Kaz     Rus    Негізгі бетке    Кері байланыс    Сайт картасы   
 

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ
ЕҢБЕК ИНСПЕКЦИЯСЫ БАСҚАРМАСЫ

 
Мазмұны

Банерлер

 

 

 

 

 


Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы басшысының 2017 жылдың қорытындысы

 

Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек

инспекциясы басқармасының 2017 жылы      атқарған жұмыстары және алда тұрған міндеттері туралы  Басқарма басшысы  С.Айдапкеловтың  есебі.

 

                                                                                                           2 ақпан 2018 жыл.

Тараз қаласы.

 

 

Құрметті есепті кездесуге қатысушылар!

 

Өздеріңізге белгілі, елімізде 2016 жылдың 1 қаңтарынан жаңа Еңбек кодексі қолданысқа енгізілді.                                                          Слайд 1.

 

Еңбек Кодексі жұмыс беруші мен қызметкерлер арасындағы еңбек қатынасы саласына мемлекеттің араласу шеңберлерін нақты анықтап, тараптардың тең болуын қамтамасыз етуді ескере отырып, еңбек қатынастары субъектілерінің рөлі мен жауапкершілігін айқындады.

 

Мемлекет өз тарапынан, (ЕК ст .102.) қызметкерлерге  базалық кепілдіктер мен өтемақыларды, төменгі еңбек стандарттарын, негізгі құқықтары мен міндеттерін белгілеп, олардың жұмыс берушілер тарапынан орындалуына қатаң бақылау жүргізе отырып,  әрбір азаматтың еңбекке қатысты конституциялық құқықтарын қорғауға  кепілдік береді.

 

Жұмыс берушілер үшін белгілі бір көлемде жұмысқа жалдау, кадрлық көтеру, жұмыстан босату, қызметкерлердің еңбек жағдайлары мен еңбегіне ақы төлеуді анықтау рәсімдері жеңілдетілсе, екінші жағынан, қызметкерлердің базалық еңбек кепілдіктері мен құқықтары белгіленіп, оларды еңбек, ұжымдық шарттар мен келісімдер арқылы кеңейту мүмкіндігі қарастырылып, еңбек ұжымдарында еңбек қатынастары саласын  өзін - өзі басқару жүйесін енгізуге толық мүмкіндік жасалынды.

 

Отандастарымыздың бәсекеге қаблеттілігін арттыру мақсатында  өндіріспен ауылшаруашылығында, кәсіпкерлік, ғылым мен білім және басқа да кәсіптік қызметтерде жоғары нәтижелерге қол жеткізген қызметкерлерді ынталандыра отырып, еңбек адамының қоғамдағы мәртебесін арттыру, өндірісте жұмысшы мамандықтарын насихаттау арқылы жастардың жұмысшы кәсібіне деген қызығушылығын оятуға  бағытталды.

 

Облыста 2017 жылдың 1 желтоқсанына статистика жөніндегі уәкілетті органның мәліметі бойынша 11599  тіркелген заңды тұлғалардың  7746   немесе     66,8 пайызы жұмыс  істеп   тұр.                                                                   Слайд 2.

 

Жұмыс істеп тұрған еңбек ұжымдарының ішінде, шетелдік инвесторлардың қатысуымен 82 бірлескен кәсіпорындар, 310 шетелдік кәсіпорындар бар, оладың ішінде 33 кәсіпорынға 324 шетелдік жұмыскерлер тартылған.  

 

Оның ішінде ЮКФ ТОО «Дочерняя Организация Китайской Нефтяной Инженерно-Строительной  Группы» (Газонефтяное строительство)- 64 адам, ТОО «Оргстрой» (Строительство)-53 адам, ТОО «АзияТранзитКаз» (Производство мебели)- 37 адам, ТОО «Азиатский Газопровод» (Строительство, эксплуатация газопровода)-19 адам, ТОО «Akurat Story Group»(Строительство)-19 адам

Сарысу ауданында «ЕвроХим-Каратау» ЖШС филиалы - 3 адам,

Жамбыл ауданында «Амангелді ГӨЗ» ЖШС Тараз филиалы  - 11 адам және тб.

 

Заңды тұлға - меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкi бар және сол мүлiкпен өз мiндеттемелерi бойынша жауап беретiн, өз атынан мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке құқықтар мен мiндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым. Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға тиiс. Заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрi болады.

Осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, бұл талап жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға қолданылмайды.

 

2017 жылы, Еңбек Кодексінің негізгі бағыттарын түсіндіру мақсатында, басқарма «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы, облыстағы кәсіподақ ұйымдарымен бірлесе отырып, облыстың бірқатар еңбек ұжымдарында кездесулер мен ашық есік күндері өткізіліп, 49 дөңгелек стөлдер мен семинарлар ұйымдастырылып,  бұқаралық ақпарат құралдарында 84 мақалалар жарияланды  және 4 рет радио арқылы тікелей эфирге шығып, 77 телеарнасында басқармамен даярланған тақырыптық бейнероликтер 140 рет көрсетіліп, басқарманың сайтында облыс тұрғындарының еңбек заңнамасына қатысты түскен 21 сұрақтарына жауаптар берілді.

Басқармамен еңбек қатынастары және еңбекті қорғау мәселелері бойынша практикалық көмек көрсету мақсатында  «ЕвроХим-Удобрения» ЖШС-не  бару арқылы бақлау жүргізіліп, кәсіпорында орын алған кемшіліктер бойынша  жұмыскерлерімен кездесу өткізіліп,  Еңбек кодексінің нормалары түсіндіріліп, кездесу барысында еңбек қатынастарына байланысты туындаған сұрақтарға жауап берілді.

Онда  42 бос жұмыс орындары бар екені, ол жөнінде халықты жұмыспен қамту туралы уәкілетті органға хабарлама бермегендігі, 2-ші топтағы мүгедек жұмыскерге ақылы қосымша еңбек демалысы берілмегені, еңбек жағдай зиянды және ауыр жұмыстарда істейтін жұмыскерді ақы төленетін еңбек демалысынан кері шақыртып алу фактілері орын алғаны анықталып, тиісті шаралар қабылданды.

   

Сол сияқты,  «Тараз  химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясы» АҚ  құрылыс алаңында еңбек қатынастарына байланысты туындайтын әлеуметтік шиеленістердің алдын-алу мақсатында, «Объединенная химическая компания» ЖШС басқарушы директоры С.Курмановтың, «Тараз химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Н.Султаналиевтің және 4 мердігер компанияның өкілдерінің қатысуымен 2017 жылдың 28 сәуір күні кездесу өткізіліп, жалақы берешегі талқыланып, еңбек заңнамасының нормаларын сақтау жөнінде тиісті ұсыныстар беріліп, бақылауға алынып,  жалақы қарыздарын өтеу де оң шешімін тапты.           

 

Краткая информация по проекту:

Создание специальной экономической зоны «Химический парк Тараз» в Жамбылской области. Инфраструктура» (далее - СЭЗ), которое предполагает строительство инфраструктуры на территории, выделенной под СЭЗ.

Основные параметры проекта:

Инициатор проекта: ТОО «Объединённая химическая компания» (дочернее предприятие АО «ФНБ «Самрук Казына»).

Общая стоимость проекта по ТЭО: 34, 2 млрд. тенге

Инвестиционный период составляет: 2013-2018 гг.

Место реализации проекта: Жамбылская область, Шуский район.

Ввод в эксплуатацию:

- 4 квартал 2018 года

На территории СЭЗ «Химический парк Тараз» планируется реализация 16 новых химических производств.

