Kaz     Rus    Негізгі бетке    Кері байланыс    Сайт картасы   
 

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ
ЕҢБЕК ИНСПЕКЦИЯСЫ БАСҚАРМАСЫ

 
Мазмұны

Банерлер

 

 

 

 

 


2016 жылдың есебі

 Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы 2015 жылдың 21 мамырдағы Жамбыл облысы әкімі К.Көкрекбаевпен бекіткен «Жамбыл облысында Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар» жоспарының орындалуы бойынша төмендегілерді хабарлайды:

1 тармағы бойынша Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру мақсатында, басқарманың сайтында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тарау жұмыс атқаруда.

4 тармағы бойынша Мемлекеттік сатып алу туралы шарт шеңберінде міндеттерді мерзімінде орындамау деректері басқармада  ағымдағы жылы орын алмаған.

7 тармағы бойынша Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында басқарманың ағымдағы жылдың әр тоқсанға арналған құқықтық оқыту іс-жоспары негізінде басқарма қызметкерлеріне қолданыстағы заңнамаларды түсіндіру бойынша оқытулар өткізіліп, басқарманың 10 қызметкері қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарында оқытылды.

10 тармағы бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері министрлігі Жамбыл облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманы «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасының мемлекеттік қызметкерлерімен дөңгелек үстел және отырыстар өткізілді.

22-23 тармақтары бойынша  Халық тарапынан сыртқы бағалауды алу және қоғам пікірін есепке алу мақсатында басқарма басшысының орынбасары И.Құдайбергенов сыбайлас жемқорлық көріністерінің фактілерін алдын алу мақсатында облыстық  «Ақ жол» газетіне Жемқорлық-індет «Бармақ басты, көз қыстыға» жол жоқ тақырыбындағы мақала жариялады. Сонымен қатар, басқарманың персоналды басқару қызметінің бас маманы Г.Алтынбек  «Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті»  тақырыбында мақала жариялады.

39 тармағы бойынша Басқармада мемлекеттік сатып алуды «Электрондық мемлекеттік сатып алу» порталымен жүзеге асырылады.

Әр теріс факті бойынша, ақпарат негізінен орын алған жағдайда және құқық бұзушылықты жою бойынша, кінәлі адамдарды жауапкершілікке тарту жұмыстары басқармада қарастырылады.

Бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты бақылауға алынғанын хабарлайды.

 

 

Оқиғалар күнтізбесі

ДсСсСрБсЖмСнЖк
12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930

Сайттың беттері

Мемлекеттік рәміздер

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі




Интерактивті сауалдама

Толығырақ...>>>