Kaz     Rus    Негізгі бетке    Кері байланыс    Сайт картасы   
 

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ
ЕҢБЕК ИНСПЕКЦИЯСЫ БАСҚАРМАСЫ

 
Мазмұны

Банерлер

 

 

 

 

 


2016 жылдың 4 тоқсанында атқарған жұмыста Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасының

 Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасының 2016 жылдың 4 тоқсанында атқарған жұмыстары туралы қысқаша есебі

 

Тараз қаласы                                                             2016 жыл 30 желтоқсан

 

Құқықтық және әкімшілік шаралар

Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасының мемлекеттік еңбек инспекторларымен 2016 жылдың 4 тоқсанында облыс ұйымдарында  253  жоспардан тыс және 21 ішінара тексерулер жүргізілді, барлығы 274.

Анықталған бұзушылықтардың нәтижелері бойынша жұмыс берушілерге 134 бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді. Оның 96 еңбек қатынастарына, 36 еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауға, 2 халықты жұмыспен қамтуға қатысты.

Есепті кезеңде заңды және лауазымды тұлғаларға қатысты 76 әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулылыр шығарылып, 8123430   теңге соммасына әкімшілік айыппұл салынды және 26 ескерту берілді.Төртінші тоқсанның аяғына 7042080 теңге өндірілді. 

Жоспарлы шараларды іске асырудың нәтижесінде есепті кезеңде 281 бұзушылықтар анықталды. Оның ішінде: 180 еңбек қатынастарына, 86 еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауға, 15 жұмыспен қамтуға қатысты. 269 анықталған жалпы еңбек заңнамасының бұзушылықтары жойылды. Оның ішінде:еңбек қатынастары- 170,  еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау- 84 халықты жұмыспен қамту- 15.

Есепті кезеңде тексеру арқылы 244 азаматтардың жазбаша өтініштері қаралды, өткен жылмен салыстырғанда бұл 25 % өсуде.

 2016 жылдың есепті кезеңіне басқармаға барлығы 1503 жеке және заңды тұлғалардан өтініш келіп түсті (812- жеке және 691-заңды тұлғалардан), былтырғы жылмен салыстырғанда 55,8% жоғары.

Облыстық үшжақты әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және  еңбек қатынастарын реттеу комиссиясының 2015 жылдың 26 мамырдағы отырыстарының №2 хаттамасының негізінде  Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы  еңбек қатынастары, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жай-күйіне 100 кәсіпорындарда тоқсан сайын  18 көрсеткіш бойынша мониторинг жүргізеді.

Өндірістік процесті, еңбек құқығын қамтамасыз ету және қызметкерді жұмысқа орналастыруды тұрақтандыру мәселелері туралы  әкімдік, жұмыс беруші және кәсіподақтар арасында  67 751 жұмысшыны қамтитын 2619 кәсіпорындарда меморандумдарға қол қойылды (40%).   Олардың 57 ірі кәсіпорындармен (79,2%)    (жұмысшылар саны -32 097) және 2562 - орта және шағын кәсіпорындармен (39,6%) (жұмысшылар саны -35654).

ҚР Еңбек Кодексінің 200 бабының негізінде еңбек заңнамасының талаптарына сәйкес деп танылып «Интергаз Орталық Азия» АҚ филиалы, «Т.И.Батуров атындағы Жамбыл ГРЭС» АҚ, «Кнауф Гипс Тараз» ЖШС, «Кереге» ЖШС және «Эврика-Барит» ЖШС үш жыл мерзімге сенім сертификаттары тапсырылды.

 

Ұжымыдық шарттардың қабылдануы

2016 жылдың есепті кезеңінде  2269   ұжымдық шарттар жасалған.  Оның ішінде 1401 шарттар мемлекеттік мекемелерде, 868- жеке субъектілерде. Жамбыл облысында аталған кезеңге әрекет етіп тұрған  мемлекеттік ұйымдардың саны 1566, жеке сектор - 4978.

Еңбек қатынастары

2016 жылдың 4 тоқсанында  еңбек қатынастары бойынша  180 заң бұзушылықтар анықталды.

Негізгі себептері: жалақының мерзімінде төленбеуі, ақылы еңбек демалыстарын беруде, жасалынған еңбек шарттары мазмұнының заң талаптарына сай келмеуі, жұмыс уақыты нормаларының сақталмауы, еңбек шартын жасаспай жұмысқа қабылдау және басқа да бұзушылықтарға қатысты.

Жыл басынан бері  Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы  прокуратура органдарымен бірлесе 14 кәсіпорнында 6145 жұмыскерге 686,811 млн.теңгенің жалақы қарызы барын анықтады, жалпы  қабылданған шаралар нәтижесінде, сонымен бірге кәсіпорын басшыларына жалақы бойынша  берешекті  өтеудің қатаң кестесі мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде  6073 жұмыскердің құқығы қорғалып, оларға 668,294  млн. теңге жалақы қарызы өтелді. 

Жалақы қарызы бойынша мәселелер жиі басқарма басшысында қаралды және әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үш жақты комиссияның отырысында «Altais group» ЖШС, «Тalas Investment company» ЖШС, «Запчасть» АҚ, «Тараз» ФК, «Тараз-Су» ШЖҚ МКК, «ACIG» АҚ, «Мекен-Жай-Тараз» ЖШС, «Казпроммонтаж» ЖШС кәсіпорындары басшыларының есебі тыңдалып, орын алған жалақы қарыздарын төлеу бойынша заң  талаптары түсіндіріліп,  ұсыныстар берілді.

