Kaz     Rus    Негізгі бетке    Кері байланыс    Сайт картасы   
 

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ
ЕҢБЕК ИНСПЕКЦИЯСЫ БАСҚАРМАСЫ

 
Мазмұны

Банерлер

 

 

 

 

 


Қуатты өңір – қуатты Қазақстан

 Қуатты өңір – қуатты Қазақстан

 

  Еліміздің тәуелсіз мемлекет деп жарияланған жылдары, елімізде  экономикалық және әлеуметтік салада жаңғырту жұмыстары жүргізіліп,  өндірісті бәсекеге жарамды ету үшін индустриалды-инновациалық мемлекеттік бағдарлама іс жүзіне асырылуда.

Осы мақсаттарға жетудің едәуір өлшемі білікті еңбек ресурстарын даярлау, қауіпсіз еңбек жағдайларын қоса алғанда, еңбек құқықтары мен еріктігін қорғауды қамтамасыз ету.

Осыған орай, республикамызда екі рет Еңбек кодексі қабылданып,  еңбек қатынастары тараптарының құқықтары мен мүдделерін қорғауға, еңбек саласындағы құқықтар мен бостандықтардың ең төмен кепілдіктерін белгілей отырып , еңбек қатынастары тараптары мүдделерінің теңгеріміне, әлеуметтік тұрақтылыққа, қоғамдық келісімге бағытталған қажетті құқықтық жағдайлар жасалынды.

Мемлекеттік органдардың жүйесінде еңбек заңнамасының және еңбек құқығы нормалары бекітілген өзге де нормативті құқықтық актілерінің  талаптардың сақталуын меншік нысанына қарамастан мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру өкілетті орган мемлекеттік еңбек инспекциясына жүктелген.

Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы 2013 жылы құрылған.

Еңбек саласында мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында, облыстық еңбек инспекциясы мемлекеттік мекемелері мен қоғамдық ұйымдармен бірлесіп, жүйелі түрде  еңбек заңнамасын қолдану мәселелері бойынша түсіндіру жұмысын ел арасында еңбек ұжымдарында жүргізуде.

Ағымдағы жылы 23 семинар-кеңес, конференция, ашық есік күндері және дөңгелек үстелдер өткізіліп, облыстық және аудандық баспа беттерінде 50 мақала жарияланып, «Кәсіпорындарда еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау» облыстық байқау өткізіліп, облыстық телевидениядан әрдайым тақырыптық бейнероликтер көрсетілуде.

 «Бітімгер» медиация және құқық орталығы, БАҚ жұмыскерлердің ассоциациясы,  облыс іскер әйелдер ассоциациясы, «Русский Центр» Орыс этномәдениет бірлестігі ҚБ, «Әлеуметтік жұлдыз» ҚБ, «Паритет» медиация және құқық орталықтарының басшыларымен іскерлік кездесу өткізілді.

Еңбек кодексін қолдану мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу барысында инспекциямен жаңадан ашылған өндірістік кәсіпорындарға ерекше көңіл бөлініп, практикалық көмек көрсетілуде.

 Талас ауданындағы "Talas Investment Company" ЖШС  негізгі қызметі брикеттелген цианид натрий, аммоний сульфатын өндіру  болып табылады.  Цианидтың әлеуеттік тұтынушылары - Қазақстан және ТМД елдерінің алтын қазатын компаниялары.

"Talas Investment Company" ЖШС басымдылық мақсаты қауіпсіз еңбек жағдайы, персоналдың және зауыттың аумағында тұрып жатқан халықтың денсаулығын қорғау.

Өндірісті іске қосу барысында серіктістікте еңбек қауіпсіздігі және еңбек қатынастарын қамтамасыз ету бойынша Инспекциямен сүйемелдеу жұмыстары жүргізілді, оның нәтижесінде "Talas Investment Company" ЖШС  өндірістік қауіпсіздік және еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғауды басқару жүйесі құрылып және ойдағыдай жұмыс істеп тұр.

Олар, Қазақстанның әрекет етіп тұрған заңнамасына сәйкес отандық және шетелдік тәжірибесі негізінде, тұрғызылған.

