Kaz     Rus    Негізгі бетке    Кері байланыс    Сайт картасы   
 

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ
ЕҢБЕК ИНСПЕКЦИЯСЫ БАСҚАРМАСЫ

 
Мазмұны

Банерлер

 

 

 

 

 


Жұмыс берушінің қызметін декларациялау

 Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы жұмыс берушінің қызметін декларациялауды жүзеге асырады.

Жұмыс берушінің қызметін декларациялау – одан келіп түскен өтініштің негізінде жұмыс берушінің Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының тиісті талаптарына сәйкес келетін қызметін тану рәсімі.

Жұмыс берушінің қызметін декларациялау қағидалары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 909 бұйрығымен бекітілген  (әрі қарай - Қағидалар). 

            Жұмыс берушілердің декларациялауға қатысу шарты олардың қызметі параметрлерінің Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы талаптарына сәйкестігі болып табылады.

            Жұмыс берушінің қызметін декларациялауды еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті орган жұмыс берушілердің өңірлік бірлестіктерімен және кәсіподақтардың аумақтық бірлестіктерімен бірлесіп жүзеге асырады.

            Жұмыс беруші өз қызметін декларациялауға қатысу үшін ұйымның орналасқан жері бойынша еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органға Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша кәсіподақ органымен (ол болған кезде) бірлесіп толтырылған қызметкерлердің еңбек құқықтарын сақтау жөніндегі жұмыс берушінің қызметі туралы өтініш-декларацияны (бұдан әрі – декларация) жолдайды.

            Еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті орган декларацияны қабылдаған күнінен бастап жиырма күннің ішінде жұмыс беруші қызметінің Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы шешім қабылдайды.

            Жұмыс беруші қызметінің Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы шешімді еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті орган құрған жұмыс берушінің қызметін декларациялау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – комиссия) ұсынымы бойынша еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті орган қабылдайды.

            Комиссия құрамына міндетті түрде еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органның, жұмыс берушілердің өңірлік бірлестігінің және кәсіподақтардың аумақтық бірлестігінің өкілдері кіреді.

            Комиссия отырысына жұмыс берушінің өкілдері қатыса алады.

            Жұмыс берушінің қызметі параметрлерінің Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасы талаптарына сәйкестігін тексеру үшін мемлекеттік еңбек инспекторларының оған баруы Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік кодексінің 137-бабы 3-тармағының 8) тармақшасына сәйкес барып бақылаудың басқа түрінде жүзеге асырылады.

            Мемлекеттік еңбек инспекторлары бару нәтижелері бойынша жұмыс беруші қызметі параметрлерінің Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы қорытынды (ақпарат) жасайды, ол комиссия қарауына шығарылады.

            Қызметі Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының талаптарына сай деп танылған жұмыс берушілерге олардың қызметі Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы талаптарына сәйкес келетіні туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша үш жыл мерзімге Сенім сертификаты тапсырылады.

Сенім сертификаты еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті орган Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде белгіленген іріктеп тексеруді және субьектіге барып бақылаудың өзге де түрлерін қалыптастырған кезде ескеріледі.

      Сенім сертификатының иегері – жұмыс берушіге қатысты іріктеп тексеру жүргізілмейді.

      Сенім сертификатын беруден бас тартуға мыналар негіз болып табылады:

      1) жұмыс беруші қызметі параметрлерінің Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуі;

      2) декларация берілген күнге дейін бір жыл ішінде орын алған еңбек заңнамасының өрескел бұзушылықтары;

      3) декларация берілген күнге дейін бір жыл ішінде орын алған, еңбек қызметімен байланысты өндірістегі ауыр немесе адам өлімімен аяқталған жазатайым оқиғалар.

            Жұмыс беруші Сенім сертификатын алған сәттен бастап үш жылдың ішінде еңбек заңнамасын өрескел бұзған жағдайда, Сенім сетификатының күші жойылады.

            Сенім сертификатының күшін жою туралы шешімді еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті орган комиссияның ұсынымы бойынша қабылдайды және оны қабылдаған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде жұмыс берушіге жолдайды.

            Жұмыс берушілер - Сенім сертификатының иегерлері туралы ақпарат жұмыс берушілер - Сенім сертификатының иегерлері туралы мәліметтерді алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті мемлекеттік органның интернет-ресурсында орналастырылады.

            Еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органның шешімімен келіспеген кезде жұмыс беруші сот тәртібінде шағымдана алады.

 

 

Айгерім Мұстафаева,
облыс әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасының

бас маман-заңгері, мемлекеттік еңбек инспекторы

Оқиғалар күнтізбесі

ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930

Сайттың беттері

Мемлекеттік рәміздер

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі




Интерактивті сауалдама

Толығырақ...>>>