Kaz     Rus    Негізгі бетке    Кері байланыс    Сайт картасы   
 

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ
ЕҢБЕК ИНСПЕКЦИЯСЫ БАСҚАРМАСЫ

 
Мазмұны

Банерлер

 

 

 

 

 


Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы басшысының 2016 жылдың қорытындысы және алда

 

Құрметті әріптестер!  

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 20 мамырдағы «100 нақты қадам» бағдарламасының 95 тармағы негізінде, есепті мерзімде, облыстағы ұйымдарда қолданыстағы еңбек қатынастары саласындағы заңнама талаптарының сақталуы мен еңбек дауларының алдын алу мақсатында, ұжымдардың жұмыскерлеріне Еңбек кодексінің және өзге де салалық нормативтік құқықтық актілердің нормалары бойынша түсіндірмелер мен оқытып-үйрету жұмыстары  және бірқатар тексеру жұмыстары жүргізілді.

 

Өткен жылы басқармамен 25 дөңгелек столдар мен семинарлар, 16 еңбек ұжымдарында 512 жұмыскерлерге оқытулар өткізілді, ақпарат баспасөз беттерінде 62 мақалалар жарияланып және 6 рет радио арқылы тікелей эфирде облыс тұрғындарының еңбек заңнамасына қатысты сұрақтарына жауаптар берілді. Облыстық телевидениядан  еңбек заңнамасының жекелеген тақырыптар бойынша басқармамен түсіндірме бейнероликтері даярланып, облыс тұрғындарының назарына ұсынылды.

 

Басқарманың ресми сайтында арнайы «Сұрақ-жауаптар» рубрикасы ашылып,  тұрғындарды толғандырып жүрген еңбек қатынастарына қатысты сұрақтарына уақтылы жауаптар беріліп отырылды.

Слайд 2-3.

 

Басқармамен 2016 жылы ішінара тексерулердің қорытындысы бойынша «Ашық есік күні» шараларын өткізу тәжірибесін енгізу, кәсіпорындағы жұмыскерлермен тікелей сұхбаттасу арқылы жұмыс берушілерлермен еңбек заңнамасы талаптарының орындалуы тақырыбындағы өзекті мәселелерін анықтауға мүмкіндік берді.

Бұл - ұжымдық шарттардың орындалуы, қауіпсіз жұмыс орындарын құруы, жалақыларын уақытылы төлеу және жұмыскерлердің әлеументтік жағдайлары т.б.

 

Аталған шаралар «Казфосфат» ЖШС-нің ТКӨК «Шолақтау» және ТКӨК «Қаратау» филиалдарында, «Тараз-Су» МКК және «Talas Investment company»,Еврохим ЖШС өткізілді. 

Кәсіподақ орталығымен бірлесе 24 маусым күні «Ұжымдық шарт – еңбек қатынастарының басты құралы» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді. Семинар-тренинг тиімді сұхбат арқылы жұмыс берушілер  мен  жұмыскерлер арасында еңбек дауларының алдын-алу мақсатында ұжымдық шарт жасалатындығы туралы, ұжымдық шарттың жасалуының негізі аспектілерін, соның ішінде қолданыстағы жалпы еңбек заңнамасына  түсіндірме берілді.

28 маусым күні «Балалар еңбегіне қамқорлық» тақырыбында Конференция өткізілді.

Конференцияда он сегізге толмаған азаматтармен еңбек шартын жасасу, олардың жұмыс және тынығу уақытының режимдері Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде реттелгендігі туралы айтылып, балалар құқығын қорғаудағы атқарылған істер мен түйіні шешілмеген проблемалар талқыланып, шешу жолдары қарастырылды.

Еңбек инспекциясының ұйымдастыруымен М. Х. Дулати атындағы ТарМУ- де «Еңбек күніне» арналған дөңгелек үстел өткізіліп, еңбек саласындағы заң талаптарын өндіріске еңгізуде ерекше көзге түскен 13 саланың қызметкерлері алғыс хаттармен марапатталды.

 

ЖШС «Казфосфат» филиалы НДФЗ, «Жамбыл электр жүйесі» ЖШС «Мемлекет басшысы белгілеген бес институционалдық реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадам» тақырыбында семинар-кеңес, дөңгелек стол отырыстары өткізілді.         

Слайды 4-20.

 

Облыстық үшжақты әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және  еңбек қатынастарын реттеу комиссиясының 2015 жылдың 26 мамырдағы № 2 хаттамасы негізінде, басқармамен еңбек қатынастары, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жай-күйіне 100 кәсіпорындардан тоқсан сайын 18 көрсеткіш бойынша мониторинг жүргізіліп,  еңбек заңнамасы мен еңбек қауіпсіздігі нормаларының орындалуы бақыланып отырылды. 