 

Бас мердігерлер – «КазHiTechEuroBuilding» ЖШС, «ISS Engineering» ЖШС, «Өркен» ЖШС-не  «Тараз химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясы» АҚ тарапынан  атқарылған жұмыстары үшін қаражат толығымен төленгені анықталды. Жамбыл облысы бойынша қосалқы мердігер компаниялар саны - 8, олар: «Сириус 21» ЖШС, «Лидер Шу» ЖШС, «Ремстрой СС» ЖШС, «РЗДИ» ЖШС, «ТМ Инвест» ЖШС, «КАТСА» ЖШС, «Сырым Блеке» ЖШС, «Тараз Курылыс Инвест» ЖШС. Жалақыға байланысты мәселелер бас мердігерлердің  қосалқы мердігерлерге  атқарылған жұмыстары үшін қаражат аудармай отырғанынан орын  алған.

 

Бұндай жұмыстар, Тараз металургиялық, қант және Ғимарат темір бетон  зауыттары еңбек ұжымдарында өткізілді.

Жалпы, есепті мерзімде мемлекеттік еңбек инспекторлары 49 еңбек ұжымдарында  болып,заң талаптарын түсіндіру жұмыстарын жүргізген.

 

 Бекітілген тексеру парағаына сәйкес, Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шетелдік жұмыс күшін тартуды және   шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсатта көрсетілген ерекше шарттарды орындауға бақылау жасайды. Биылғы жылғы жүргізілген ішінара тексерулер кезінде көрсетілген сұрақтар бойынша заң бұзушылықтар анықталған жоқ.

 

  Облыста ҚР еңбек заңнамасында, келісімдерде, ұжымдық шарттарда  көзделген құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру бойынша жұмыскер мен жұмыс берушінің арасында туындайтын қатынастардың жәй-күйі, әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссия отырысында облыс әкімінің орынбасары Т. А. Жанкенің қатысуымен тұрақты қаралып, Тараз қаласы мен аудандардың әлеуметтік әріптестік жөніндегі үшжақты комиссияларының төрағаларына аумақтағы кәсіпорындарында еңбек қатынастарын реттеу жұмыстарын жандандыру туралы нақты ұсыныстар беріліп, берілген ұсыныстардың орындалуы басқарма бақылауына алынды.     

Атқарылған кешенді жұмыстардың нәтижесінде, жұмыскерлермен жұмыс берушілердің құқықтары мен міндеттері әлеуметтік әріптестіктің тетіктері арқылы облыстың жұмыс істеп тұрған 5590  кәсіпорнында  іске асырылуда.        Немесе   72,8 пайызы.                                                                                                                           Слайд 3-4.

 

Облыс аумағында әрекет етіп тұрған 7673 заңды тұлғаларда 2609 ұжымдық шарттар жасалынып жалпы жұмыс істеп тұрған субъектілердің 34 пайызын құраса,

өндірістік процесті, еңбек құқығын қамтамасыз ету және қызметкерді жұмысқа орналастыруды тұрақтандыру мәселелері туралы әкімдік, жұмыс беруші мен кәсіподақтар арасында 71 591 жұмыскерді қамтитын 2981 кәсіпорындарда меморандумдарға қол қойылып жұмыс істеп тұрған жеке кәсіпкерлік субъектілерінің 38,8% қамтылынды.

 

Бұл көрсеткіштер өткен жылмен салыстырғанда 25 пайызға жоғары болып қалыптасты.

 

Облыстың еңбек ұжымдарында өткен жылмен салыстырғанда жасалған ұжымдық шарттың саны 340 артып, оның 299 жеке кәсіпкерлік субъектілерінде  қабылданып 26 пайызды құраса, ал мемлекеттік кәсіпорындарда  41 өсіп     — 3  пайызды құрады.

Облыстағы орта кәсіпкерлік субъектілерінің 98 %, ірі кәсіпкерлік субъектілерінің 100 % ұжымдық шартпен қамтылғандығына аса назар аударғым келеді.

 

Мемлекеттік еңбек инспекторларымен 312 кәсіпорындар мен мекемелер тексеріліп, бақылау шараларын жүргізу нәтижесінде, Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының талаптарын бұзған жұмыс берушілерге оларды жою туралы 153 нұсқама беріліп 84 әкімшілік шаралар қолданылды,   оның ішінде 56 айыппұл, 28 ескерту түріндегі әкімшілік шаралар.

 

(оның 96 еңбек қатынастарына байланысты, 29 еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, 28 халықты жұмыспен қамту мәселесі (оның 31 еңбек қатынастарына байланысты 4 еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, 21 халықты жұмыспен қамту мәселесі (оның 1 еңбек қатынастарына байланысты, 27 еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау  мәселесі) .

 

Салынған айыппұлдың жалпы сомасы 7,1 млн. теңгені құрап, оның 6,6  млн. теңгесі өндірілді. 

 

Немесе, өндірілуі   100  пайызды құрады (3 айыппұл жалпы соммасы 499 180 теңге сот орындаушының қарауында).                                                                                                           Слайд 5.                             

Басқармамен  жоғарыда комиссия отырысында берілген ұсыныстардың орындалуын бақылау мақсатында, тоқсан сайын облыстың  100 кәсіпорнына еңбек қатынастары, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жай-күйіне 19 көрсеткіш бойынша мониторинг жүргізіліп, кәсіпорындар жағдайының оң және теріс динамикасына толық талдау жүргізіліп отырылды.

Ұжымдық шарттардың жасалуы, жұмыс берушінің қызметкерді жазатайым оқиғалардан сақтандыру шарты болуы, жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз ету, жалақы қарыздардың болуы, меморандумдардың жасалуы, жұмыскерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту, оларға нұсқау беру және білімдерін тексеру тәртібі мен мерзімдері, жазатайым оқиғалардың саны және т.б.

Нәтижиесінде, 2017 жылы 11 кәсіпорында 1348 жұмыскер алдында 603,5 млн. теңге берешек жалақы қарызы анықталды.                                      

 Слайд 6.

 

Оның ішінде,   189 жұмыскердің алдындағы 460,5 млн.теңге жалақы қарыздар  банкрот және оңалту рәсімдері  жүргізіліп жатқан «Қордай цемент зауыты» ЖШС,  «Подгорный» АҚ және «Аль-Басар» ЖШС үлесінде.

Бұл кәсіпорындардағы берешек жалақы қарызды өтеуі бойынша шараларды «Оңалту және банкроттық туралы» ҚР Заңына сәйкес, Жамбыл облысы бойынша кірістер департаментімен тағайындалған конкурстық басқарушылар жүргізуде.          

 

«Қордай цемент зауыты» ЖШС 2015 жылдың 31 шілдесінен банкрот деп танылды.

Содан бері 16 аукцион өткізіліп,  8 047 397 тенгеге мүліктер сатылды:

Кредиторлар жиналысының шешімімен түскен қаржы толықтай әкімшілік шығыстар мен нысанның күзетінің жалақысына жұмсалды.

 

«Аль-Басар» ЖШС гранит өнімдерін өндіру  кәсіпорныны    2010 жылы    Жамбыл облысының Индустрияландыру картасына енгізіл

 Ал, қалған 8 кәсіпорындарғы 1159 жұмыскердің алдында 143,0 млн. теңге жалақы қарыздарын өтеу үшін, мемлекеттік еңбек инспекторлары заң талаптарына сәйкес жұмыс берушілер орындауға міндетті нұсқамалар беріп, әкімшілік шаралар қолданылды, қабылданған шаралардың нәтижесінде 135,2 млн. теңге өндіріліп, 983 жұмыскердің құқықтары қорғалды.  

2017 жылы «Жамбылгипс» АҚ, «Жамбыл-Гипсстрой» ЖШС, «Амангелді ГӨЗ» ЖШС Тараз филиалы, «ТаразҚұрылысИнвест» ЖШС «Казпроммонтаж» ЖШС және «Мекен жай Тараз» ЖШС, «ТаразХимМонтаж» ЖШС, «ACIG» АҚ - 1159 жұмыскер алдында 143,011 млн. теңге берешек жалақы қарызы анықталып, қабылданған шаралардың нәтижесінде  135,2 млн. теңге өндіріліп, 983 жұмыскердің құқықтары қорғалды.

