Kaz     Rus    Негізгі бетке    Кері байланыс    Сайт картасы   
 

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ
ЕҢБЕК ИНСПЕКЦИЯСЫ БАСҚАРМАСЫ

 
Мазмұны

Банерлер

 

 

 

 

 


2017 жылдың 2 тоқсанында атқарған жұмыстары туралы есебі

 Құқықтық және әкімшілік шаралар

 

«Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы» КММ-нің (бұдан әрі-Басқарма) мемлекеттік еңбек инспекторларымен 2017 жылдың 2 тоқсанында облыс ұйымдары мен кәсіпорындарында  112  жоспардан тыс және 13 ішінара тексерулер жүргізілді, барлығы 125 (2016 жылы 135 (бұдан әрі жақша ішінде 2016 жылдың сол мерзімнің мәліметтері).

Анықталған бұзушылықтардың нәтижелері бойынша жұмыс берушілерге 59 (60) бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді. Оның 37 (41) еңбек қатынастарына, 12 (18) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауға, 10 (1) халықты жұмыспен қамтуға қатысты.

Есепті кезеңде заңды және лауазымды тұлғаларға қатысты 43 (46) әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулылыр шығарылып, 4832970 (3563280)   теңге соммасына әкімшілік айыппұл салынды және 13 (18) ескерту берілді. Екінші тоқсанның аяғына 3857300 (2523990) теңге өндірілді. 

Жоспарлы шараларды іске асырудың нәтижесінде есепті кезеңде 118 (126) бұзушылықтар анықталды. Оның ішінде: 73 (74) еңбек қатынастарына, 32 (46) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауға, 13 (6) жұмыспен қамтуға қатысты. 105 (67) анықталған жалпы еңбек заңнамасының бұзушылықтары жойылды. Оның ішінде: еңбек қатынастары- 66 (44),  еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау- 27 (23) халықты жұмыспен қамту- 12 (1).

Есепті кезеңде тексеру арқылы 93 (125) азаматтардың жазбаша өтініштері қаралды, оның ішінде еңбек қатынастарына 90 (119), еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауға 3 (6), жұмыспен қамтуға қатысты 0 (0).

 2017 жылдың есепті кезеңіне басқармаға барлығы 482 жеке және заңды тұлғалардан өтініш келіп түсті (325 - жеке және 157 - заңды тұлғалардан), былтырғы жылмен салыстырғанда 32% төмен.

Облыстық үшжақты әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және  еңбек қатынастарын реттеу комиссиясының 2015 жылдың 26 мамырдағы отырыстарының №2 хаттамасының негізінде  Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы  еңбек қатынастары, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жай-күйіне 100 (92) кәсіпорындарда тоқсан сайын  18 көрсеткіш бойынша мониторинг жүргізеді. Мысалы, ұжымдық шарттың,  жұмыскерлерді жазатайым оқиғалардан сақтандыру шарттарының, жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етуі, жалақы бойынша берешегін бақылау, жазатайым оқиғалардың саны және т.б.

Ұсынылған мәліметтерге сәйкес мемлекеттік еңбек инспекторларының еңбек заңнамасына сәйкес атқарған  жұмыстарының  нәтижесінде, есепті кезеңге мониторинг қорытындысы бойынша 57 ұжымдық шарт жасалса, 92 кәсіпорында жазатайым оқиғалардан жұмысшылар сақтандырылған. Кәсіпорындарда барлығы  35 835 жұмыскер жұмыс атқарса, оның ішінде 9294 әйел.  20 кәсіпорында өндірістік процесті, еңбек құқығын қамтамасыз ету және қызметкерді жұмысқа орналастыруды тұрақтандыру мәселелері туралы әкімдік, жұмыс беруші және кәсіподақтар арасында     меморандумға қол қойылған.

 Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жасаған карта аясында, 2017 жылдың маусым айының Республика көлемінде еңбек қатынастарының жағдайын бағалау қорытындысы бойынша Жамбыл облысындағы жағдай «қалыпты» деңгейді көрсетті. 

