынадай тәртібі қолданылады.
      Бір өрескел бұзушылық анықталған кезде тексерілетін субъектіге 100 тәуекел дәрежесінің көрсеткіші теңестіріледі және оған қатысты ішінара тексеру жүргізіледі.
      Егер өрескел бұзушылықтар анықталмаса, онда тәуекел дәрежесінің көрсеткішін айқындау үшін елеулі және болмашы бұзушылықтар бойынша жиынтық көрсеткіш есептеледі.
      Елеулі бұзушылықтар көрсеткішін айқындау кезінде 0,7 коэффициенті қолданылады және бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:
      Р3 = (Р2 X 100/Р1) X 0,7
      мұндағы:
      Р3 - елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;
      Р1 - елеулі бұзушылықтардың жалпы саны;
      Р2 - анықталған елеулі бұзушылықтардың саны.
      10. Болмашы бұзушылықтар көрсеткішін айқындау кезінде 0,3 коэффициенті қолданылады және осы көрсеткіш мынадай формула бойынша есептеледі:
      РH = (Р2 х 100/Р1) х 0,3
      мұндағы:
      РН - болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші;
      Р1 - болмашы бұзушылықтардың жалпы саны;
      Р2 - анықталған болмашы бұзушылықтардың саны.
      11. Тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші (Р) 0-ден бастап 100-ге дейінгі шкала бойынша есептеледі және елеулі және болмашы бұзушылықтардың көрсеткіштерін қосу жолымен мынадай формула бойынша айқындалады:
      Р = Р3 + РН
      мұндағы:
      Р - тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші;
      Р3 - елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;
      РН - болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші.
      12. Барлық ықтимал тәуекелдерге талдау жүргізілгеннен кейін, тексерілетін субъектілер тәуекелдің екі дәрежесі бойынша (тәуекелдің жоғары және жоғары дәрежесіне жатпайтын) бөлінеді.
      13. Тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері бойынша тексерілетін субъект:
      1) жоғары тәуекел дәрежесіне жатады - 60-тан бастап 100-ді қоса алғанға дейінгі тәуекел дәрежесінің көрсеткіші кезінде және оған қатысты ішінара тексеру жүргізіледі;
      2) жоғары тәуекел дәрежесіне жатпайды - 0-ден бастап 60-қа дейінгі тәуекел дәрежесінің көрсеткіші кезінде және оған қатысты ішінара тексеру жүргізілмейді.
      14. Жұмыс берушінің қызметі Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы талаптарына сәйкес екенін растайтын сенім сертификатын алған тексерілетін субъект жоғары тәуекел дәрежесіне жатпайды және оған қатысты ішінара тексеру жүргізілмейді.
      15. Ішінара тексеру жүргізу жиілігі жылына бір реттен аспайды.
      16. Ішінара тексерулер тиісті есепті кезең басталғанға дейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға жіберілетін талдау және бағалау нәтижелері бойынша жартыжылдыққа қалыптастырылатын еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органның бірінші басшысы бекіткен ішінара тексерулер тізімдері негізінде жүргізіледі.
      17. Ішінара тексерулер жүргізу үшін кейінгі тізімдер ағымдағы кестенің ішінара тексерулермен толық қамтылғанынан кейін жасалады.

  Қазақстан Республикасы 
еңбек заңнамасы сақталуының
 тәуекел дәрежесін бағалау
 өлшемшарттарына     
 қосымша          

   Тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары

Р/с

Еңбек заңнамасы сақталуының тәуекелдер
өлшемшарттары

Бұзушылықтар
дәрежесі

Өндірістегі жазатайым оқиғалар

 

1.

Ауыр және адам өлімімен аяқталған еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғалар

Өрескел

2.

Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға фактісін жасыру

Өрескел

3.

Жеңіл аяқталған еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға

Болмашы

Алдыңғы тексеру нәтижелері
(ауырлық дәрежесі төменде көрсетілген талаптарды сақтамаған жағдайда белгіленеді)

 

4.

Ауыр және адам өлімімен аяқталған еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді жүргізу

Өрескел

5.

Қызметкерлерге демалыс беру

Өрескел

6.