 

Бірақ, жыл басына 455 жұмыскер алдында  40,8 млн. теңге жалақы қарыздары орын алып отыр.                                                                        

Слайд 7.

 

Олар: ағымдағы берешек жалақы қарызы "ACIG" (Асидж) АҚ-да  279 жұмыскер алдында 33,1 млн. теңге құрап отыр.

3 айдан аса мерзімі өткен берешек жалақы  қарыздары    «Казпроммонтаж» ЖШС 24 жұмыскерге 1,127 млн. теңге,   «Мекен-жай Тараз» ЖШС 24 жұмыкерге 2,25 млн. теңге,      «Таразхиммонтаж»  ЖШС 128 жұмыскерге 4,315 млн. теңгені құрап,  толық өтелінбей отыр.                                                                            

                                                                                                               

Жалпы,  есепті кезеңде, Басқармада  жеке және заңды тұлғалардан 932 арыз-шағымдар келіп түскен.

                                                                             

Слайд 8.

 

Олардың 604 жеке тұлғалардан, 328 заңды тұлғалардан түскен, оның ішінде 722 еңбек және жұмыспен қамту мәселелері бойынша болса, 210 жалақы қарыздары туралы.

 

Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 38% төмен, немесе 571 бірлікке азайған.

 

Еңбек саласындағы негізгі мәселелердің бірі, еңбектің қауіпсіз жағдайларына тоқталсақ, жазатайым оқиғаның алдын алудың негізгі көрсеткіштері болып, кәсіпорынның өндірістік объектілерін еңбек жағдайлары бойынша аттестаттаудың сапалы өткізілуі, жұмыс берушілердегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдардың оқытылуының қамтамасыз етілуі, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңестердің құрылуы мен өз дәрежесінде жұмыс атқаруы болып табылады.

Еңбек кодексімен ( 182 ст .) өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік (5 жылда 1 рет) аттестаттау, 3 жылда бір рет басшы мен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдарды еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту және олардың білімдерін тексеру қарастырылған.

Есепті мерзімде өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау мониторингі бойынша 910 (1567) жұмыс орындары бар  159 (194)  өндірістік нысандарда аттестация өткізілді. (өткен жылмен салыстырғанда 42 % төмен).      

                                                                                                              Слайд 9.

 2016-2017 жылдары аралығында 353 өндірістік нысанда 2477 жұмыс орындары аттестациядан өткізілген. 

                                                                                                                                                              

Басқармамен еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелері бойынша оқыту жұмыстарын жүргізген ұйым өкілдерінің қатысуымен есепті мерзімде жұмыс берушілердегі еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты  808  адамдардың білімдері тексерілді.                            Слайд 10.

 

2016-2017 жылдары жұмыс берушілердегі еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты 1819 адамдардың білімі тексерілді. 

 

Қазір облыс кәсіпорындарында (Жамбыл облысы кәсіподақтар орталығының мәліметі бойынша) 913 еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңестер құрылып,  онда 1152 еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлар, 926 еңбек дауларын қарайтын келісім комиссиялары жұмыс атқаруда .    (ст.203)

 

Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 203 бабына сәйкес жұмыс берушінің бастамасы бойынша және (немесе) жұмыскерлердің не олардың өкілдерінің бастамасы бойынша еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңес құрылады.

Бұл өңірлік палата өкілдері және аумақтық кәсіптік одақтар бiрлестiктерінің құзыретіндегі мәселе.

 

 

Еңбек кодексінде (ст. 200) қарастырылған, жұмыс берушілер қызметі өлшемдерінің Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының талаптарына сәйкестігі, олардың декларациялауға қатысу шарты болып табылады.

Осы кәсіпорындардың өтініштері негізінде еңбек қатынастары заң талаптарына сәйкестігін МЕИ тексеріп декларациялау комиссиясының қарауына мәліметтер ұсынылып, облыста 9 жұмыс берушінің қызметі Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының талаптарына сәйкес деп танылып, үш жыл мерзімге сенім сертификатары берілді.

 

 2017 жылдың 28 ақпанында «Жұмыс берушінің қызметін декларациялау - жұмыскерлердің еңбек құқықтарын сақтаудың кепілі» тақырыбында Дөңгелек үстел өткізіліп, жұмыс берушілерге заң талаптарына сәйкес түсніктеме берілді.

 

 

Олар: «Кнауф Гипс Тараз» ЖШС,

«Интергаз Орталық Азия» АҚ филиалы,

«Т.И.Батуров атындағы Жамбыл ГРЭС» АҚ,

«Кереге» ЖШС,

«Эврика-Барит» ЖШС,

«Таразпроммонтаж» ЖШС,

«Қамкор Локомотив»ЖШС-нің «Шу локомотивжөндеу зауыты» филиалы,

«Қамкор Локомотив»ЖШС-нің «Тараз локомотивжөндеу депосы» филиалы,

«Газ-сервис» ЖШС

олар Еңбек Кодексінде белгіленген ішінара тексерулерді және бақылау субъектісіне бару арқылы жүргізілетін бақылаудың өзге де нысандарын қалыптастыру кезінде ескерілетін болады.             Слайд 11.  

 

Біздің алдымызда жұмыс берушілер қызметі өлшемдерінің еңбек заңнамасының талаптарына сәйкестігін декларациялау барысында «Сенім» сертификаттарын иеленушілердің үлесін арттыру мақсатында тиісті насихаттау және   түсіндіру      жұмыстарын жалғастыру    міндеттері тұр..                                                                        

 

 

 

Өңірде 2016 жылғы статистика саласындағы уәкілетті органның мәліметі бойынша, облыстың 377 кәсіпорнында 59710 жұмыскер зиянды және қауіпті жұмыстарға тартылған.  (ст.105)

 

Оның ішінде нормадан жоғары шу мен тербеліс жағдайларында 3877, жоғары газдалғандық пен тозаңдылық орын алған жұмыс орнында 3143 жұмыскер жұмыс істейді.

Ал, жұмыскерлердің еңбек жағдайларының қолайсыз жағдайының нәтижесі,  еңбек ұжымдарын елеулі экономикалық шығындарға алып келетіндігі белгілі.

Мысалы, 2016 жылдың қорытындысы бойынша, облыс еңбек ұжымдарында   28790   жұмыскер әртүрлі өтемақылар алған.

 

Қосымша демалыс, қысқартылған жұмыс күні, тегін емдік-профилактикалық тағам, сүт немесе басқа да тең бағалы өнімдерді тегін алу, зиянды және басқа да қолайсыз еңбек жағдайлары үшін үстеме ақы.

 

Өтемақыларға жұмсалған шығынның жалпы соммасы 4,2 млрд.тенгені құраған.  

Ал, бұл көрсеткіш,  2015 жылы  3,9 млрд. тенгені құраған.

 

Мыңаралдағы «Жамбыл цемент өндірістік компаниясы» ЖШС 2010-2014 жылдардағы ҮИИД (үдемелі индустрияалдық инновациялық даму) мемлекеттік программасының аясында 2010 жылы іске қосылды.

Компанияда 240 тұрақты жұмыс орны бар, сонымен қатар 200 - дей жергілікті тұрғындар мердігер ұйымдарда жұмыс атқаруда.

Кәсіпорын жұмыскерлері үшін өте қолайлы тұрмыстық жағдайлар жасалынған, олар тұрақты тұру үшін Балқаш көлінің жағасынан «Самал» қалашығы салынған, оның территориясында балабақша, медпункт, мини-маркет, кітапхана, фитнес-орталығы, бильярд және кино залы, тұрмыстық қызмет көрсету орталығы  бар.

 Жылдық жобалық қуаты 1,2 млн.тонна цемент өндіру, өнімін Қазақстан, Қырғызтан, Тәжікстан  пайдалануда. Компанияның жоспарында екінші технологиялық желіні қосып өндіріс көлемін 2,4 млн. тонна цемент өндіруге жеткізу тұр.             Ол дегеніміз қосымша жұмыс орындарын ашу.