Мониторингтің әр тармағы бойынша кәсіпорынның жағдайына егжей-тегжейлі талдау жүргізілді.

Мысалы: ұжымдық шарттың болуына, жұмыскерлерді жазатайым оқиғалардан сақтандыруына, жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен, арнаулы киіммен қамтамасыз етуіне, жалақы қарызының орын алуына,  қызметкерлерді оқыту мен нұсқама өткізуіне, жазатайым оқиғалардың санына және т.б.

 

 Мониторинг жургізу барысында анықталған кемшіліктер бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлардың еңбек заңнамасын сақталуына түсіндірме жұмыстарын жүргізудің нәтижесінде, «Куликовский молочный продукт» ЖШС мен «Central Asia Cold» ЖШС жазатайым оқиғалардан сақтандыру шарты және «Запчасть» АҚ мен «КазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС-де анықталған бірқатар кемшіліктер қаралып, ұжымдық шарттар жасалды.

 Слайд 21.  

  

Өздеріңізге белгілі, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде  жұмыс берушінің, кәсіптік одақ ұйымдарының және жұмыскердің арасында ұжымдық шарт бекіту мүмкіндіктері көзделген.      (157 бап).

 

 

Өткен жылы облыста әрекет етіп тұрған 6544 заңды тұлғалардың ішінде 2269 заңды тұлғаларда жасалынған ұжымдық шарттар, басқармада мониторингтен өткізіліп, жалпы жұмыс істеп тұрған субъектілердің 35 пайызын құрады.

(оның ішінде, 1401 шарттар мемлекеттік мекемелерде, 868- жеке субъектілерде).

 

Ал, 2015 жылы облыс аумағындағы ұйымдарда 1451 ұжымдық шарттар жасалынып, басқармада мониторингтен өткен. (немесе жалпы жұмыс істеп тұрған субъектілердің 23 пайызында, оның ішінде, 1290 (80%) шарттар мемлекеттік мекемелерде, 161 (3%)- жеке субъектілерде).                       Слайд 22-23.

Бұл көрсеткіш 2015 жылмен салыстырғанда 818 ұжымдық шартқа ұлғайғандығын, немесе 36 пайызға ұлғайғандығын  көрсетеді.,

(оның ішінде, 111 шарттар мемлекеттік мекемелерде (12%), 707- жеке субъектілерде ұжымдық шарттар (82%) ұлғайғандығын көрсетеді).

 

Яғни, ҚР Еңбек кодексінің нормаларын жұмыс берушілер түсіне келе, жұмыскерлерге ұжымдық шарт арқылы жағдай жасай отырып, еңбек саласында заң талаптары енгізілуде деп айтуға толық негіз бар.

Өндірістік процесті, еңбек құқығын қамтамасыз ету және қызметкерді жұмысқа орналастыруды тұрақтандыру мәселелері туралы  әкімдік, жұмыс беруші және кәсіподақтар арасында  67 751 жұмыскерді қамтитын 2619 кәсіпорындарда меморандумдарға қол қойылды (40%).

Олардың 57 ірі кәсіпорындармен (79,2%)    (жұмыскерлер саны -32 097) және 2562 - орта және шағын кәсіпорындармен (39,6%) (жұмыскерлер саны -35654).

Алайда, меморандумдар қабылданғанымен, өткен жылы: жалақы берешегі - «Тalas Investment company» ЖШС, «Запчасть» АҚ, «Тараз-Су» ШЖҚ МКК орын алды; жұмыс орнының қысқаруына – «Тараз металлургиялық зауыты» ЖШС, «Қамқор Локомотив» ЖШС Шу филиалында жол берілді; және толық емес жұмыс күні – «Тараз құбыр зауыты» ЖШС енгізілді.

 

 

 

Жұмыс орындарының қысқаруына  байланысты мемлекеттік еңбек инспекторлары аталымыш кәсіпорындармен жұмыспен қамту әкілетті мемлекеттік органдарға уақтылы консультациялар беріп, еңбек дауларының болмауының алдын алып отырды.

 Слайд 24-27.

 

Ұжымдық шарттармен қабылданған мемерандумдар тараптардың еңбек қатынастары,еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында құқықтары мен міндеттерінің ара жігін ажырата отырып, құқықтары мен мүдделерінің реттелетіндігін ескерсек, кәсіподақ ұйымдары мемлекеттік уәкілеттік органдар  жұмыскерлермен жұмыс берушілердің  арасында ұжымдық шарттармен мемерандумдар қабылдау жұмыстарын ұйымдастыруды пәрменді турде жүргізулері тиіс.

Бұл мәселе, аудан, қала әкімдіктерінің жанындағы үшжақты комиссиялардың басты назарында болуы тиіс.       

    Қолданыстағы Еңбек Кодексінің жаңалықтарының бірі болып, жұмыс берушінің қызметін декларациялау нормасы енгізілген.

