Kaz     Rus    Негізгі бетке    Кері байланыс    Сайт картасы   
 

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ
ЕҢБЕК ИНСПЕКЦИЯСЫ БАСҚАРМАСЫ

 
Мазмұны

Банерлер

 

 

 

 

 


Ереже

Жамбыл облысы әкімдігінің
2016 жылғы
27 қазандағы
316 қаулысымен бекітілген

«Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі

 

1. Жалпы ережелер

 

         1. «Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

         2. «Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ведомстволық бағынысты ұйымдары жоқ.

         3. «Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

         4. «Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық жағынан коммуналдық мемлекеттік мекеме түріндегі заңды тұлға болып табылады, оның мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

         5. «Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

         6. «Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7. «Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

8. «Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылымы және штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

9. «Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: пошталық индексi 080012, Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі, 78.

10. Мемлекеттік органның толық атауы - «Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

11. Осы Ереже «Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
         12. «
Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

13. «Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен «Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

2.Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

14. «Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы - еңбек қатынастарын және еңбек қатынастарына тікелей байланысты өзге де қатынастарды еңбек қатынастары тараптарының құқықтары мен мүдделерін қорғау.

         15. Міндеттері:

         1) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету;

2) қауіпсіз еңбек жағдайларына құқықты қоса алғанда, жұмыскерлердің құқықтары мен бостандықтарының сақталуын және қорғалуын қамтамасыз ету;

3) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының мәселелері бойынша жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің өтініштерін, арыздарын және шағымдарын қарау болып табылады.

16. Функциялары:

1) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

         2) жұмыс берушілер ұсынған ұжымдық шарттардың мониторингін жүзеге асырады;

         3) өндірістік жарақаттанудың, кәсіптік аурулардың, кәсіптік уланулардың себептеріне талдау жүргізеді және олардың профилактикасы жөнінде ұсыныстар әзірлейді;

         4) еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен тергеп-тексереді;

         5) жұмыс берушілердегі еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдардың білімін тексеруді жүргізеді;

         6) өндірістік мақсаттағы объектілерді пайдалануға қабылдау жөніндегі қабылдау комиссиясының құрамына қатысады;

         7) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау нормативтерін жетілдіру мәселелері бойынша жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің өкілдерімен өзара іс-қимыл жасайды;

          8) жұмыскерлердің, жұмыс берушілер мен олардың өкілдерінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері жөніндегі өтініштерін қарайды;

         9) өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау мониторингін жүзеге асырады;

         10) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру кестелерін әзiрлейдi және бекiтедi;

         11) еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органға еңбекті қорғау және еңбек қауiпсiздiгі жөніндегі ақпараттық жүйе негізінде кезеңдік есептерді, сондай-ақ еңбек қауiпсiздiгі және еңбектi қорғау жай-күйі мониторингінің нәтижелерін ұсынады;

         12) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша ұжымдық еңбек дауларының мониторингін жүргізеді;

         13) еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органға еңбек қатынастары бойынша қажетті ақпаратты береді;

         14) жұмыс берушінің қызметін декларациялауды жүзеге асырады.

17. Құқықтары мен міндеттері:

Құқықтары:

1) өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда өкілеттік етуге және тиісті хат алмасуға, өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түсуге;

2) белгіленген тәртіппен басқа мемлекеттік органдармен және ұйымдармен қарым-қатынас орнатуға, олардан қызмет үшін қажетті мәліметтер мен материалдарды сұратуға және алуға;

3) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының талаптарының орындалуы бойынша белгіленген тәртіппен және құзыреті шегінде тексерулер және өзге де нысанда мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруға;

4) өз құзырына кіретін мәселелерді талқылау бойынша комиссиялар мен жұмыс топтарының жұмысына қатысуға;

5) уәкілетті органдардан, жұмыс берушілерден (заңды тұлғалардан), жеке тұлғалардан, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметімен айналысатын тұлғалардан талдау жұмысын қамтамасыз ету және жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін қажетті құжаттар мен ақпараттық сипаттағы анықтамаларды белгіленген тәртіппен сұратуға және алуға;

6) өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша тиісті шешімдерді қабылдауға;

7) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

Міндеттері:
         1)
Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыруға;

2) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының орындалуын тексеруді уақтылы және сапалы жүргізуге;

3) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының анықталған бұзушылықтарын жою жөніндегі шараларды қабылдау мақсатында осындай бұзушылықтар туралы жұмыс берушілерді (олардың өкілдерін) хабардар етуге;

4) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану мәселелері бойынша жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің өтініштерін уақтылы қарауға;

5) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының бұзылуына әкеп соғатын себептер мен мән-жайларды анықтауға, оларды жою және бұзылған еңбек құқықтарын қалпына келтіру жөнінде ұсынымдар беруге;

6) еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруге қатысуға;

7) еңбек заңнамасының бұзылу себептерін жинауды, талдауды және қорытуды жүзеге асыруға, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының бұзылуының алдын алу жөніндегі жұмысты күшейтуге бағытталған шараларды әзірлеу мен қабылдауға қатысуға;

8) еңбек міндеттерін орындауға байланысты өзіне мәлім болған мемлекеттік құпияны, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етпеуге;

9) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану мәселелері бойынша түсіндіру жұмысын жүргізуге;

10) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы бақылауды жүзеге асыру кезiнде азаматтармен және қызметкерлердiң өкiлдерiмен өзара iс-қимыл жасасуға;

11) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтауға;

12) Еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органның құзыретіне сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметтің және өзге де орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ облыс әкімі мен әкімдіктің актілері мен тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындауға.


3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

 

         18. «Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне басшылықты, «Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

         19. «Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның келісімімен облыс әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

         20. «Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.

         21. «Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:

         1) құрылымдық бөлімшелердің басшыларының міндеттері мен өкілеттіліктерін анықтайды;

         2) заңнамаға сәйкес қызметкерлерді қызметке тағайындайды және босатады;

         3) құрылымдық бөлімшелер туралы ережелерді бекітеді, орындауға міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді, қызметтік құжаттарға қол қояды;

         4) қызметкерлерді көтермелеу, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жаза қолдану мәселелерін заңнамада белгіленген тәртіппен шешеді;

         5) қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

         6) «Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі атынан сенімхатсыз әрекет жасайды;

         7) мемлекеттік органдарда, қоғамдық және басқа қазақстандық және шетелдік ұйымдарда, сондай-ақ жеке тұлғалармен қарым-қатынаста «Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі атынан өкілдік етеді;

         8) «Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілердің, бағдарламалар жобаларының және басқа да құжаттардың әзірлену барысын бақылайды;

         9) «Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша есептік материалдарды дайындау жөніндегі жұмыстарды бақылайды;

         10) белгіленген тәртіппен «Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қаржылық-экономикалық және шаруашылық қызметтерінің мәселелерін шешеді, бюджеттік қаражаттардың тиімді және мақсатты орындалуын бақылайды;

         11) «Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарын, қызметкерлердің белгіленген еңбекақы төлеу қоры мен саны шегінде бекітеді;

         12) «Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі заңдылықтың, шарттық және қаржылық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етеді;

         13) заңнамада белгіленген тәртіппен «Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі атынан заңды және жеке тұлғаларға наразылықтар мен талап білдіру туралы шешім қабылдайды;
         14) сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиісті шаралар қолданады және тиісті шаралар қабылдамағаны үшін дербес жауапкершілікте болады;

         15) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.

         «Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
         22. Бірінші басшы өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

 

4. Мемлекеттік органның мүлкі

 

         23. «Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкі болады.

         «Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

         24. «Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

         25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

 

 

         26. «Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Оқиғалар күнтізбесі

ДсСсСрБсЖмСнЖк
12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930

Сайттың беттері

Мемлекеттік рәміздер

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі




Интерактивті сауалдама

Толығырақ...>>>