 

Қазіргі уақытта еңбек қауіпсіздігі  мен  еңбекті қорғауды қамтамасыз ету жүйесінде төмендегідей проблемалар бар:

-Талаптардың сақталуына тиісті бақылаудың төмендігі;

-Жұмыстарды қауіпсіз жүргізу мәдениетінің жоқтығы;

-Технологиялық тәртіп талаптарын сақтамау;

Жабдықтардың тозуы және өндірістің техникалық жағынан нашар қайта жасақталуы;

 

Егер жұмыс беруші, жұмыс істейтіндерге өндірістік факторлардың әсерінің деңгейлері белгіленген нормативтерден аспайтын еңбек жағдайларын оңалту үшін нақты іс-шараларды қамтамасыз етсе, жоғарыда көрсетілген шығындардың көлемі әлдеқайда төмендеп, еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзуға  өндірістік жарақаттарды болдырмауға мүмкіндіктер туған  болар еді.

 

Осы проблемаларды шешу мақсатында өткен жылдары басқарманың еңбек ұжымдарында ашық есік күндері және бірнеше тақырыптық семинар тренингтер өткізілді.          ( ТарГУ, Жамбыл жылу).

 

Бұл бағытта жұмыс берушілерге ІТ  рыногындағы жаңа технологиялық процестерді енгізу туралы еңбек инспекторларымен бірқатар нақты ұсыныстар берілді.

 

 Нәтижиесінде, «Алтыналмас АК» АҚ Ақбақай филиалының «Ақбақай» кенішінде «Цифрландырылған кеніш» атты өндірістік процестерді толық цифрлық жүйеге көшіріп автоматтандыру жобасын 2018-2020 жылдары іске асырылу қолға алынды.

 IT (Ай-Ти) рыногындағы жаңа технологияны қолданудағы Халықаралық  тәжірибені зерделей отырып, дайын өнімнің өзіндік құнын 15 пайызға төмендетуге, еңбек өнімділігін арттыруға, ресурстарды тиімді  пайдалануға қол жеткізуге болатын жобаны іске асыруға 2018-2020 жылдары 4 миллиард теңге қаражат бөлінді.

Жобаның негізгі мақсаты он-лайн режимінде жоспарланған тау-кен жұмыстарының орындалуына мониторинг жүргізе отырып, негізгі көрсеткіштердің орындалуын бақылап отыруға мүмкіндік беру және персоналдың, техниканың жұмысын тиімді ұйымдастыру.

 

Заман талабына сай өндірісті жаңа технологиялармен жабдықтай отырып, цифрлық жүйені «Казфосфат» ЖШС-де енгізілген.

«Казфосфат» филиалы Жаңа Жамбыл Фосфор Зауытытында (НДФЗ) жаңа технологияға сәйкес жұмысқа қабылдау кезінде алғашқы нұсқаулық (инструктаж) видео режимде өткізіледі. Яғни жұмыскерге зауыттың цехтарында қандай еңбек қауіпсіздік шараларын сақтауға, жол ережесін сақтауға, қажетті қорғану құралдарын пайдалануға жете жеткізіледі. Сондай-ақ зауытта әрбір жұмыскердің анкетасы цифрлық форматта жүргізіледі, онда жұмыскердің еңбек демалысының уақыты, жұмыс өтілі, зауыттың ішіндегі ауысуы туралы мәліметтер жинақталады.

Сонымен қатар жұмыскерге берілген арнайы киімнің мерзімін, қай уақытта ауысатыны туралы мәліметтер компьютердің мониторынан көрініп тұрады.

Ал, «Қаратау» тау-кен өңдеу кешенінде 2015 жылдан бастап барлық көлемдегі автокөліктерге «GPS» жерсеріктік желілік қондырғылары орнатылған.  Қондырғы арқылы автокөліктегі жанар майдың үнемді және тиімді пайдаланылуын, сапарға шыққан автокөліктің белгіленген бағыттан ауытқымауын бақылауда ұстайды және қандай да бір ауытқушылықтар орын алған жағдайда жерсеріктік желі арқылы кешен басқармасында орналасқан диспетчерлік орталыққа ақпарат жеткізіп, монитор арқылы көрсетеді және лезде дабыл қағады.

Ал диспетчерлер жауапты қызметтерге хабарлап, дер кезінде шара қолданылады.

Бұл еңбек ұжымдарында замануи технологияны енгізу арқасында еңбек процесінде бірқатар ілгерушіліктер байқалады.

 

 Облыстағы ірі өндіріс орындарының бірі – «Жамбылгипс» зауыты. Зауыт алдағы уақытта 170 мың тоннаға дейін гипс өндіуді және құрғақ құрылыс қоспаларын көбейтіп шығаруды жоспарлауда.  

Кәсіпорын бұл жетістікке, өндірістете  жаңа технологиялық қондырғыларды іске қосу арқылы қол жеткізді.Зауыттағы жұмыс толығымен автоматтандырылған. Зауыт өндірісіндегі технологиялық процессті  екі-ғана маман атқаруда. 

 Нәтижиесінде, еңбек өнімділігі артып, шығын азайып, ең бастысы, өнім сапасы артып,  100 пайыз  экологиялық таза өнім шығарылуда.

 

 Жоба іске асқанда он-лайн режимінде  әрбір жұмыскердің жұмысы бақыланып, технологиядан ауытқулар және басқа да еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзуға жол берілмейді, өндірістік жарақаттарды болдырмауға тиісті шаралар қолданылады. Әрбір жұмысшының өз орнында, өзіне тиесілін жұмысын ауытқуларсыз  істеуіне мүмкіндік жасалады.

 

Осы бағыттағы міндеттеріміздің бірі Кәсіптік тәуекел қаупін басқару стандарттары (OHSAS 18001:2007, ГОСТ 12.0.230-2007) бар кәсіпорындардың тізбесін анықтап, өңірлік кәсіпкерлік палаталардың өкілдері мен аумақтық кәсіптік одақтар бiрлестiктерімен қосылып кәсіпорындарға кәсіптік тәуекел қаупін басқару стандарттарын енгізудің маңыздылығын түсіндіру жұмыстарын жалғастыру болып табылады.

 

2018 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша облыс кәсіпорындары мен мекемелерінде 63 (60) жазатайым оқиға  орын алып  67 (65) адам зардап шегіп, оның 16 (9) адам өліміне әкеп соққан. Бұл көрсеткіштер өткен жылмен салыстырғанда 5  пайызға өсіп отыр.                                                   Слайд 12.

Есепті кезеңде ең көп жапа шегушілер экономика салалары бойынша

бюджеттік ұйымдарда - 12 адам,

тау-кен металлургия саласында - 10 адам,

химия саласында - 7 адам,

құрылыста - 5 адам,

шағын бизнес саласында – 5 адам,

теміржол саласындағы кәсіпорындарда - 4 адам, 

коммуналдық қызмет саласында- 3 адам,

энергетика саласында – 2 адам,

автокөлік саласындағы кәсіпорындарда – 2 адам және т.б. -17 адам.

 

(2017 жылғы 9 маусымда «Алтыналмас АК» АҚ «Ақбақай» филиалының (ары қарай - Ақбақай) бас кеншінің орынбасары Канат Ауесович Кылышбаевты өлімге соқтырған жазатайым оқиғаның орын алғаны туралы. 2017 жылғы 19 маусымда  Жамбыл облысы бойынша сот сараптамалары институтының Мойынқұм аудандық бөлімшесі тарапынан (шығ.№1223/12) хат ұсынылып, К.А.Кылышбаевтың өлімі уланудың (двуокиси углерода, СО2) әсерінен орын алғанын көрсеткен.  

Комиссия арнайы тергеп-тексеруді аяқтап, Ақбақай кенішіндегі адам өлімінің себепшісі улы газдың (двуокиси углерода СО2) әсерінен орын алғанына байланысты, жұмыс беруші «Алтыналмас АК» АҚ «Ақбақай» филиалының кінә дәрежесі – 100% жұмыскердің кінәсі – 0% деп шешілді. Яғни, жазатайым оқиға өндіріспен байланысты деп танылды.)