Өткен жылы «Интергаз Орталық Азия» АҚ филиалы, «Т.И.Батуров атындағы Жамбыл ГРЭС» АҚ, «Кнауф Гипс Тараз», «Кереге» және «Эврика-Барит» серіктестіктеріне үш жыл мерзімге сенім сертификаттары тапсырылды.

Аталған сертификаттар иелеріне 3 жыл мерзімге белгілі бір шарттармен кәсіпорындарды ішінара тексерулерден босатуға мүмкіндік береді.

Слайд 28

 

Жалпы басқармада есепті мерзімде 1503 жеке және заңды тұлғалардың арыз-шағымдар қаралды,  бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда 56% жоғары.

 Оның ішінде, жеке тұл

2016 жылы еңбек инспекциясына келіп түскен шағымдар санының кобеюі, азаматтардың әлеуметтік белсенділігінің артуын, құқықтық сауаттылығының артқанын, еңбек инспекция қызметінің кең ақпараттандырылуын көрсетеді, сондай-ақ жұмыс берушілердің тарапынан еңбек заңнамасын бұзу фактілерінің жиі орын алуынан болып отыр.

 Еңбек қатынастарын реттеу барысында, өткен жылы басқармамен 274 тексерулер жүргізіліп, жалпы еңбек қатынастары бойынша 180 заң бұзушылықтар анықталды.

 Оның, 244 азаматтардың арыз-шағымдары және 9 прокуратура органдарының актілері негізінде жоспардан тыс (жалпы 253), 21 ішінара бақылау - қадағалау шаралары. Арыз-шағымдардың негізгі бөлігі (237) 97 пайызы еңбек қатынастары, және 3 пайызы (7) еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау тақырыптарында екендігі анықталды.

Слайд 29.

 

Орын алған заң бұзушылықтардың 180 - еңбек қатынастары, 86 - еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, 15 - халықты жұмыспен қамту  мәселесі бойынша. (2015 жылы орын алған заң бұзушылықтардың 401 - еңбек қатынастары, 235 - еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, 10 - халықты жұмыспен қамту  мәселесі бойынша).         

Негізгі түрлері: жалақының мерзімінде төленбеуі, ақылы еңбек демалыстарын беруде, жасалынған еңбек шарттары мазмұнының заң талаптарына сай келмеуі, жұмыс уақыты нормаларының сақталмауы, еңбек шартын жасаспай жұмысқа қабылдау және басқа да бұзушылықтарға қатысты. Бұндай фактілер облыстағы жекелеген кәсіпорындарында орын алуда.

 

Еңбек шартын жасаспау.

Еңбек шарты жұмыскер мен жұмыс берушінің арасындағы жазбаша келісім, еңбек шартын жасау азаматтарымыздың еңбек құқықтарын қорғауға мүмкіндік беретін құжат болғандықтан, еңбек шартын  жасамай жұмысқа жібергені үшін жұмыс берушіге салынатын айыппұлдың мөлшерін көбейту қарастырылды. Басқарманың мемлекеттік еңбек инспекторлары  2016 жылы еңбек шартын  жасамай жұмысқа жіберген 5 фактіні анықтады (мысалы, ИП «Sam Nur»).

Сонымен қатар, жасалынған еңбек шартының мазмұны да еңбек заңнамасының нормаларына сай болу керек, еңбек шартының мазмұнына қатысты 13 заң бұзушылық анықталған, олар  «Мыңарал Тас Компани»  ЖШС, «Алтыналмас АК»  АҚ, «ЕвроХим-удобрение» ЖШС және т.б. орын алған.

Жұмысқа қабылдауды  рәсімдеуде де қателіктер жіберілуде, мысалы «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның «Жамбыл магистралды жол бөлімшесі» филиалында еңбек шартын жасамай тұрып, жұмысқа қабылдау туралы бұйрық шығарылған.

 

Шу ауданының № 49 негізгі мектебінің директоры оқу ісі жөніндегі оорынбасарын заң талаптарын бұза отырып мұғалімдік жұмысқа ауыстырған, оны анықтап заң бұзушылықтарды жою жөнінде берілген мемлекеттік еңбек инспекторының нұсқамасын орындамай, сотқа талап арыз берген, алайда сот мемлекеттік еңбек инспекторының талабын заңға сәйкес деп тапты. Еңбек инспекторы өз тарапынан нұсқаманы орындамағыны үшін мектеп директорына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғап, сотқа жолдады. Мектеп директорларын тағайындағанда еңбек заңнамасына қатысты білімі тексерілмейтінін байқауға болады.

 

Жұмыстан заңсыз босату.

«ҚазМұнайгаз Өнімдері» ЖШС-нің Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстары бойынша филиалында кассир Н.В.Плотниковамен еңбек шартын бұзғанда еңбек заңнамасының талаптарын сақтамаған, еңбек инспекторының араласуымен кассир жұмысқа қайта орналастырылды.