2017 жылдың 31 наурызында облыс әкімінің орынбасары Т.А.Жанкенің төрағалығымен облыстық әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссияның отырысында  Жамбыл облысының  өндірістік процесті, еңбек құқығын қамтамасыз ету және қызметкерді жұмысқа орналастыруды тұрақтандыру мәселелері туралы  әкімдік, жұмыс беруші және кәсіподақтар арасындағы меморандумдар жасасу бойынша жұмыстарды жандандыру  қаралды. Бүгінгі күнге облыста  71256 жұмысшыны қамтитын 2875 кәсіпорындарда меморандумдарға қол қойылды (52,3%).

 

Ұжымыдық шарттардың қабылдануы

2017 жылдың есепті кезеңінде  2380   ұжымдық шарттар жасалған (32,4%).  Оның ішінде 1353 шарттар мемлекеттік мекемелерде, 1027- жеке субъектілерде. Жамбыл облысында аталған кезеңге әрекет етіп тұрған  мемлекеттік ұйымдардың саны 1602 жеке сектор - 5733.

 

Еңбек қатынастары

 

2017 жылдың 2 тоқсанында  еңбек қатынастары бойынша 73 заң бұзушылықтар анықталды.

Негізгі себептері: жалақының мерзімінде төленбеуі, ақылы еңбек демалыстарын беруде, жасалынған еңбек шарттары мазмұнының заң талаптарына сай келмеуі, жұмыс уақыты нормаларының сақталмауы, еңбек шартын жасаспай жұмысқа қабылдау және басқа да бұзушылықтарға қатысты.

Жыл басынан бері  Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы  прокуратура органдарымен бірлесе 6 кәсіпорнында 752 жұмыскерге 44,635  млн.теңгенің жалақы қарызы барын анықтады, жалпы  қабылданған шаралар нәтижесінде, сонымен бірге кәсіпорын басшыларына жалақы бойынша  берешекті  өтеудің қатаң кестесі мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде  702 жұмыскердің құқығы қорғалып, оларға 30,4  млн. теңге жалақы қарызы өтелді. 

Ресми мерзімі өткен (3 айдан асатын) жалақы қарызы  2 кәсіпорында «Мекен-Жай-Тараз» ЖШС және «Казпроммонтаж» ЖШС  орын алуда.

Жалақы қарызы бойынша мәселелер жиі басқарма басшысында қаралды және әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үш жақты комиссияның отырысында  кәсіпорындары басшыларының есебі тыңдалады. 2017 жылдың 2 тоқсанында «Жамбылгипс» АҚ, «Жамбылгипсстрой» ЖШС, «Амангелді газ өңдеу зауыты» ЖШС ТФ, «ТаразҚұрылыс Инвест» ЖШС және т.б. қаралып, орын алған жалақы қарыздарын төлеу бойынша заң  талаптары түсіндіріліп,  ұсыныстар берілді.

ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторының төрағалығымен 2017 жылдың 13 сәуірінде өткен  кеңес хаттамасын  орындау мақсатында Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасының басшысы С.Айдапкеловтың төрағалығымен 2017 жылдың 28 сәуірінде  «ХимПаркТараз» АҚ-ның, «РемСтрой-СС» ЖШС-нің, «Тараз Құрылыс Инвест» ЖШС-нің, «РЗДИ-Құрылыс» ЖШС-нің, «KATSA» ЖШС-нің  және «Біріккен Химия Компаниясы» ЖШС-нің өкілдерінің  қатысуымен  кездесу өткізілді.  Кездесуде «Жамбыл облысының «Тараз химиялық паркі» АЭА құрлысы» жобасының  алаңдатушылық мәселелері және жалақы берешегі талқыланып, еңбек заңнамасының нормаларын сақтау жөніндегі тиісті түсініктемелер берілді.

 

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау

 

Есепті кезеңде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша 32 бұзушылықтар анықталды. Негізгі себептері: қызметкерлерді оқыту мен нұсқама өткізу, жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен, арнаулы киіммен қамтамасыз етужәне т.б.