 

Жазатайым оқиғалар бойынша заң талаптарына сәйкес, ( ЕК ст.186-190) арнайы тергеп- тексеру коммиссиялар құрылып, олармен жұмыстар  жүргізіліп, жұмыс берушілердің жауапты тұлғаларының қылмыстық жауапкершілігін қарау үшін, ішкі істер органдарына материалдар уақтылы жолданып отырылды.

 

Сонымен қатар, 2017 жылы бірінші жартыжылдығында МЕИ қабылдаған шешімдері бойынша 14 азаматтық және әкімшілік істер сот органдарында қаралып, МЕИ қабылдаған актілер қолданыстағы заңнамаға сәйкестігін  растайтын соттың шешімдері шыққан.                                                      Слайд 13.

 Еңбек кодексімен, Халықты жұмыспен қамту туралы заңымен жұмыс берушілерге жұмыспен қамту саласында бірқатар міндеттер жүктелген.

 

Атап айтар болсақ, Еңбек кодексінің 23-бабы 2-тармағы 11-тармақшасына сәйкес жұмыс беруші Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасының талаптарына сәйкес жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға ақпарат беруге міндетті, «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңының 28-бабы 2-тармағы 1-тармақшасына сәйкес (жұмыс беруші бос жұмыс орындарының (бос лауазымдардың) болуы туралы мәліметтерді еңбек жағдайлары мен төлемақысын көрсете отырып, пайда болған күнінен бастап үш жұмыс күнi iшiнде халықты жұмыспен қамту орталығына жiберуге міндетті)

Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасын бұзу фактісі бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексінің 98 бабы 1 бөлігі 2) тармақшасына сәйкес уәкілетті органға бос жұмыс орындарының (бос лауазымдардың) бар-жоғы туралы мәліметтерді бермеу, уақтылы бермеу он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы өз уәкілеттілігі

шеңберінде, ішінара  және Жамбыл облысы прокуратурасымен бірлесіп жоспардан тыс тексерулер барысында халықты жұмыспен қамту туралы заңнаманы бұзу бойынша 94 тексеру жұмыстарын жүргізіп, 36 заңбұзушылық фактісін анықтап, мемлекеттік еңбек инспекторларымен жұмыс берушілерге Әкімшілік құқық бұзушылық туралы  ҚР  Кодексінің  98 бабы бойынша 10 айлық есептік көрсеткіштен     (22690 теңгеден)  476490 теңгені құрайтын 21  айыппұл салынып, толығымен өндірілді.                                                                                                      Слайд 14.

 

Атап айтар болсақ, заң бұзушылықтар Меркі ауданы әкімшілігінің «Таза су» ШЖҚ КМК, «Меркі ауданы әкімдігінің  мәдениет және тілдерді дамыту  бөлімінің мәдениет  үйлері мен  клубтарының  орталықтандырылған жүйесі» МҚКК, «Жуалы – Су»ШЖҚ МКК , Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «№5 балдырған» балабақшасы, «Жуалы аудандық орталық ауруханасы» ШЖК КМК, Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектебі» КММ, Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Жібек-жолы мектеп лицейі» КММ, «ТаразҚұрылысИнвест» ЖШС, «Әскерилендірілген теміржол күзеті» АҚ, «Торговый дом GOOD LOOK" ЖШС, «Т.Рыскулов атындағы Санаторий» ЖШС және темір жол саласы кәсіпорындары мен мемлекеттік мекемелерде орын алған.

 

Теміржол  саласындағы еңбек  ұжымдарда ашық есік күндері өткізіліп, теміржолшылардың өтініштері бойынша қабылдау жүргізіліп, еңбек заңнамасына қатысты сұрақтарына жауаптар берілді, кездесулер кезінде темір жол саласында орын алып отырған бірқатар кемшіліктер анықталып, оларды жою жөнінде ұсыныстар берілді.      

Нәтижесінде, «Қамқор Локомотив» ЖШС-нің «Шу локомотив  жөндеу зауыты» - филиалы, Шу қаласының әкімдігі, филиал қызметкерлері кәсіподағы арасында жасалынған өндірістік процесстерді тұрақтандыру, қызметкерлердің еңбек құқықтарын сақтау және жұмысқа орналастыру жөніндегі Меморандумға сәйкес, 518 жұмыскерлерге бос тұрып қалу жағдайына байланысты орташа айлық жалақысының 50 пайызы төленіп, осы проблеманы  шешу үшін   «Қамқор Локомотив» ЖШС-нің бас директорының бірінші орынбасарының басшылығымен жұмыс тобы құрылып,  жұмыскерлер қысқартылмай жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп оларды жұмысқа орналастыру мәселесі шешілді.

 

Бұл бағытта облыстық прокуратурамен бірлескен жұмыстар алдағы уақыттада жалғасын табатын болады.

 

Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ұсынған мәліметтері бойынша 2018 жылдың 1 қаңтарына жұмыскерлерді қысқарту тәуекеліне бейім кәсіпорындар саны – 7, олардағы жұмыскерлер саны - 7152. Оның ішінде 4 кәсіпорындарда 22 жұмыскерлермен – өз бастамасы бойынша еңбек қатынастары тоқтатылған.             

 

«Тараз құбыр зауыты» ЖШС – 11 адам

«Talas  Investment company» ЖШС – 492 адам

«АК Алтыналмас» АҚ – 1024 адам

«Амангелді ГӨЗ» ЖШС Тараз филиалы – 400 адам

«Жамбыл металконструкциялау зауыты Имсталькон» ЖШС – 647 адам

«Орталық Азия Қант корпорациясы» ЖШС Тараз Қант зауыт филиалы – 811 адам

«Казфосфат» ЖШС – 3767 адам

 

ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметіне сәйкес, Жамбыл облысында 50 мыңнан аса міндетті зейнетақы, медициналық сақтандыру қорларына міндетті жарна төлемей жұмыс істейтін жұмыскерлер анықталған.

Осыған орай, бейресми жұмыспен қамтылған азаматтардың еңбек қатнастарын реттеу және олардың еңбектерін қорғау жөнінде 2018-2019 жылдарға арналған Жол картасына бекітілді.                                       

Облыстық еңбек инспекциясы басқармасы өзінің құзреті шеңберінде жол қартасына сәйкес нақты жұмыстар атқаратын болады.

 

Республикада бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін көтеру мақсатында «Парыз», жұмыс берушілерінің арасында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша «Сенім» конкурстары жыл сайын өткізілуде.

Конкурсқа Жамбыл облысының бірқатар кәсіпорындары қатысып жеңімпаз атанып отыр.                                                                                Слайд 15.

 

2017 жылы Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз-2017» республикалық конкурсына қатысқаны үшін ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігігінің дипломымен төмендегі кәсіпорындар марапатталды:

1) «Жамбылремсервис» ЖШС

2) «Таразпроммонтаж» ЖШС

3) «Таразэнергоорталық» АҚ

4) «Бином» ЖШС

5) «Жамбыл электр жүйесі» ЖШС

 

"Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын"  номинациясы бойынша «Таразпроммонтаж» ЖШС (2016 жылы), «Т.И.Батуров атындағы Жамбыл ГРЭС» АҚ және «Кнауф Гипс Тараз» ЖШС (2015 жылы), "Үздік ұжымдық шарт" номинациясы бойынша «Rola-7» ЖШС (2014 жылы)  марапатталған.

Жамбыл облыстық  мәслихатының 2015 жылғы 14 желтоқсандағы №43-11 шешімімен бекітілген Жамбыл облысын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасында басқармаға қатысты 2 нысаналы индикаторлар бекітілген.

Олар өндірістік жарақаттың деңгейі (1000 адамға шаққанда жазатайым оқиғалардың жиілік коофиценті) және анықталған бұзушылықтардың жалпы санына еңбек заңнамасын бұзушылықтарының жойылған үлес салмағы 2017 жылы толығымен орындалды.                                                                       Слайд 16. 

