Kaz     Rus    Негізгі бетке    Кері байланыс    Сайт картасы   
 

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ
ЕҢБЕК ИНСПЕКЦИЯСЫ БАСҚАРМАСЫ

 
Мазмұны

Банерлер

 

 

 

 


2016 жылдың 3 тоқсанында атқарған жұмыстары туралы есебі

Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасының 2016 жылдың 3 тоқсанында атқарған жұмыстары туралы есебі

 

Тараз қаласы                                                             2016 жыл 30 қыркүйек

 

Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасының мемлекеттік еңбек инспекторларымен 2016 жылдың 3 тоқсанында облыс ұйымдарында  192  жоспардан тыс және 17 ішінара тексерулер жүргізілді, барлығы 209   (2015 жылы  236  тексеру, бұдан әрі жақшаның ішінде 2015 жылдың осы кезеңінің көрсеткіштері) -11,4 %.  

Анықталған бұзушылықтардың нәтижелері бойынша жұмыс берушілерге 95 (241) бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым берілді. Оның 66 (158) -58,2% еңбек қатынастарына, 27 (82) -67,1% еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауға, 2 (1) +50% халықты жұмыспен қамтуға қатысты.

Есепті кезеңде заңды және лауазымды тұлғаларға қатысты 90(70) +28,6% әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулылыр шығарылып, 6 617 520  (5 866 720) +12,8% теңге соммасына әкімшілік айыппұл салынды және 24 (79) -69,6% ескерту берілді.Үшінші тоқсанның аяғына 5 642 220(4 420 400) теңге өндірілді. 

Жоспарлы шараларды іске асырудың нәтижесінде есепті кезеңде 206(618) -66,7%, бұзушылықтар анықталды. Оның ішінде: 128(377) -66% еңбек қатынастарына, 67(231) -71 %  еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауға, 11(10) +10 % жұмыспен қамтуға қатысты. Анықталған жалпы еңбек заңнамасының бұзушылықтарының жойылуы 171(600)-71,5%, оның ішінде:еңбек қатынастары- 103 (360) -71,4%,  еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау- 57 (230) -75,2 %  халықты жұмыспен қамту- 11(10) +10%.

Есепті кезеңде тексеру арқылы  190(138) +37,7% азаматтардың жазбаша өтініштері қаралды, оның ішінде: 183(130) +40,7% еңбек қатынастарына, 7(7) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауға және халықты жұмыспен қамтуға -0 (1) +100%  қатысты.

2016 жылдың есепті кезеңіне басқармаға барлығы 1210 жеке және заңды тұлғалардан өтініш келіп түсті (602- жеке және 608-заңды тұлғалардан), былтырғы жылмен салыстырғанда 55% жоғары (670). 

Облыстық үшжақты әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және  еңбек қатынастарын реттеу комиссиясының 2015 жылдың 26 мамырдағы отырыстарының №2 хаттамасының негізінде  Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы  еңбек қатынастары, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жай-күйіне 100 кәсіпорындарда тоқсан сайын  18 көрсеткіш бойынша мониторинг жүргізеді.

Өндірістік процесті, еңбек құқығын қамтамасыз ету және қызметкерді жұмысқа орналастыруды тұрақтандыру мәселелері туралы  әкімдік, жұмыс беруші және кәсіподақтар арасында  67 514 жұмысшыны қамтитын 2558 кәсіпорындарда меморандумдарға қол қойылды (40%).   Олардың 57 ірі кәсіпорындармен (76%)    (жұмысшылар саны -32 097) және 2501 - орта және шағын кәсіпорындармен (39,6%) (жұмысшылар саны -35417).

ҚР Еңбек Кодексінің 200 бабының негізінде еңбек заңнамасының талаптарына сәйкес деп танылып «Интергаз Орталық Азия» АҚ филиалы, «Т.И.Батуров атындағы Жамбыл ГРЭС» АҚ  мен «Кнауф Гипс Тараз» ЖШС сенім сертификаттары тапсырылды.

Жамбыл облысында 6633 әрекет етіп тұрған заңды тұлғалардың 1970-де ұжымдық шарттар қабылданып мониторингтен өтті,  2016 жылдың 9 айында 851 ұжымдық шарт мониторингтен өткізілді.

 2016 жылдың 3 тоқсанында  анықталған еңбек қатынастары бойынша заң бұзушылықтардың ішінен 10 - жасалынған еңбек шарттары мазмұнының заң талаптарына сай келмеуіне, 10 -жалақының мерзімінде төленбеуіне, 4 - жұмыс уақыты нормаларының сақталмауына, 4-еңбек демалыстарын беру, 4-еңбек шартын жасаспай жұмысқа қабылдау және басқа да бұзушылықтарға қатысты.