Жұмыс уақыты мен тынығу уақытының режимін сақтау

Өрескел

7.

Жалақыны және өзге де төлемдерді толық әрі уақтылы қамтамасыз ету

Елеулі

8.

Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттаудан өткізу

Елеулі

9.

Қызмет көрсету, денсаулық сақтау, білім беру салаларының қосалқы бөлімшелері (есептеу орталықтары, жөндеу шеберханалары, автогараж, монша-кір жуу орындары, қазандықтар, қоймалар, медициналық кабинеттер және т.б. техникалық қызметтер) бар өндірістік емес ұйымдарын еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды жүргізу

Елеулі

10.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі қызметтің (маманның) болуы

Елеулі

11.

Қызметкерлерді жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен, арнайы киіммен қамтамасыз ету

Елеулі

12.

Қызметкерлерге сүт, емдік-профилактикалық тағам, жуу және дезинфекциялау құралдарын, медициналық қобдиша беру

Елеулі

13.

Еңбек қауіпсіздігі жағдайларын жасау, сондай-ақ қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарына сәйкес жабдықталған жұмыс орнымен, жабдықтармен, құралдармен, техникалық құжаттамамен және еңбек міндеттерін орындауға қажетті өзге де құралдармен қамтамасыз ету

Елеулі

14.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша оқытуды, нұсқама беруді және білімдерін тексеруді жүргізу

Елеулі

15.

Міндетті медициналық қарап-тексеруді өткізу

Елеулі

16.

Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартының болуы

Елеулі

17.

Жұмыс берушінің мүгедектерді жұмыспен қамту және кәсіби оңалту саласындағы міндеттерін сақтауы

Елеулі

18.

Еңбек саласындағы құқықтар мен бостандықтарды іске асырудағы тең мүмкідіктерді қамтамасыз ету (өтініш не шағым түскен жағдайда тексеріледі)

Елеулі

19.

Тәртіптік жаза қолдану

Елеулі

20.

Ұжымдық шарт талаптарын орындау

Елеулі

21.

Жекелеген санаттағы қызметкерлердің еңбек құқықтарын қамтамасыз ету

Елеулі

22.

Жұмыс берушінің халықты жұмыспен қамту туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын қолдануы

Болмашы

23.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шетелдік жұмыс күшін және еңбекші көшіп-келушілерді тарту

Болмашы

24.

Шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсатта көрсетілген ерекше шарттарды орындау

Болмашы

25.

Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелде жұмысқа орналастыру бойынша заңсыз қызмет

Болмашы

26.

Еңбек қатынастарына қатысты жұмыс беруші қабылдаған актілердің заңдылығы

Болмашы

27.

Кепілдіктер мен өтемақы төлемдерін жүзеге асыру

Болмашы

  Қазақстан Республикасы    
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
 даму министрінің        
 2015 жылғы 25 желтоқсандағы  
 № 1022 және          
 Қазақстан Республикасы    
 Ұлттық экономика министрінің 
 2015 жылғы 28 желтоқсандағы 
 № 801 бірлескен бұйрығына  
 2-қосымша          

   Өнім шығарумен және жасаумен, пайдалы қазбаларды игерумен,
өңдірумен және қайта өңдеумен, құрылыспен және өндірістік
қызметтің басқа да түрлерімен айналысатын ұйымдарға қатысты
Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасы сақталуының
тексеру парағы

Тексеруді тағайындаган мемлекеттік орган ____________________________
_____________________________________________________________________
Тексеру тағайындау туралы акт _______________________________________
                                           (№, күні)
Тексерілетін субъектінің атауы ______________________________________
_____________________________________________________________________
Тексерілетін субъектінің БСН(ЖСН) ___________________________________
_____________________________________________________________________
Орналасқан мекенжайы ________________________________________________


р/с

Талаптардың тізбесі

Қажет

Қажеті жоқ

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1.

Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттаудан өткізу









2.

Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартының болуы









3.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі қызметтің (маманның) болуы









4.

Ауыр және адам өлімімен аяқталған еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді жүргізу









5.

Қызметкерлерді жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен, арнайы киіммен қамтамасыз ету









6.