 

2016жылғы  нысаналы индикаторлар:

1) Өндірістік жарақаттың деңгейі (1000 адамға шаққанда жазатайым оқиғалардың жиілік коэффициенті) жоспар бойынша - 0,25 – орындалғаны - 0,22

2) Анықталған жалпы бұзушылықтардың санына, еңбек заңнамасының бұзушылықтарының жойылған  % үлес салмағы жоспар бойынша 97,5 – орандалғаны - 95,7%

 

2017 жылы нысаналы индикаторлар:

1) Өндірістік жарақаттың деңгейі (1000 адамға шаққанда жазатайым оқиғалардың жиілік коэффициенті) жоспар бойынша - 0,24 – орындалғаны - 0,23

2) Анықталған жалпы бұзушылықтардың санына, еңбек заңнамасының бұзушылықтарының жойылған  % үлес салмағы жоспар бойынша 97,6 – орандалғаны - 97,9

 

2018 жылға нысаналы индикаторлардың жоспары:

1) Өндірістік жарақаттың деңгейі (1000 адамға шаққанда жазатайым оқиғалардың жиілік коэффициенті) жоспар бойынша - 0,23

2) Анықталған жалпы бұзушылықтардың санына, еңбек заңнамасының бұзушылықтарының жойылған  % үлес салмағы жоспар бойынша 97,7

 

 

Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы баскармасы  2017 жылға арналған жылдық жоспар  бойынша  жергілікті  бюджет  қаражаты  есебінен  63 391,0 мың теңге бөлінген.  Есептік кезеңге  қаржыландыру жоспары бойынша 63 390,6 мың. теңге игеріліп, орындалуы 100 пайызды кұрады.                                                                                               Слайд 17.

     Оның ішінде:

        Қызметкерлердің еңбекке ақы, салықтар және жұмыс берушілердің міндетті аударымдарға жұмсалған қаражат – 45940,2 мың.теңге;

        Екі бірлік автокөлікке отын, жанар-жағар май материалдарын сатып алуға – 825,0 мың.теңге;

        Мекеме қызметкерлерін кеңсе тауарларымен және керек-жарақтармен қамтамасыз ету үшін өзге де қорларды сатып алуға жұмсалған қаражат – 1168,8 мың.теңге;

        Қызметкерлерге байланыс қызметтерін қамтамасыз ету үшін байланыс қызметтеріне ақы төлеуге жұмсалған қаражат – 2467,1 мың.теңге;

         Өзге де қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеуге жұмсалған қаражат – 4198,8 мың.теңге;

         Ел ішіндегі іссапарлар мен қызметтік сапарларға жұмсалған қаражат – 8053,8 мың.теңге;

          Материалдық-техникалық базасын нығайту үшін коммуналдық мемлекеттік органың күрделі шығыстарына жұмсалған қаражат – 736,8 мың.теңге

 

Жалпы, есепті мерзімге облыста еңбек қатынастары тараптарының құқықтары мен мүдделері  заң талаптарына сәйкес қаралып, оң шешімдерін тауып отырды.

 Еңбек саласының проблемаларын анықтау және алдын алу мақсатында, экономикалық, әлеуметтік және еңбек көрсеткіштері бойынша кәсіпорындардың ағымдағы ахуалдары бойынша  аймақтар арасында  ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен жасалынған қортынды  еңбек тәуекел картасы бойынша, Жамбыл облысы өңірлер арасында бірінші орында.                           

                                                                                                      Слайд 18- 19.

 

Еңбек инспекциясының алдында тұрған міндеттері  (ЕК ст .102.)  - Мемлекет  тарапынан белгіленген қызметкерлерге базалық кепілдіктер мен өтем ақыларды, төменгі еңбек стандарттарын, негізгі құқықтары мен міндеттерін олардың жұмыс берушілер тарапынан орындалуына қатаң бақылау жүргізе отырып,  әрбір азаматтың еңбекке қатысты конституциялық құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету.

 

Баяндама аяқталды, зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет.

 

 

 

 

 

 

 

 

2018 жылға қойылған міндеттер:

 

 

1) Еңбек қатынастарын заңдастыру мәселесі бойынша тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу;

2) Жұмыскерлердің, жұмыс берушілер мен олардың өкілдерінің еңбек қатынастары, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері туралы арыз-шағымдарын уақытылы және сапалы қарау;

3) Облыстың кәсіпорындарында орын алған жалақы қарыздарына мониторинг жүргізу, жұмыскерлердің құқықтарын қорғауға бағытталған іс-шаралар атқару;

4) Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды Еңбек Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен тергеп-тексеру;

5) Кәсіптік тәуекел қаупі жоғары кәсіпорындардың тізбесін анықтап, олардың өкілдерімен еңбек қауіпсіздігі және оны қорғаудағы минималды стандарттарды  қамтамасыз ету бойынша мониторинг жүргізу мәселелерін келісу үшін кездесулер ұйымдастыру;

6) Кәсіптік тәуекел қаупін басқару стандарттары (OHSAS 18001:2007, ГОСТ 12.0.230-2007) бар кәсіпорындардың тізбесін анықтап, өңірлік кәсіпкерлік палаталардың өкілдері мен аумақтық кәсіптік одақтар бiрлестiктерімен қосылып кәсіпорындарға кәсіптік тәуекел қаупін басқару стандарттарын енгізудің маңыздылығын түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру;

7) Жұмыс берушілер қызметі өлшемдерінің еңбек заңнамасының талаптарына сәйкестігін декларациялау барысында «Сенім» сертификаттарын иеленушілердің үлесін арттыру мақсатында тиісті насихаттау және түсіндіру жұмыстарын жалғастыру.     

лота

Наименование лота

Стоимость оценочная

Продано за сумму

1

Станки столярного цеха

476 935

525 800

2

Дробильно-сортировочная установка (Горный)

1 899 590

4 479 393

3

Бульдозер Т-170

646 225

710 848

4

Трактор Т-25А

310 500

375 714

5

Трактор Т-40

360 000

360 007

6

Экскаватор "Беларусь" ЮМЗ-6АЛ

286 990

420 197

7

Экскаватор ЭО-5122 А

1 257 150

1 175 438

 

 Итого:

 

8 047 397

 

                                                                    Слайд 19.

Проблемалар:

 

1. 2013 жылдың 1 шілдесіне (басқарма құрылған кезде)  облыста жұмыс істеп тұрған 5593 заңды тұлғалар – жұмыс берушілерде ҚР еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды 18 мемлекеттік еңбек инспекторы (ары қарай - МЕИ) жүргізген.

Алайда, қызметтік қажеттілікке байланысты штатқа мекеме басшысы, оның орынбасары, есепші, персоналды басқару қызметінің маманы, кеңсе қызметкері лауазымдары қарастырылуына байланысты жалпы МЕИ саны бұрыңғы құрылымға қарағанда 5 бірлікке кеміген.

Қазіргі таңда жұмыс істеп тұрған 7673 заңды тұлғалар – жұмыс берушілерде ҚР еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды 13 МЕИ жүргізеді.

 Басқармада еңбек заңнамасының орындалуын бақылап отырған    нақты 13 МЕИ 312 тексеру жұмыстарын жүргізген, прокуратуралардың талаптарымен маман ретінде 15 тексерулерге тартылған, бір жылда жеке және заңды тұлғалардан  932  өтініштерін қараған, 50 ұйымда 1456 жұмыскерді қамтып, оқытулар өткізген, жұмыс берушілердегі еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге 808 жауапты адамдардың  білімін тексеруді жүргізген, өндірістегі жазатайым оқиғалардың ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен 60 тергеп-тексерулер жүргізген, 2609 ұжымдық шартты мониторингтен өткізген, 33 ұжымдық шартты заң талаптарына сәйкестендіру үшін қайтарған, 2981 өндірістік процесті, еңбек құқығын қамтамасыз ету және қызметкерді жұмысқа орналастыруды тұрақтандыру мәселелері туралы әкімдік, жұмыс беруші мен кәсіподақтар арасында 71 591 жұмыскерді қамтитын меморандумдарға қол қойғызуға ықпал еткен.