 

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау

Есепті кезеңде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша 86 бұзушылықтар анықталды. Негізгі себептері: қызметкерлерді оқыту мен нұсқама өткізу, жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен, арнаулы киіммен қамтамасыз ету, жазатайым оқиға фактісін жасыру және т.б.

2016 жылдың 4 тоқсанында облыс ұйымдарында 60 өндірістік жазатайым оқиға орын алып, 65 адам зардап шекті, оның ішінде   9(11) адам өлімге соқтырған, 31 адам ауыр дәрежедегі, 25 адам жеңіл және орта  дәрежедегі жарақат алды.

Жыл басынан 4(7) топтық жазатайым оқиға орын алып (былтырғы жылмен салыстырғанда 42,8% төмен), мұнда 9 (16) адам жарақат алды (өткен жылға қарағанда 43,7% төмен), оның ішінде 6 әйел, сонымен қатар 1 адам қаза тапты.

Есепті кезеңде 62(57) арнайы тергеп-тексеру туралы комиссия құрылып, тексерулер жүргізілді.  Барлық тергеп-тексеру материалдары ішкі істер органдарына жолданған.

Жазатайым оқиғалардың негізгі себептері зардап шегушінің абайсыздығы, өндірістің дұрыс ұйымдастырылмауы, автожол қозғалысы ережелерінің бұзылуы.

Еңбек қатынастары саласында азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау, жұмыскерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында, барлық тұрғындардың, әлеуметтік-еңбек қақтығыстарын алдын алу мақсатында кәсіпорындар мен ұйымдарда 833 жауапты тұлғалардың білімі тексерілді. 42 ұйымда  194 өндірістік нысандар аттестациядан өткізілді.

 

Халықты жұмыспен қамту

Есепті кезеңде халықты жұмыспен қамту  бойынша 15 бұзушылықтар анықталды. Негізгі себептері: бос жұмыс орындарының босауы туралы уәкілетті органдарды хабардар етпеуі.

 

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары

Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Есепті мерзімде еңбек қатынастары саласы бойынша 25 дөңгелек столдар мен семинарлар, 16 еңбек ұжымдарында 512 жұмыскерлерге оқулар өткізілді, ақпарат баспасөз беттерінде 62 мақалалар жарияланды және 5 радио арқылы тікелей эфирге шығып, облыстың бірқатар еңбек ұжымдарында кездесулермен басқарманың ашық есік күндері өткізіліп, облыс тұрғындарының еңбек заңнамасына қатысты сұрақтарына жауаптар берілуде.

Басқарманың ұйымдастыруымен ү.ж. 24 сәуір күні Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне арналған Қалалық мәдениет үйінде Халықаралық Еңбек Ұйымы ұсынған  «Еңбекті қорғау және қауіпсіздік» тақырыбында конференция өткізіліп, облыстық «Жылдың үздік қауіпсіз кәсіпорны» және  «Үздік еңбек қорғау инженері» байқау - конкурстарының қорытындысы жарияланып, жеңімпаздар дипломдармен марапатталып, оларға бағалы сыйлықтар тапсырылды.

ЖШС «Казфосфат» филиалы НДФЗ «Мемлекет басшысы белгілеген бес институционалдық реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадам» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді.

Ақпан айында Қазақ заманауи гуманитарлық-техникалық колледжінің студенттеріне және еңбек ұжымына ҚР Еңбек кодексін түсіндіру жұмысы жүргізілді.

20 мамыр күні «Казфосфат» ЖШС-нің ТКӨК «Шолақтау» және ТКӨК «Қаратау» филиалдарында еңбек қатынастары және еңбек қауіпсіздігін реттеу мәселелері бойынша «Ашық есік» өткізілді. 

24 маусым күні «Ұжымдық шарт – еңбек қатынастарының басты құралы» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді. Семинар-кеңесте тиімді сұхбат арқылы жұмыс берушілер  мен  жұмыскерлер арасында еңбек дауларының алдын-алу мақсатында ұжымдық шарт жасалатындығы туралы, ұжымдық шарттың жасалуының негізі аспектілерін, соның ішінде қолданыстағы жалпы еңбек заңнамасын көтеріп түсіндірме берілді.

28 маусым күні ««Балалар еңбегіне қамқорлық» тақырыбында Конференция өткізілді. Конференцияда он сегізге толмаған азаматтармен еңбек шартын жасасу, олардың жұмыс және тынығу уақытының режимдері Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде реттелгендігі туралы айтылып, балалар құқығын қорғаудағы атқарылған істер мен түйіні шешілмеген проблемалар талқыланып, шешу жолдары қарастырылды.

Еңбек инспекциясының ұйымдастыруымен 16 қыркүйек күні М. Х. Дулати атындағы ТарМУ- де «Еңбек күніне» арналған дөңгелек үстел өткізіп, ерекше көзге түскен 13 салалардың қызметкерлерін алғыс хаттармен марапаттады.

Оқиғалар күнтізбесі

ДсСсСрБсЖмСнЖк
123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930

Сайттың беттері

Мемлекеттік рәміздер

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі




Интерактивті сауалдама

Толығырақ...>>>