Серіктестіктің қалыптасу кезеңінде жұмыскерлері өзге елдерде біліктігін арттыру үшін оқытылып, қазіргі таңда кәсіпорында игілікті қызмет етуде.

Сонымен қатар ISO 14000 және OHSAS 18001 халықаралық стандарттарына сәйкес, жоспарлы түрде сертификациялау жұмыстары жүргізілуде.

Облыс аумағында өндіру және қайта өңдеу саласында Қазақстан Республикасында минерал тыңайтқыштар шығару бойынша зауыт құрылысы мен Қаратау бассейнінің кен орнын игеру» инвестициялық проектісін «ЕвроХим» компаниясы Қазақстандағы  еңбек қатынастары заңдылықтарын ескере отырып жүзеге асыруда.

 Бұнда кезең-кезеңімен тыңайтқыш өндірісі химиялық комплексінің құрылысы жүргізіліп жаңа жұмыс орындары ашылуда.

Мойынқұм ауданындағы «Жамбылская Цементная производственная компания» ЖШС  және «Мынарал Тас компани» ЖШС-і жұмыскерлерді оқытуға және біліктілігін арттыруға үлкен көңіл бөлуде.

Компанияның негізгі инвесторы «Vicat Group» шетелдің білікті мамандарымен ішкі тренингтер өткізеді.

Барлық техникалық мамандар мен инженерлер үшін міндетті оқыту мен біліктілігін арттыру, жұмыскерлерді қауіпсіздік техникасы ережелері мен еңбекті қорғау және басқа жоспардан тыс жеке, корпоративтік оқытулар қарастырылған.

Тексеру нәтижелерінде «Жамбылская Цементная производственная компания» ЖШС жұмыс орындары  еңбек жағдайлары бойынша аттестаттаудың нормаларын сәйкестігін көрсетті. Серіктестіктің барлық жұмыскерлері жеке қорғау құралдарымен, арнайы киімдерімен және арнайы аяқкиімдерімен қамтамасыз етілген, жұмыс орны еңбек қауіпсіздігінің нормаларына сәйкес келеді.

Өндірісте қамтылған  жұмыскерлер, вахталық әдіспен жұмыс істеуде, вахталық қалашықта тұру, медициналық қызмет, өмір сүру және тамақтану жағдайлары жасалған.

Жұмыскерлер ерікті медициналық сақтандыру кепілдіктерімен «Интертич»  медициналық сақтандыру компаниясында сақтандырылған, олар кез-келген уақытта жұмыс берушінің есебінен медициналық көмек алады.

Компанияның есебінен жұмыскерлер жыл сайын медициналық қарап-тексеруден өтеді.

Тиісінше, еңбек саласындағы құрылған әлеуметтік әріптестік өндірістің еңбек ұжымында оң нәтижесін беріп, өндірілген өнімі  нарықта бәсекелес болып танылуда.

         Бүгінгі таңда заңнамада бекітілген жұмыс берушінің қызметін декларациялау, еңбек заңнамасында жаңалықтардың бірі болып табылады.

          Еңбек жағдайларына сәйкес келу, заңнама талаптарын орындау, әкімшілік бөгеттерді шешу және шағын бизнестің шығындарын азайту үшін еңбек жағдайларының нақтылығын бағалау және кәсіби тәукелдерін анықтау жұмыс беруші үшін басты фактор болып табылады.

         Бұл шара еңбек заңнамасының талаптарын орындауда екі жақтың еңбек қарым қатынасын реттеу үшін жасалып отыр.

         Биылғы жылы Кодекстің 200-бабының нормаларына сәйкес, «Жамбылская ГРЭС им. Т.И.Батурова» АҚ-ы «Интергаз Центральная Азия» АҚ-ның филиалы, «Кнауф Гипс Тараз» ЖШС еңбек инспекциясы декларациялауға ұйымдастыру жұмыстарын жүргізіп, сенім сертификаттарын тапсырды.

         Кәсіпорынның қызметін декларациялау жұмыс берушіге өндірісті дербес басқару және заң алдына жауапкершілігін арттыру үшін үлкен мүмкіндік беріп отыр, сонымен қатар Кодексте белгіленген ішінара тексерулер қалыптастыру барысында және басқа да бақылау түрлерін қалыптастыруда есепке алынады.