Сонымен қатар, еңбек заңнамасын түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында МЕИ облыстың БАҚ-да 84 мақала жариялап, 4 радио арқылы тікелей эфирге шыққан, 49 әртүрлі форматтағы кездесулер (семинарлар, дөңгелек столдар, конференциялар, ашық есік күндері) ұйымдастырып өткізген, жүктелген міндеттерді атқару үшін 682 күнді құрайтын 208 іс-сапараға шыққан.

 

ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметіне сәйкес Жамбыл облысында 49631 міндетті зейнетақы жарнасыз жұмыс істейтін жұмыскерлер анықталған.

 Бекітілген бейресми жұмыспен қамтылған халықты заңдастыру жөніндегі 2018-2019 жылдарға арналған Жол картасына сәйкес еңбек инспекциясы басқармасына өзін-өзі жұмыспен қамтылғандарға қатысты қосымша функциялар беріліп, жұмыс ауқымы еселеніп артады деп жоспарлануда.

Жоғарыда көрсетілген жұмыстарды жалғастыру мақсатында және алға қойған міндеттерді орындау үшін қосымша 5 қызметкерден тұратын бір бөлім ашу қажеттілігі туындап отыр.

Оның үстіне аудандарда басқарманың  қызметкерлері жоқ, еңбек қатынастарына, еңбек қауіпсіздігі және оны қорғауға байланысты жергілікті жерлерде туындайтын мәселелерге араласып, шұғыл шешімдер қабылдау мүмкіндігі төмен.

Сол себептен екі-үш ауданға бір МЕИ-дан,  барлығы  3 бірлік инспекторларының штатын қосымша беру қажеттілігі туындауда.

2. Мемлекеттік еңбек инспекторлары жұмыс барысында облыс аумағында орналасқан, оның ішінде қоғамдық көлік қатынасы ұйымдастырылмаған ауылдарға баруына тура келеді, орталық атқарушы органдарға бағынышты  кезде МЕИ-нің осындай іссапарларына шығу үшін екі «Нива» машинасы берілген болатын, қазіргі таңда ондай кезекші автокөлік қарастырылмаған, ол да  жұмыстың жылдам әрі мезгілінде шешілуіне әсер етуде.

 

Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет.

 

МОТ СУОТ-2001, OHSAS 18001:2007,  ГОСТ 12.0.230-2007  - еңбек қорғау, өндірістік тазалық және өнеркәсіп қауіпсіздігі менеджменті жүйесінің халықаралық стандарттары

 

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері жөніндегі мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары өндірісте еңбектің қолайлы жағдайларын қамтамасыз етуді, өндірістік жарақаттанудан сақтандыру мен алдын алуды, құқықтық, ұйымдастыру-техникалық және әлеуметтік-экономикалық шараларды дайындау мен іске асыру есебінен еңбек үдерісінде адам денсаулығы мен өмірін сақтауды көздейді.

Еңбекті қорғау – еңбек үдерісінде адамның денсаулығы мен жұмыс қабілеттілігін, қауіпсіздігін қамтамасыз ететін заң актілерінің, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастыру, техникалық, емдік-профилактикалық шаралардың жүйесі. Еңбекті қорғаудың міндеті – ең жоғары еңбек өнімділігі кезінде жайлылықты қамтамасыз ете отырып, бір мезгілде жұмыс істеушінің зардап шегу немесе ауруға шалдығу ықтималдығын барынша азайту.

Кәсіптік қауіпсіздік және денсаулық менеджменті жүйесі (бұдан әрі - Жүйе) – бұл кәсіпорынды басқарудың жалпы жүйесінің бір бөлігі, ол қызметкерлер өмірінің сақталуын қамтамасыз етеді. Жүйе еңбектің қауіпсіз жағдайларын жасауға жағдай жасайды және кәсіпорынға қызметкерлердің денсаулығы мен қауіпсіздігі үшін тәуекелдерді дәйекті түрде сәйкестендіруге және бақылауға, жазатайым оқиғалардың ықтималдылығын төмендетуге, еңбекті қорғау саласындағы заңнамалық нормаларға сәйкес келу жұмыстың жалпы тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін базалық тәсілді қамтамасыз етеді.

Кәсіптік қауіпсіздік пен денсаулық менеджментіне қолданылатын Халықаралық стандарттары ұйымдарды сапа мен экология менеджменті саласындағы басқа талаптармен кіріктірілуі мүмкін нәтижелі элементтермен қамтамасыз етуге арналған. Кәсіпорындарға кәсіптік денсаулық, еңбек қауіпсіздігі және экономика бойынша мақсаттарға қол жеткізуге жәрдемдесу үшін халықаралық стандарттарының ортақ мақсаты әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктермен теңгерімді сақтаған кезде кәсіптік денсаулық пен еңбек қауіпсіздігінің тиісті практикасына қолдау жасау болып табылады.

Кәсіптік қауіпсіздік менеджменті жүйесін (МОТ СУОТ-2001, OHSAS 18001:2007,  ГОСТ 12.0.230-2007 ) енгізген кәсіпорын не алады? Халықаралық стандарттарына сәйкес кәсіптік қауіпсіздік менеджменті жүйесін енгізу: - еңбек қызметі процесі кезінде қызметкердің қауіпсіздігі мен өмірін сақтауды қамтамасыз етуге; - ұйымды жалпы басқаруды жақсартуға; - еңбекті қорғау саласындағы заңнама талаптарына сәйкес келуге; - өндірістік тәуекелдер мен олармен байланысты жоғалтуларды (оның ішінде жазатайым оқиғалар бойынша айыппұлдарға, төлемдерге байланысты) төмендетуге; - компанияда зиянды және қауіпті факторлардың ықпалын азайту, жарақаттанушылық пен кәсіптік аурулардан сақтандыру бойынша тұрақты қызметті жолға қоюға; - персоналдың адалдық және кәсіпқойлық деңгейін арттыруға; - мүмкін болатын салдарларды жоюға байланысты шығындар мен авариялардың пайда болу ықтималдылығын азайтуға; - сақтандыру құнын, сондай-ақ қызметкерлердің болмауынан (ауруынан) туындайтын шығындарды азайтуға; - әртүрлі рұқсат ету құжаттамасын (мысалы, лицензияларды) алуды оңайлатуға; - кәсіпорынның нарықтық құнын арттыруға; - клиенттердің, серіктестердің, акционерлердің, инвесторлар мен басқа тараптардың көз алдында кәсіпорын беделін жақсартуға мүмкіндік береді.

Басқарма тарапынан облыстағы 100 жуық кәсіпорындарда тоқсан сайын еңбек жағдайлары, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жай-күйінің мониторингі өткізіліп қажетті ақпараттар жинақталып тұрады. Осы жинақталған ақпараттарға сәйкес кәсіпорындарда, оның ішінде экспортқа бейімделген, менеджменттің сертификатталған жүйесін енгізген жұмыс берушілер де кездеседі. Жұмыс берушілердің ұсынған мәліметтері бойынша облыста 100 астам кәсіпорын халықаралық және ұлттық стандарттарға сәйкес менеджмент жүйесі енгізілген және сертификатталған.

Олар «Алтыналмас АК» АҚ, «Казфосфат» ЖШС барлық филиалдары, «Жамбыл электр жүйелері» ЖШС, «ҚТЖ ҰК» АҚ «Жамбыл магистральдық желі бөлімшесі» филиалдары және т.б. кәсіпорындар.

