Kaz     Rus    Негізгі бетке    Кері байланыс    Сайт картасы   
 

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ
ЕҢБЕК ИНСПЕКЦИЯСЫ БАСҚАРМАСЫ

 
Мазмұны

Банерлер

 

 

 

 

 


АНЫҚТАМА

 «Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы»

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша талдамалық

АНЫҚТАМА

 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің  2015 жылғы 29 желтоқсандағы №18 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес «Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек  инспекция басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне басқарма басшысының 2017 жылғы 29 желтоқсандағы №160-Ө бұйрығымен құрылған жұмыс тобы ішкі талдау жүргізді. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың жұмыс тобы ҚР Еңбек Кодексі, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі, ҚР Кәсіпкерлік кодексі, «ҚР Мемлекеттік қызметі туралы» Заңы, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңымен және өзгеде нормативтік-құқықтық актілермен жұмыс істеді.

Талдау нәтижесі бойынша Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасында сыбайлас жемқорлықтың туындауының себептері мен жағдайын сипаттайтын көрсеткіш анықталмады.

Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасының ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы талдауда төмендегі мәселелер көзделді:

1)    персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы;

Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасының штат саны кәзіргі таңда  – 18 бірлікті құрады, бос орын жоқ. Кадрлардың ауысуы орын алған жоқ.

2)    мүдделер қақтығысы фактілері анықталған жоқ;

3)    басқарма тарапынан мемлекеттік қызметтер көрсетілмейді;

4)    басқармада рұқсат беру функциялары жоқ.

              Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері уақтылы тіркеліп, жауаптар қайтарылуда. Басқарманың сайтында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама, сыбайлас жемқорлық әрекеттерін алдын алу, сенім телефоны, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша мәліметтер, басқарманың қызметіне қатысты мәліметтер әрдайым жариялануда.

           Бұқаралық ақпарат құралдарында басқарманың мемлекеттік қызметшілеріне қатысты теріс материалдар анықталған жоқ.

Басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту және ұжымда сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру жөніндегі жұмыстар тұрақты бақылауға алынған.

Жоғарыда көрсетілген мәліметтер негізінде жұмыс тобы Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасының қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады деген шешімге келді.

 

Оқиғалар күнтізбесі

ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930

Сайттың беттері

Мемлекеттік рәміздер

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі




Интерактивті сауалдама

Толығырақ...>>>