Шу ауданының № 49 негізгі мектебінің мұғалімі Г.Урусбаеваның жұмыстан заңсыз босатылғаны еңбек инспектопрымен анықталып, ол туралы іс сотта қаралып, бос жүрген уақытына жалақы төленіп, жұмысына қайта алынды.

«Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімінің №22 Б.Момышұлы атындағы орта мектебі» КММ-не жұмыскері Б.Абдикеримовпен жасалынған еңбек шарты мерзімінін аяқталуы бойынша деген негізбен тоқтатылған, алайда тексеру барысында Б.Абдикеримовпен жасалынған еңбек шарты белгісіз мерзімге жасалынған болып шықты, еңбек дауы болып есептелгендіктен, Қазақстан Республикасының  Еңбек кодексінің 159 бабының 1-ші тармағына сәйкес келісу комиссиясына немесе сотқа қайрылу ұсынылды.

«Амангелді газ өңдеу зауыты» ЖШС-нің Тараз филиалының жұмыскері С.Кемаловпен себепсіз 3 сағат бойы жұмыста болмағаны үшін еңбек шарты бұзылған, тексеру барысында 3 сағат бойы жұмыста болмағаны дәлелденбегені себепті, ол жұмысқа қайта алынды.

Тәртіптік жазалар қолдану тәртібін бұзылуы.  Мысалы, «Қамқор Локомотив» ЖШс-нің «Тараз локомотив жөндеу депосы»  филиалында Б.Жанкабаевқа еңбек заңнамасында қарастырылмаған тәртіптік жаза қолданылған.

«Амангелді газ өңдеу зауыты» ЖШС-нің Тараз филиалының жұмыскері С.Кемаловқа еш негізсіз тәртіптік жаза қолданылған.

Үстеме жұмыстарға заңсыз тарту.

Мысалы, «Самал» емдеу-сауықтыру орталығы» ЖШС-де  операторлар кей айларда 360 сағатқа дейін жұмыс атқарған, үстеме жұмыстардың шекті мөлшері сақталмаған.

Жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалыстарын беруде заң бұзушылық.

 Мысалы: «Мыңарал Тас Компани» ЖШС жүргізушісі С.Королевқа ақылы қосымша еңбек демалысы толық берілмеген.

 

 

Тексерулер нәтижесінде, айқындалған кемшіліктерді жою үшін мемлекеттік инспекторлармен орындалуы міндетті 281 тармақты қамтыған 134 нұсқамалар беріліп, есепті мерзімге 269 тармақтары орындалып,   орындалу көрсеткіші 95,7 пайызды құрады.

(2015 жылы айқындалған кемшіліктерді жою үшін мемлекеттік инспекторлармен орындалуы міндетті  берілген 263 ұйғарымдарындағы 646 тармақтың, 632 тармақтары орындалып, немесе  орындалуы 97,8 пайызы құраған).

Еңбек ұжымдарында даулардың туындау қауіпінің негізгі себептерінің бірі, жалақының уақтылы төленбеуі  болып табылатындығы белгілі.

Осыған орай,  басқармамен прокуратура, сот актілерін орындау органдарымен тығыз байланыс орната отырып, апта сайын, дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жүргізу, ай сайын жалақының уақтылы төленуіне мониторинг пен бақылау жүргізу және салыстыру актілерін жасаудың нәтижесінде, жыл басынан бері 14 кәсіпорнында 6145 қызметкерге 686,8 млн. теңгенің жалақы қарызы анықталды.

Өкінішке орай, меморандумдарға қол қойған кәсіпорындардада  «Talas Investment Сompany» ЖШС, «Запчасть» АҚ, «Жамбыл металлоконструкция зауыты-Имсталькон» ЖШС, «Altais group» ЖШС, «Жамбылгипс» АҚ, «Жамбылгипсстрой» ЖШС, «Тараз» ФК, «Тараз-Су» ШЖҚ МКК,  «ACIG» АҚ,  «Амангелді газ өндеу зауыты» ЖШС-нің Тараз филиалының  жалақы қарыздары орын алды.

Осы кәсіпорындардың басшылығына еңбек инспекторларымен жалақы қарызына қатысты орындалуы міндетті  нұсқама беріліп, айыппұл салынып, облыс әкімінің аппараттық кеңесінде және әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі өңірлік үшжақты комиссияның отырыстарында қаралып, кәсіпорын басшыларына еңбек туралы заң талаптарын орындау ұсынылды.         

Қабылданған шаралар нәтижесінде 6083 қызметкерлердің құқығы қорғалып, оларға 669,37 млн. теңге жалақы қарыздары өтелінді

Қазіргі таңда, жалпы жалақы қарызы 62 қызметкерлерге 17,5 млн.  теңгені құрап отыр.