Жыл басынан бері Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы  прокуратура органдарымен бірлесе 12 кәсіпорнында 3882 жұмыскерге 596,282 млн.теңгенің жалақы қарызы барын анықтады, жалпы  қабылданған шаралар нәтижесінде, сонымен бірге кәсіпорын басшыларына жалақы бойынша  берешекті  өтеудің қатаң кестесі мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде  3773 жұмыскердің құқығы қорғалып, оларға 589,263  млн. теңге жалақы қарызы өтелді. 

Есепті кезеңде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша 67 бұзушылықтар анықталды, 12-қызметкерлерді оқыту мен нұсқама өткізу, 8- жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен, арнаулы киіммен қамтамасыз ету, 2-жазатайым оқиға фактісін жасыру және т.б.

2016 жылдың 3 тоқсанында облыс ұйымдарында 40(36) өндірістік жазатайым оқиға орын алып, 41 (44) -6,8% адам зардап шекті, оның ішінде 9(6)+33,3% әйел,   6(10) -40% адам өлімге соқтырған, 18(16) +11,1% адам ауыр дәрежедегі, 17(18) -5,5% адам жеңіл және орта  дәрежедегі жарақат алды.

2016 жылдың 3 тоқсанында 12 ұйымның 86 өндірістік нысандарына 445 жұмыс орныдарына еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау жүргізілді.

Есепті мерзімде еңбек қатынастары саласы бойынша 23 дөңгелек столдар мен семинарлар, 11 еңбек ұжымдарында 448 жұмыскерлерге оқулар өткізілді, ақпарат баспасөз беттерінде 50 мақалалар жарияланып, облыстың бірқатар еңбек ұжымдарында кездесулермен басқарманың ашық есік күндері өткізіліп, облыс тұрғындарының еңбек заңнамасына қатысты сұрақтарына жауаптар берілуде.

Басқарманың сайтында арнайы  «сұрақ-жауаптар» рубрикасы ашылып,  тұрғындардан түскен және оларды толғандырып жүрген еңбек қатынастарына қатысты сұрақтарға уақтылы жауаптар берілуде.                                                                       

Басқарманың ұйымдастыруымен ү.ж. 24 сәуір күні Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне арналған Қалалық мәдениет үйінде Халықаралық Еңбек Ұйымы ұсынған  «Еңбекті қорғау және қауіпсіздік» тақырыбында конференция өткізіліп, облыстық «Жылдың үздік қауіпсіз кәсіпорны» және  «Үздік еңбек қорғау инженері» байқау - конкурстарының қорытындысы жарияланып, жеңімпаздар дипломдармен марапатталып, оларға бағалы сыйлықтар тапсырылды.

ЖШС «Казфосфат» филиалы НДФЗ «Мемлекет басшысы белгілеген бес институционалдық реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадам» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді.

Ақпан айында Қазақ заманауи гуманитарлық-техникалық колледжінің студенттеріне және еңбек ұжымына ҚР Еңбек кодексін түсіндіру жұмысы жүргізілді.

29 қаңтар күні Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы 2015 жылы атқарған жұмыстары бойынша есебін өткізді.

20 мамыр күні «Казфосфат» ЖШС-нің ТКӨК «Шолақтау» және ТКӨК «Қаратау» филиалдарында еңбек қатынастары және еңбек қауіпсіздігін реттеу мәселелері бойынша «Ашық есік» өткізілді. 

24 маусым күні «Ұжымдық шарт – еңбек қатынастарының басты құралы» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді. Семинар-кеңесте тиімді сұхбат арқылы жұмыс берушілер  мен  жұмыскерлер арасында еңбек дауларының алдын-алу мақсатында ұжымдық шарт жасалатындығы туралы, ұжымдық шарттың жасалуының негізі аспектілерін, соның ішінде қолданыстағы жалпы еңбек заңнамасын көтеріп түсіндірме берілді.

28 маусым күні ««Балалар еңбегіне қамқорлық» тақырыбында Конференция өткізілді. Конференцияда он сегізге толмаған азаматтармен еңбек шартын жасасу, олардың жұмыс және тынығу уақытының режимдері Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде реттелгендігі туралы айтылып, балалар құқығын қорғаудағы атқарылған істер мен түйіні шешілмеген проблемалар талқыланып, шешу жолдары қарастырылды.

Еңбек инспекциясының ұйымдастыруымен 16 қыркүйек күні М. Х. Дулати атындағы ТарМУ- де «Еңбек күніне» арналған дөңгелек үстел өткізіп, ерекше көзге түскен 13 салалардың қызметкерлерін алғыс хаттармен марапаттады.

 

 

 

 

 

 

Оқиғалар күнтізбесі

ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031

Сайттың беттері

Мемлекеттік рәміздер

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі




Интерактивті сауалдама

Толығырақ...>>>