         Ағымдағы жылы еңбек қатынастарын реттеу және еңбек қауіпсіздігі жөніндегі сұрақтар бойынша еңбек инспекциясы басқармасының бастамасымен «Казфосфат» ЖШС-і филиалдары базасында «Чулактау» ГПК»не «Каратау» ГПК-ы, «Тараз су» ШЖҚ  МКК-і базаларында «Ашық есік күні» өтті.

          Ашық есік күнінде бірлескен іс-шаралар жобалау туралы (ұжымдық шарттар, қауіпсіздік және еңбекті қорғау – өндірісттік жарақаттану және проф.аурулар, ұйымдардағы әлеуметтік және еңбек даулары) және Жаңа Еңбек кодексінің нормаларын түсіндіру жүргізілді.

         Басқарма басшысымен азаматтарды қабылдау жүргізіліп, жеке мәселелер, жұмыс берушімен жұмыскерлердің арасындағы даулы мәселелер бойынша түсініктемелер беріледі.

Жаңа Кодекске сәйкес жұмыс беруші мен жұмыскерлердің қатынастары көптеген жағдайда ұжымдық келіссөздер арқылы қалыптастырылады. 

Сондықтан ұжымдық шарт - тиімді әлеуметтік сұхбат құрастыру арқылы еңбек қатынастары тараптарының құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз етудің гаранты ретіндегі негізгі құқықтық акт, онымен ұжымдағы  еңбек дауыларынан туындайтын жанжалдардың алдын алады.

Облыс бойынша еңбек ұжымдарында ағымдағы  жылдың 1 қазанына – 1970 ұжымдық шарттар жасалған.

Өндірістік процесті, еңбек құқығын қамтамасыз ету және қызметкерді жұмысқа орналастыруды тұрақтандыру мәселелері туралы  әкімдік, жұмыс беруші және кәсіподақтар арасында меморандумдарға қол қою жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күнге облыс бойынша 67514 жұмысшыларды қамтитын 2558 еңбек ұжымдарында меморандумдар қабылданды.

Инспекция еңбек заңнамасы және еңбек қауіпсіздігінің сақталуының 18 тармағы бойынша тоқсан сайын мониторинг жүргізеді. Нәтижесінде еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау нормалары орындалуының жағдайы еңбек инспекциясының бақылауында.

Сондықтан, өз қызметінде еңбек инспекциясы ҚР еңбек заңнамасының бұзылу мәселелері бойынша хаттар, өтініш пен ұжымдық арыздарға аса назар аударады.

2016 жылдың есепті кезеңінде Инспекцияға 1210 жеке және заңды тұлғалардан өтініштер түскен, бұл өткен жылмен салыстырғанда 55% пайызға жоғары.

          2016 жылдың есепті кезеңінде облыстың ұйымдары мен кәсіпорындарында 192 жоспардан тыс тексеру және 17 ішінара тексеру жүргізіп,  206 заң бұзу фактілері анықталды, оның ішінде 26 халықты жұмыспен қамту саласынан болды. 

         Анықталған бұзушылықтардың нәтижелері бойынша жұмыс берушілерге 95 бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді, әкімшілік құқық бұзушылық туралы 90 қаулы шығарылып 6,6 млн. теңге соммасында әкімшілік айыппұл салынды және 24 ескерту берілді.

Жыл басынан бері Инспекция облыстық прокуратура органдарымен бірлесе отырып облыстың 12 кәсіпорнында 4208 жұмыскерге 596,282 млн.теңгенің жалақы қарызы барын анықтап, қабылдаған шаралардың нәтижесінде 3645 жұмыскердің құқығы қорғалып, оларға  561,766  млн. теңге жалақы қарызы өтелді.

 

        

          Жалақы  қарыздары бар ұйымдардың басшыларымен кездесулер өткізіліп, басшылары тыңдалып, жалақы қарыздарын өтеу мәселесі қаралып, облыстық үшжақты әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу комиссиясының қарауына да ұсынылады.

         Нәтижесінде жыл басынан өңірде еңбек даулары және 3 айдан асқан, мерзімінен өткен  жалақы қарызы бас ұйымдар ресми анықталмады.

          ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің өңірлерде әлеуметтік шиелініске және еңбек дауларының орын алуына ай сайын жүргізілетін моторингіне сәйкес, Жамбыл облысы әлеуметтік шиеленіс бойынша тәуекел картасында елеусіз фонын көрсетуде.

          Аталған кеңестерді өткізу еңбек саласындағы жүйелі жұмыстардың жүргізу іс-тәжірибесі негізінде, жұмыскерлердің құқығы мен мүддесін қозғайтын тараптардың өзара тиімді шешімге келетіндігі туралы қорытынды шығаруға болады.

         Еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау - еңбек саласында басты мәселелердің бірі болып табылады. Қауіпсіздігін, зияндылығын, ауырлық дәрежесін, орындалған жұмыстың қарқындылығын, еңбек гигиенасы және өндірістік ортанын шарттарының сәйкестігін анықтау үшін еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау саласында 12 ұйымда, 86 өндірістік объектіде, 445 жұмыс орнында аттестация жүргізілді.

         Сонымен қатар, еңбек заңнамасының нормаларына сәйкес Инспекциямен облыстың кәсіпорындарында 714 жауапты тұлғалардың білімін тексеру жүргізілді.

          2016 жылы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласы бойынша           67 бұзушылықтар анықталды. Оның ішінде, жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен, арнаулы киіммен  және арнаулы аяқ киіммен қамтамасыз ету, жазатайым оқиға фактісін жасыру, қызметкерлерді оқыту мен нұсқама өткізу және т.б.

         Мұндай заң бұзушылықтар ҰК «Қазақстан темір жолы» АҚ филиалында, «Жамбыл магистралдық желі бөлімшесінде», «ACIG» АҚ, «Т.Рысқұлов санаторий» және басқаларында анықталды.

        

2016 жылдың 1 қазанына облыс ұйымдары мен кәсіпорындарында         40 өндірістік жазатайым оқиға орын алып, 41 адам зардап шекті. Сонымен қатар, былтырғы жылмен салыстырғанда өндірістік жарақаттану көрсеткіштерінің бірқатар төмендеуі байқалуда, осылайша, зардап шеккендер саны 2015 жылдың ұқсас кезеңіне 44 адам құраған.

Есепті кезеңде 37 арнайы тергеп-тексеру жүргізіліп, материалдары ішкі істер органдарына жолданды.

 

Жазатайым оқиғалардың негізгі себептері зардап шегушінің абайсыздығы, өндірістің дұрыс ұйымдастырылмауы, автожол қозғалысы ережелерінің бұзылуы болып табылған.

 

Іс тәжірбеде өндірістік жарақаттану деңгейін төмендетудің негізгі себептерінің бірі болып ұйымдардағы еңбек қауіпсіздігі және жағдайына мемлекеттік бақылауды жоспарлы іс-шараларды жүзеге асыру, тексерілетін кәсіпорындардың барынша максималды қамту болып табылады. Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңестің деңгейін көтерілуі, тепе-тең негізде жұмыс беруші мен жұмыскерлердің еңбекті қорғау талаптарын қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастыруы, сонымен қатар жұмыс орындарда еңбек жағдайы мен еңбекті қорғау бойынша тексеру жұмыстарын жүргізу.

Қорытындылай келе, қазіргі таңдағы экономикалық жағдайдағы, азаматтарға заңнамалық және практикалық қолдау маңыздылығын ескере, еңбек қатынастары, еңбек қауіпсіздігі мен оны қорғау саласында едәуір жақсартуларға лайықты екендігін атап өту керек.

 Еңбек қатынастары, еңбек қауіпсіздігі мен оны қорғау заңнамасы сақталуын қадағалау әрдайым өз маңыздылығын сақтап, мемлекеттік еңбек инспекциясының бақылауында болады.

 

 #Болашағымыз-бірлікте #Вместесильнее

 

Оқиғалар күнтізбесі

ДсСсСрБсЖмСнЖк
123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930

Сайттың беттері

Мемлекеттік рәміздер

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі




Интерактивті сауалдама

Толығырақ...>>>