2014 жылдың өтпелі жалақы қарыздары 917 жұмыскерге  69,137 млн. теңгені құрады. 2015 жылдың өтпелі жалақы қарыздары  771 жұмыскерге 64,361 млн. теңгені құраса, ал 2016 жылдың өтпелі  жалақы қарыздары 62 жұмыскерге 17,441 млн. теңгені құрады.

Мұнда, мемлекеттік еңбек инспекторларының қабылданған шаралар нәтижесінде, жалақы қарыздарының жылдан  жылға төмендеуін слайдтан көруге болады.

Слайд 30-32.

 

  Облыстың индустриалды-инновациялық дамуы бағдарламасының бірінші бесжылдығында  33 инвестициялық жоба жүзеге асырылды.    2015-2019 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламаның аясында, Жамбыл облысында жалпы құны 581,6 млрд.теңгені құрайтын 27 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда.

Өңірдегі ең ірі инвестициялық жобаны жүзеге асырушылар - «ЕвроХим» компаниясы, «Мынарал Тас Компани» ЖШС, «Талас инвестмент компани» ЖШС  болып табылады.

Бүгінде облыс аумағында 106 шетелдік және 178 шетелдің қатысуымен құрылған кәсіпорындар жұмыс істеп тұр, ондағы 33 кәсіпорындарда 326 шетелдік жұмыскерлер тартылған.

Өндірісте жаңа техника мен алдыңғы қатарлы технологияларды қолдану, еңбек өнімділігін арттырып ғана қоймай, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында жүйелі жүргізілген жұмыстардың нәтижиесінде, өндірістік жазатайым оқиғалар тәуекелі  төмендеп,  орын алуыда төмендеуде.

Шетелдік және  олардың қатысуымен құрылған еңбек ұйымдарда жалақы қарызы мәселесі туындамайтынын айта кетуіміз керек, мысал ретінде  «ЕвроХим-Удобрения» ЖШС, «Алтыналмас АК» АҚ, «Жамбыл цемент өндірістік компаниясы» ЖШС, «КнауфГипсТараз» ЖШС  айтсақ болады.

 

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында облыс еңбек ұжымдарында 86 заң бұзушылықтар анықталды.

Негізгі түрлері: қызметкерлерді оқыту мен нұсқама өткізу, жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен, арнаулы киіммен қамтамасыз ету, жазатайым оқиға фактісін жасыру және т.б.

 

 

Мысалы, «ҚТЖ ҰҚ» «Жамбыл магистраль желілер бөлімшесі» филиалында  ішінара тексеру барысында 29.01.2016 жылы жаңадан ауыстырылған директор Сазаев К. Еңбек Кодесінің 182 бабының 2 тармағының 3 тармақшасына сәйкес еңбекті қорғау бойынша білімін тек 19 маусымында өткен, яғни белгіленген бір айдың ішінде өтпеген.

Ал, Жоспардан тыс тексеру барысында «Құрылыс-Полимер» ЖШС жұмыскерлері Киселев Н., Таймаганбетов Н. және т.б. жұмыс орындарында арнайы киіммен қамтамасыз етілмегені анықталды. Жұмыс беруші әкімшілік құқық бұзушылық жаупкершілігіне тартылып, орындауға міндетті нұсқама берілді.

 

Әсіресе, еңбек  қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына сәйкес, нұсқауларын жасау, еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау бойынша нұсқама беруге бекітілген қағидалар білім саласының ұйымдарында сақталмауда, осыған байланысты аудандық білім беру бөлімдерінде осы жұмыстарды үйлестіру үшін, арнайы  штаттық мамандар бөліп, оларға жауапкершілікті жүктеу қажет.

Өндірістік  жарақаттардың алдын алу жұмыстарының бірі, жұмыс беруші, Еңбек Кодексінің 182, 183 баптарына сәйкес, 3 жыл сайын жауапты қызметкерлердің біліктіліктерін арттырып, еңбекті қорғау мәселелері бойынша білімдерін тексеріп отыруға және әрбір 5 жыл сайын өндірістік нысандардың мерзімі келгенде атестатциядан өтуге міндетті.

Осыған орай, Жамбыл облысы әкімдігігің еңбек инспекциясы басқармасымен «Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау» бойынша оқыту жұмыстарын жүргізген мекеменің қатысуымен есепті мерзімде 1059 – жауапты жұмыскерлердің білімдерін тексеруге бағытталған 59 емтихан өткізілді.

Олардың 1011 білімін тексеруден өткендігі, ал 17 жұмыскер өтпегендігі туралы рәсімделген.

(2015 жылы - 637 жауапты жұмыскерлердің білімдерін тексеруге бағытталған 38 емтихан өткізілді).