Қызметкерлерге сүт, емдік-профилактикалық тағам, жуу және дезинфекциялау құралдарын, медициналық қобдиша беру









7.

Еңбек қауіпсіздігі жағдайларын жасау, сондай- ақ қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарына сәйкес жабдықталған жұмыс орнымен, жабдықтармен, құралдармен, техникалық құжаттамамен және еңбек міндеттерін орындауға қажетті өзге де құралдармен қамтамасыз ету









8.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша оқытуды, нұсқама беруді және білімдерін тексеруді жүргізу









9.

Міндетті медициналық қарап-тексеруді өткізу









10.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шетелдік жұмыс күшін және еңбекші көшіп келушілерді тарту









11.

Шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсатта көрсетілген ерекше шарттарды орындау









12.

Жалақы мен өзге де төлемдердің толықтығы және уақтылылығы









13.

Кепілдіктер мен өтемақы  төлемдерін жүзеге асыру









14.

Ұжымдық шарттың талаптарын орындау









15.

Еңбек шарттарының болуы және олардың заңнама нормаларына сәйкес келуі









16.

Жұмыс беруші актілері ережелерінің заңнама нормаларына сәйкес келуін қамтамасыз ету









17.

Жұмыс уақыты мен тынығу уақытының режимін сақтау









18.

Қызметкерлерге демалыс беру









19.

Жекелеген санаттағы қызметкерлердің еңбек құқықтарын қамтамасыз ету









20.

Тәртіптік жаза қолдану мерзімдері мен тәртібі









21.

Жұмыс берушінің халықты жұмыспен қамту туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауы









22.

Еңбек саласындағы құқықтар мен бостандықтарды іске асыруда тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету (өтініштер не шағымдар болған жағдайда тексеріледі)









23.

Жұмыс берушінің мүгедектерді жұмыспен қамту және кәсіби оңалту саласындағы міндеттерді сақтауы









24.

Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелде жұмысқа орналастыру бойынша заңсыз қызмет









Лауазымды адам (дар) ________________________________________________
                          (лауазымы) (қолы) (Т.А.Ә. (бар болса)
                     ________________________________________________
                          (лауазымы) (қолы) (Т.А.Ә. (бар болса)
Тексерілетін субъектінің басшысы ____________________________________
                                 (Т.А.Ә. (бар болса) лауазымы) (қолы)

  Қазақстан Республикасы    
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
 даму министрінің        
 2015 жылғы 25 желтоқсандағы  
 № 1022 және          
 Қазақстан Республикасы    
 Ұлттық экономика министрінің 
 2015 жылғы 28 желтоқсандағы 
 № 801 бірлескен бұйрығына  
 3-қосымша          

   Өндірістік емес саладағы (денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, әлеуметтік қамсыздандыру, сауда, тұру және тамақтану бойынша қызметтер) ұйымдарға қатысты Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасы сақталуының
тексеру парағы

Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган ____________________________
_____________________________________________________________________
Тексеру тағайындау туралы акт _______________________________________
                                           (№, күні)
Тексерілетін субъектінің атауы ______________________________________
_____________________________________________________________________
Тексерілетін субъектінің БСН(ЖСН) ___________________________________
_____________________________________________________________________
Орналасқан мекенжайы ________________________________________________


р/с

Талаптардың тізбесі

Қажет

Қажеті жоқ

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1.

Қызмет көрсету, денсаулық сақтау, білім беру салаларының аттестаттауға жататын және қосалқы бөлімшелері (есептеу орталықтары, жөндеу шеберханалары, автогараж, монша-кір жуатын орындар, қазандықтар, қоймалар, медициналық кабинеттер және т.б. техникалық қызметтер) бар өндірістік емес ұйымдарын еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды жүргізу









2.

Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартының болуы









3.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі қызметтің (маманның) болуы









4.

Еңбек қызметімен байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру мен есепке алуды жүргізу









5.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша оқытуды, нұсқама беруді және білімдерін тексеруді жүргізу









6.

Міндетті медициналық қарап- тексеруді өткізу









7.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шетелдік жұмыс күшін және еңбекші көшіп келушілерді тарту









8.

Шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсатта көрсетілген ерекше шарттарды орындау









9.

Жалақы мен өзге де төлемдердің толықтығы және уақтылылығы









10.

Кепілдіктер мен өтемақы төлемдерін жүзеге асыру









11.

Ұжымдық шарттың талаптарын орындау









12.

Еңбек шарттарының болуы және олардың заңнама нормаларына сәйкес келуі









13.

Жұмыс беруші актілері ережелерінің заңнама нормаларына сәйкес келуін қамтамасыз ету









14.

Жұмыс уақыты мен тынығу уақытының режимін сақтау









15.

Қызметкерлерге демалыс беру









16.

Жекелеген санаттағы қызметкерлердің еңбек құқықтарын қамтамасыз ету









17.

Тәртіптік жаза қолдану мерзімдері мен тәртібі









18.

Жұмыс берушінің халықты жұмыспен қамту туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауы









19.

Еңбек саласындағы құқықтар мен бостандықтарды іске асыруда тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету (өтініштер не шағымдар болған жағдайда тексеріледі)









Лауазымды адам (дар) ________________________________________________
                          (лауазымы) (қолы) (Т.А.Ә. (бар болса)
                     ________________________________________________
                          (лауазымы) (қолы) (Т.А.Ә. (бар болса)
Тексерілетін субъектінің басшысы ____________________________________
                                 (Т.А.Ә. (бар болса) лауазымы) (қолы)

  Қазақстан Республикасы    
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
 даму министрінің        
 2015 жылғы 25 желтоқсандағы  
 № 1022 және          
 Қазақстан Республикасы    
 Ұлттық экономика министрінің 
 2015 жылғы 28 желтоқсандағы 
 № 801 бірлескен бұйрығына  
 4-қосымша          

   Қызметкерлері еңбек қызметін кеңсе үй-жайларында жүзеге
асыратын өндірістік емес саладағы ұйымдарға қатысты
Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасы сақталуының
тексеру парағы

Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган ____________________________
_____________________________________________________________________
Тексеру тағайындау туралы акт _______________________________________
                                           (№, күні)
Тексерілетін субъектінің атауы ______________________________________
_____________________________________________________________________
Тексерілетін субъектінің БСН(ЖСН) ___________________________________
_____________________________________________________________________
Орналасқан мекенжайы ________________________________________________


р/с

Талаптардың тізбесі

Қажет

Қажеті жоқ

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1.

Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартының болуы









2.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шетелдік жұмыс күшін және еңбекші көшіп келушілерді тарту









3.

Шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсатта көрсетілген ерекше шарттарды орындау









4.

Жалақы мен өзге де төлемдердің толықтығы және уақтылылығы









5.

Кепілдіктер мен өтемақы төлемдерін жүзеге асыру









6.

Ұжымдық шарттың талаптарын орындау









7.

Еңбек шарттарының болуы және олардың заңнама нормаларына сәйкес келуі









8.

Жұмыс беруші актілері ережелерінің заңнама нормаларына сәйкес келуін қамтамасыз ету









9.

Жұмыс уақыты мен тынығу уақытының режимін сақтау









10.

Қызметкерлерге демалыс беру









11.

Жекелеген санаттағы қызметкерлердің еңбек құқықтарын қамтамасыз ету









12.

Тәртіптік жаза қолдану мерзімдері мен тәртібі









13.

Жұмыс берушінің халықты жұмыспен қамту туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауы









14.

Еңбек саласындағы құқықтар мен бостандықтарды іске асыруда тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету (өтініштер не шағымдар болған жағдайда тексеріледі)









Лауазымды адам (дар) ________________________________________________
                          (лауазымы) (қолы) (Т.А.Ә. (бар болса)
                     ________________________________________________
                          (лауазымы) (қолы) (Т.А.Ә. (бар болса)
Тексерілетін субъектінің басшысы ____________________________________
                                 (Т.А.Ә. (бар болса) лауазымы) (қолы)




© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК

Оқиғалар күнтізбесі

ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930

Сайттың беттері

Мемлекеттік рәміздер

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі




Интерактивті сауалдама

Толығырақ...>>>