2017 жылдың 2 тоқсанында облыс ұйымдарында 30 (29) өндірістік жазатайым оқиға орын алып, 31 адам зардап шекті, оның ішінде   7 адам өлімге соқтырған, 12 адам ауыр дәрежедегі.

Жыл басынан 1 топтық жазатайым оқиға орын алып,  мұнда 2 адам жарақат алды.

Есепті кезеңде 33 (25) арнайы тергеп-тексеру туралы комиссия құрылып, тексерулер жүргізілді.  Барлық тергеп-тексеру материалдары ішкі істер органдарына жолданған.

Зардап шегушілердің ең көп саны экономика салалары бойынша бюджеттік мекемелерге-5 адам, химия өнеркәсібіне-5 адам, тау-кен және металлургия өнеркәсібіне-3 адамнан, теміржол саласында - 4 және т.б  келді.

Жазатайым оқиғалардың негізгі себептері зардап шегушінің абайсыздығы, өндірістің дұрыс ұйымдастырылмауы, автожол қозғалысы ережелерінің бұзылуы.

Еңбек қатынастары саласында азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау, жұмыскерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында, барлық тұрғындардың, әлеуметтік-еңбек қақтығыстарын алдын алу мақсатында кәсіпорындар мен ұйымдарда 441 жауапты тұлғалардың білімі тексерілді. 717 жұмыс орындардың  13 өндірістік нысандарда аттестациядан өткізілді.

 

Халықты жұмыспен қамту

Есепті кезеңде халықты жұмыспен қамту  бойынша 13 бұзушылықтар анықталды. Негізгі себептері: бос жұмыс орындарының босатуы туралы уәкілетті органдарды хабардар етпеуі.

 

 

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары

Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Есепті мерзімде еңбек қатынастары саласы бойынша 14 дөңгелек столдар мен семинарлар, ақпарат баспасөз беттерінде 27 мақалалар жарияланды және 2 радио арқылы тікелей эфирге шығып, облыстың бірқатар еңбек ұжымдарында кездесулермен басқарманың ашық есік күндері өткізіліп, облыс тұрғындарының еңбек заңнамасына қатысты сұрақтарына жауаптар берілуде.

2017 жылдың 25 қаңтар айында еңбек қатынастары саласы бойынша 2016 жылы атқарылған жұмыстары туралы есеп беру жиналысы өткізілді.

Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 200 бабын іске асыру шеңберінде 2017 жылдың 28 ақпанында «Интергаз Орталық Азия» АҚ-ның «Тараз» магистралды газқұбырлары басқармасы» филиалында «Жұмыс берушінің қызметін декларациялау - жұмыскерлердің еңбек құқықтарын сақтаудың кепілі» тақырыбында Дөңгелек үстел өтті.

2017 жылдың 1 науырызында Жамбыл облысы өңірлік коммуникациялар қызметінде Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы облыстық БАҚ –ның қатысуымен өткен жылдағы атқарған жұмыстары туралы брифинг өткізді.

10.03.2017 жылы Меркі ауданындағы әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік қатынастарын реттеу жөніндегі аудандық үш жақты комиссиясының ұйымдастыруымен «Ұжымдық шарт қабылдаңыз!» атты семинар-кеңестің отырысы өтті.

2017 жылдың 5 сәуір күні М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде «Еңбек қатынастары тараптарының әлеуметтік-еңбек мәселелерін шешу жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Кездесуге Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасының басшысы С.Айдапкелов, «НұрОтан» партиясының облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары М.Шукеев, қалалық және аудандық әлеуметтік әріптестік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссиялардың төрағалары, облыстық және салалық кәсіподақтар, жұмыс берушілердің, жұмыскерлердің және бұқаралық ақпараттар құралдарының өкілдері қатысты.

2017 жылдың 28 сәуір күні Қалалық мәдениет үйінде «Өндірістегі қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету – қауіпсіз еңбек мәдениетінің дұрыс бағыты» тақырыбында Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне арналған конференция өтті.

 

Оқиғалар күнтізбесі

ДсСсСрБсЖмСнЖк
12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930

Сайттың беттері

Мемлекеттік рәміздер

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі




Интерактивті сауалдама

Толығырақ...>>>