Көрсеткіш жаман емес, алайда, жауапты қызметкерлерді оқытуға іс-тәжірбиесі мол осы саланың қызметкерлерін тарту және оқу бағдарламасын жасағанда әрбір саланың ерекшеліктерін ескеру қажет деп санаймын.

 Есепті мерзімде 42 ұйымның 194 өндірістік нысандарына еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестация өткізілді.

(2015 жылы 38 ұйымда 212 өндірістік нысандар аттестациядан өткізілді).   

 

Мысалы «ЭКОС» ЖШС жүргізген аттестациясының қорытындысы бойынша «Әскери құрылыс Астана» ЖШС филиалының «Тараз» учаскесінде – 26, осы филиалдың «Гвардейск» учаскесінде – 14 жұмыс орындары олардың ішінде белгіленген еңбек қауіпсіздігі талаптарына сәйкес еместері анықталды.

  Облыс ұйымдарында 60 өндірістік жазатайым оқиға орын алып, 65 адам зардап шекті. Оларды  арнайы тергеп-тексеру үшін 62 комиссия құрылып, тексерулер жүргізілді. 

Оның ішінде, 9 адам өлімге соқтырған, 31 адам ауыр дәрежедегі, 25 адам жеңіл және орта  дәрежедегі жарақат алды.

Жыл басынан 4(7) топтық жазатайым оқиға орын алып (былтырғы жылмен салыстырғанда 42,8% төмен), мұнда 9 (16) адам жарақат алды (өткен жылға қарағанда 43,7% төмен), оның ішінде 6 әйел, сонымен қатар 1 адам қаза тапты.

 

 Жазатайым оқиғалардың негізгі себептері: зардап шегушінің абайсыздығы, өндірісте еңбек қауіпсіздігі шараларының дұрыс ұйымдастырылмауы, автожол қозғалысы ережелерінің бұзылуынан орын алып отыр. Осы салада жүргізілген мониторинг, тау-кен өндірісінің кәсіпорындарында орын алатын жазатайым оқиғалардың себептері, көбіне біртекті ұқсас болып келетіндігін көрсетеді.

Сондықтан, кәсіпорындардың осы салаға жауапты басшылары еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бағытында жүргізілетін жұмыстарды бір жүйеге түсіріп, өте қауіпті жер асты жұмыстарын атқару кезінде ереже, нұсқаулық талаптарының сақталуы тұрақты бақылауда болу керектігін естен шығармауы тиіс. 

Слайд 33-34.

 

Өлімге апарып соққан жазатайым оқиғаның мысалы.

1. «Алтыналмас АК» АҚ-да 2016 жылдың 12 айында 12 адам әртүрлі дәрежедегі жарақаттар алып, 2 адам қайғылы қазаға ұшырады. Осы жазатайым оқиғалардың орын алуына жұмыс берушінің жұмыс жүргізуді қанағаттанғысыз ұйымдастыруы, жапа шеккен жұмыскерлердің өрескел абайсыздығы, қауіпсіз еңбек тәсілдерін үйретудегі кемшіліктер негізгі себебі болып табылды. «Алтыналмас АК» АҚ Ақбақай филиалының ауысым шебері Б.З.Кыдырманов еңбек қорғау ережелерін бұза отырып, тау-кен жынысы өндірілетін қауіпті кеңістіккке кірген кезінде, тау-кен жынысының астында қалып қазаға ұшырады. Осы өрескел абайсыздықтың  салдарынан бір отбасының асыраушысы қайғылы қазаға ұшырады.  

 2. «НефтеХимПрибор»  ЖШС-нің дәнекерлеушісі В.Н.Афанасьев сақтандыру белбеуін тағып тұрып, оны ешқандай құрылыс конструкциясына бекітпей, 18 метр жердегі жұмыс алаңшасынан жерге құлап қайтыс болды. Жауапты қызметкерлер тарапынан бақылау жеткіліксіз екеніне және жұмыскерлердің тарапынан еңбек қауіпсіздігі ережелерін сақтауға деген жауапкершілік серіктестік бойынша төмен деп айтуға негіз бар.

Ауыр дене жарақатын алуға апарып соққан жазатайым оқиғаның мысалы.

 «Ғимарат Темірбетон» ЖШС-нің стропальщигі А.Аязбаев жұмыс уақытында белгіленген поддондарды кранның ілгегіне ілу барысында дұрыстап ілмей сол поддондардың үстінде тұрып көтеруге рұқсат берген.                                                                           

 

Осы көтеру барысында жұмыскердің еңбек қауіпсіздігін сақтамауы салдарынан орын алды. Аталған жазатайым оқиғаға жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі ережелерін жұмыскерлердің өз дәрежесінде сақтауын бақыламауы, зардап шегушінің жұмыс барысында еңбек қауіпсіздігі талаптарын сақтамай өрескел абайсыздық танытуы себеп болған.