 

Кәсіптік қауіпсіздік менеджменті жүйесін (МОТ СУОТ-2001, OHSAS 18001:2007,  ГОСТ 12.0.230-2007 ) енгізу дегеніміз өнім сапасы, персонал еңбегі мәселелерін тұрақты бақылай және талдай отырып, өндірісті кеңейту, қайта құрылымдау, техникалық жағынан қайта жарақтандыру, жаңа техниканы енгізу, жабдықтарды жаңғырту, әлеуметтік сала міндеттерін шешуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар өндіріс процестерін, жұмыс орындарындағы еңбекті қорғау жөніндегі көрсеткіштерді, қызмет көрсету аймақтарын тұрақты бақылау мен өлшеу, еңбек жағдайлары мен қауіпсіздік техникасын жақсартуға үлес қосады.

 

 

Басқарма тарапынан 2017 жылдың 24 қарашасында «Жамбыл-Жылу» МКК-да «Өндірістік жарақаттанудың алдын-алу» тақырыбында семинар кеңес өткізілді. Осы семинар кеңесте кәсіпорын базасында 40 орынға жабдықталған оқыту сыныбы орын алған. Ол сынып барлық қажетті құрал жабдықтармен, плакаттармен, әдістемелік материалдармен толық қамтамасыз етілген. Оқыту процессі кәсіпорынның білікті мамандарымен, сонымен қатар басқа да оқыту мекемелерінің қызметкерлерімен жүргізіледі. Осы кәсіпорынның оқыту базасы облыстағы коммуналдық кәсіпорындардың жауапты тұлғаларын оқытуға және практикалық тұрғыда тиісті білім беруге арналған.

Осындай сыныптар «Батуров атындағы ГРЭС» АҚ және «ЖЗМК-Имсталькон» ЖШС және «Казфосфат» ЖШС филиалдар аумағында орналасқан. Бұл сыныптарда замануи құрал жабдықтармен толық қамтамасыз етілген.

)

 

Жаңа техника мен алдыңғы қатарлы технологияларды қолдану еңбек өнімділігін арттырып ғана қоймай, еңбек қауіпсіздігі мәселелерін  ұйымдастыруды да жоғары деңгейге көтеріп, өндірістік жарақаттың азаюына әкеледі.

2017 жылдың 6 желтоқсан күні Қазақстанда ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев, «Алтыналмас АК» АҚ-ның басты тұлғаларымен және Жамбыл облысы әкімінің қатысуымен «Цифрандырылған кеніш» жобасына телекөпірде ресми бастау берілді.

Елбасы өндірісті цифрландыруға екпін жасап, экономиканы жеделдетілген түрде технологиялық модернизациялау қажеттілігі жөнінде хабарлаған. Әсіресе,  бұл   өндірісті ұйымдастыру және басқару тәсілдері көптеген жылдар бойы өзгермеген  өндіруші өнеркәсібі үшін маңызды. Бүгінгі күнге осы жоба  «Алтыналмас АК»  АҚ  үшін  өте актуалды және алдыңғы қатарлы жоба болып табылады, осы жобаның негізінде  ISO 9001:2015, ISO 14001:2014, OHSAS 18001:2007 интегралданған жүйелерді, персоналды бағалау, силық беру, персоналды оқыту және ынталандыру жүйелерін енгізіп, басқару мен өркендеудің жаңа жоғарғы сатысына шығу жоспарлануда.  Мойынқұм ауданында «Алтыналмас АК» АҚ-ы – 1 адам, «Жамбыл цемент өндіру компаниясы» ЖШС - 7 адам,

Тараз қаласында «ТМЗ» ЖШС – 1 адам,  «ЛДЦ Китайской медицины СУИДЗИНДО» ЖШС 1 адам, «Арматурный Таразский Завод» ЖШС - 1 адам

 

IT (Ай-Ти) жүйесінің ең алдыңғы қатарлы тәжірбиесіне сай өндірістік персонал уақыттың әрбір сәтінде (он-лайн режимінде) бақыланып, оларды басқарудың сарапталған және оңтайлы шешімдері қабылданады. мәселелері бойынша оқытуды, оларға нұсқау беруді және білімдерін тексеруді өткізу, жұмыскерлерге қажетті санитариялық-гигиеналық жағдайлар жасауға, еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нормаларға сәйкес жұмыскерлердің арнайы киімі мен аяқкиімін беруді және жөндеуді, оларды профилактикалық өңдеу, жуу және дезинфекциялау құралдарымен, медициналық қобдишамен, сүтпен немесе бірдей тамақ өнімдерімен және (немесе) диеталық (емдік және профилактикалық) тамақтануға арналған арнайы өнімдермен, жеке және ұжымдық қорғаныш құралдарымен жабдықтауды қамтамасыз ету, өндiрiстiк объектiлердi еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау, жұмыскер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жұмыскерлерге еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жазатайым оқиғалардан сақтандыру жұмыстарын жандандыру қажеттігі туралы

 

 

 

Жұмыс берушілердің толыққанды өкілі болып табылатын «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының облыстағы бөлімшесі жұмыскерлердің өкілдерімен, кәсіподақ ұйымдарымен, еңбек инспекциясымен бірлесіп жұмыс берушілермен еңбекті қорғау саласында нақты жұмыстар жүргізуді жалғастыруымыз керек.

Еңбекті қорғауды басқару жүйесі - бұл кәсіпорын қызметімен байланысты денсаулық сақтау мен еңбек қауіпсіздігі  саласындағы тәуекелдерді басқаруды қамтамасыз ететін, ұйым менеджменті жүйесінің бір бөлімі. Тиімді ұйымдастырылған Еңбекті қорғауды басқару жүйесі еңбектің қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз етеді, кәсіптік тәуекелдер, жалпы және кәчсіптікм ауруға шалдығушылық қауіптіліктерінің деңгейлерін төмендетеді. 3. Мемлекеттік еңбек инспекторлары жалақы қарызы бар кәсіпорандарды анықтаған кезде, жұмыс берушіге әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғаумен қатар, орындалуы міндетті саналатын нұсқама береді, нұсқамада берешек жалақы қарызын өтеу  мерзімі  қойылады, алайда  жұмыс беруші ол мерзімдерде жалақы қарызын төлей алмаса, нұсқаманы орындамағаны үшін хаттама толтырып, сотқа жібереді, сот органдары  нұсқаманы орындамағыны үшін айыппұл салады, ал жалақы сол күйі төленбей қала береді,  мемелекеттік еңбек инспекторының жұмыс берушіге басқадай  шаралар қолдануы заңмен қарастырылмаған, кірістер органы сияқты есеп шотын жауып түскен қаражатты жалақы төлеуге жұмсату жөнінде шешім шығара алмайды.

 Мемлекеттік еңбек инспекторы өз құзіреті шегінде жалақыны толық төленуін қамтамасыз еткізе алмайды, мемлекеттік еңбек инспекторының нұсқамасын сот орындаушылары арқылы  мәжбүрлеп орындатуды заңға тезірек енгізу қажет деп санаймыз. Соңғы үлгідегі, жоғары технологиялы аппараттар жаңа өнім түрлерін шығаруға мүмкіндік берген. Осы себепті зауытта қосымша тағы да бірнеше цех іске қосылыпты.

Зауыттың жетістігі бұл ғана емес. Осыдан шамалы уақыт бүрын мұнда елімізде алғаш рет перлит атты материал өндіріле бастады.

Мемлекеттік қолдау шаралары арқасында Жамбылгипс АҚ осы инвестициялық жобаны жүзеге асырып, теңдесі жоқ өндірісті іске қосуға мүмкіндік алдық. Өндіріс қазіргі заманғы талаптарға толық сәйкес келеді. Озық еуропалық технологияларды пайдалану өнімнің өзіндік құнын төмендетуге негіз болды. Соның арқасында Жамбылгипс АҚ бәсекеге қабілеттілікті арттырды.

Зауыт өнімдері Ресей, Қырғызстан мен Тәжікстан нарығына жіберіледі және болашақта өндіріс көлемін 5 есеге ұлғайту көзделіп отыр.

Оқиғалар күнтізбесі

ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930

Сайттың беттері

Мемлекеттік рәміздер

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі




Интерактивті сауалдама

Толығырақ...>>>