Топтық жазатайым оқиғаның мысалы.

2016 жылдың 5 желтоқсанында Тараз қаласынан жұмыс орнына бара жатқанда Батыс Қытай – Шығыс Европа тас жолының 398 км жол мұздақ болғанның салдарынан «Азиялық газқұбыры» ЖШС «Тараз» ГТБ-ң өндірістік-техникалық бөлімнің қызметкерлері Д.А. Байұзақов, В.С. Молчанов және Т.Д. Мырзақұлов топтық жазатайым оқиғаға ұшырады. Ол оқиғаны арнайы тергеп-тексеру үшін комиссия құрылып, тексеру жұмыстары жүргізілді.

Барлық арнайы тергеп-тексерілген жазатайым оқиғалар бойынша жинақталған материалдар ішкі істер органдарына негізінен қарауға жолданды.

Алайда, ішкі істер органдарының жол қозғалысы бойынша орын алған жазатайым оқиғаға қатысты құжаттарды Еңбек Кодесінің 189 бабының 8 тармағына сәйкес 5 күннің ішінде бермеуі салдарынан, жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру  мерзімдері он жұмыс күнінен асып  кету фактілері орын алуда.

Сол сияқты ЕТК 190 бабының 10 тармағына сәйкес, арнайы тергеп-тексеру материалдары бойынша 20 күннің ішінде қабылдаған шешім  туралы хабарламаны уақтылы  бермеу   фактілері  жиі кездеседі.

Жұмыс беруші еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға туралы хабарламаны бір тәулік ішінде  еңбек инспекциясына жіберуге міндетті.

 Алайда, орын алған жазатайым оқиғаны жасыру фактілері де орын алуда.

Мысалы: 2015 жылдың 21 желтоқсанында Мойынқұм ауданындағы «ACIG» АҚ жұмыскер Б.Бекқарамен орын алған жазатайым оқиға жұмыс беруші тарапынан тергеп-тексерілмеген. Сондай-ақ еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органдарға хабарлама бермеген.

Еңбек инспекторы жүргізген тексерудің нәтижесімен жазатайым оқиғаны жасырғаны үшін жұмыс берушіге 424200 теңге көлемінде айыппұл салынды және жазатайым оқиғаны тергеп-тексеруге нұсқама берілді.

 

Орын алған жазатайым оқиғаларда зардап шеккен  азаматтарға денсаулық сақтау ұйымдарымен  берілетін өндірістік жарақаттың ауырлығы туралы қорытынды кейбір жағдайларда  бұрмаланып, ауыр жарақатқа жатпайды деп беріледі.

Өз кезегінде, бұл жағдай жазатайым оқиғаны мемлекеттік еңбек инспекциясымен жан-жақты және объективті тергеп-тексеру мүмкіндігін шектеумен бірге, зардап шеккен азаматтардың құқықтарын қорғауға  кері әсерін тигізуде.

Осы проблемаға, облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының назарын аударғым келеді.     Слайд 35-40.

Жалпы, еңбек заңнамасы саласында жіберілген кемшіліктер үшін, заңды және лауазымды тұлғаларға қатысты 76 әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулылыр шығарылып, 8,1 млн. теңге сомма көлемінде әкімшілік айыппұл салынды және 26 ескерту берілді.

Оның ішінде 7,1млн. - еңбек қатынастары бойынша, 4,2 - еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша және 593,8 – халықпен қамту бойынша. 26 ескерту берілді (оның ішінде 2 - еңбек қатынастары бойынша және 24 - еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша).

Салынған айыппұлдардың жылдың аяғына 7 млн. теңгесі өндірілді.  

Сондай-ақ, есепті мерзімде еңбек заңмасының талаптарын өрескел бұзғаны үшін лауазымды және заңды тұлғаларға 102 әкімшілік шарасы қолданылды.

 

Еңбек кодексінде   еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі ішкі бақылауды жүзеге асыру тетіктері қарастырылған.

Онда, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғаудың талаптарын қамтамасыз ету бойынша жұмыс беруші мен жұмыскерлердің бірлескен іс-әрекетін ұйымдастыру;

- жұмыс орындарында еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғауға тексерулер өткізу;

-олардың нәтижелері туралы жұмыскерлерді ақпараттандыру;

 

Облыста есепті мерзімге кәсіподақ орталығының мәліметтеріне сәйкес,  400-ден аса өндірістік кеңестер құрылған, 900-ден аса еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлар  өндірісте жұмыс жүргізуде.

 Статоргандарының мәліметіне сәйкес, облыста жұмыс істеп тұрған  өндірістік кәсіпорындар саны 4900 болса, әрине құрылған өндірістік кеңестермен бекітілген техинспекторлардың саны өте аз, мұның өзі еңбек ұжымдарында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғаудың талаптарын қамтамасыз ету бойынша жұмыстардың төменділігін көрсетеді. 

 Сондықтан, еңбек ұжымдарында ҚР еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау және ішкі бақылаудың тиімділігін арттыру арқылы қамтамасыз етуіміз қажет.

Слайд 41.

 

Құрметті әріптестер, өздеріңізге белгілі, Елімізде «Қазақстан-2050» стратегиялық бағдарламаға сәйкес, халыққа және мемлекетке қызмет етуді барлығынан жоғары қоятын кәсіпқой мемлекеттік аппарат  қалыптастыру міндеті тұр.  

 

   Осыған орай, 2016 жылға еңбек инспекциясы басқармасының  персоналды басқару қызметі,  ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментіне, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет кадрлары жай-күйінің мониторингі бойынша, тағылымдама, тәлімгерлік, біліктілігін арттыру және қайта даярлау курстарын оқыту, теріс себептермен қызметтен босатылған қызметшілер бойынша, әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің қызметін тиімділігін бағалау бойынша және мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссиялары жұмысы туралы есептер тоқсан сайын және жылдық есептері өткізілді.

 

Жамбыл облысы әкімі аппаратының персоналды басқару бөліміне, мемлекеттік қызметтен босатылғандар туралы есептер, мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс нәтижелері, барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс нәтижелері, мемлекеттік органдарда өткізілген жалпы конкурстардың нәтижелері туралы есептер, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының алғашқы 15 қадамын іске асыру бойынша мәліметтер ай сайын, тоқсан сайын және жылдық есептері  уақтылы өткізілді.

Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасында 2016 жылдың басқармасының басшысымен бекітілген құқықтық оқытулар апта сайын жүргізілуде, 6 қызметкер қайта даярлау және 8 қызметкер біліктілігін арттыру курстарында оқытылды. 

2016 жылдың 4 мамырында ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Жамбыл облысы бойынша департаментімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша 2016 жылға арналған іс-шаралар жоспары құрылды. Аталған жоспар бойынша тиісті жұмыстар тоқсан сайын жүргізілді. Бұқаралық ақпарат құралдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған мақалалар жоспар бойынша жарияланды.

 

Облыс әкімдігінің еңбек инспекциясы баскармасына 2016 жылға арналған жылдық жоспар бойынша 60 601,0 мың теңге бөлінген.  Есептік кезеңге  қаржыландыру жоспары бойынша 59 378,7 мың. теңге игеріліп, орындалуы 98,0 пайыз кұрады.

Олар:

«Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен» әкімшілік мемлекеттік қызметкерлеріне жалақысына 30 пайыз көлемінде қосымша ақы төлеуге есептік кезеңде бюджеттен 8 655,0 мың.теңге бөлінді, оның ішінен 7 433,9 мың.теңге  игеріліп, 86,0 пайыз құрады. Еңбекке ақы төлемдерден үнемделген қаржы сомасы  1 221,1 мың.теңге құрады.

«Жергілікті  бюджет қаражаты есебінен»  есептік кезенде бюджеттен 51 946,0 мың.теңге бөлінген, оның ішінен 51 945 мың.теңге игеріліп 100  пайызы  орындалды.

Слайд 42.

 

          Құрметті әріптестер!

Облыста еңбек қатынастары саласында атқарылған жұмыстар оң нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік берді.

Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде, министрліктің  Республика көлемінде аймақтарда еңбек қатынастарының  жағдайын бағалау бойынша  жасаған қорытындысы бойынша, Жамбыл облысында еңбек қатынастары 2016 жыл бойы қалыпты жағдайда.                          Слайд 43.

Еңбек инспекциясымен жоғарыда көрсетілген бұзушылықтардын алдын алу мақсатында, еңбек заңнамаларын бұзу фактілерін анықтауда ішінара, жоспардан тыс және бақылаудың өзге де нысандарын тексеруде бақылау жұмыстарын күшейту және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыру шараларын қолдануды жоспарлауда.

Өз кезегінде, жұмыс берушілер еңбек заңнамасының талаптарын сақтау бағытында жауапкершілік танытып, азаматтардың еңбек саласындағы құқықтарының сақталуын ұйымдастыруда кешенді шаралар әзірлеп жүзеге асыруды қажет етеді.

Бұл бағытта үкіметтік ұйымдары мен жұмыскерлердің өкілдерінің біріккен әріптестік тұрақты көмек шаралары күтілуде.

Басқарма тарапынан еңбек заңнамасы талаптарының сақталуына бағытталған шаралар өз жалғасын табатын болады.

Назарларыңызға рахмет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқиғалар күнтізбесі

ДсСсСрБсЖмСнЖк
12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930

Сайттың беттері

Мемлекеттік рәміздер

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі




Интерактивті сауалдама

Толығырақ...>>>