Kaz     Rus    Негізгі бетке    Кері байланыс    Сайт картасы   
 

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ
ЕҢБЕК ИНСПЕКЦИЯСЫ БАСҚАРМАСЫ

 
Мазмұны

Банерлер

 

 

 

 

 


Басқарма басшының орынбасары Есиркепов Е. баяндамасы

                                                                                                                            

 Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасының 2017 жылы     

Тараз қаласы бойынша атқарған жұмыстары туралы  

Басқарма басшысының орынбасары  

Е.Есіркеповтың сөзі.

 

 

                 Тараз қаласында  2018 жылдың 1 ақпанына статистика жөніндегі уәкілетті органның мәліметі бойынша 7108  тіркелген заңды тұлғалардың  4442  немесе  62,5  пайызы жұмыс істеп   тұр. (Жамбыл облысында 11676  тіркелген заңды тұлғалардың 7845 немесе 67,2 пайызы жұмыс істеп тұр)                                           

 

Тараз қаласында әрекет етіп тұрған 4442 заңды тұлғаларда 177 ұжымдық шарттар жасалынып жалпы жұмыс істеп тұрған субъектілердің 4 пайызын құраса, өндірістік процесті, еңбек құқығын қамтамасыз ету және қызметкерді жұмысқа орналастыруды тұрақтандыру мәселелері туралы әкімдік, жұмыс беруші мен кәсіподақтар арасында 39773 жұмыскерді қамтитын 1392 кәсіпорындарда меморандумдарға қол қойылып жұмыс істеп тұрған жеке кәсіпкерлік субъектілерінің 31,3 % қамтылды.

Тараз қаласы бойынша 2017 жылы 6 кәсіпорында 521 жұмыскер алдында 35,021 млн. теңге берешек жалақы қарыздары анықталып, («Жамбыл-гипсстрой» ЖШС, «Жамбылгипс» АҚ, «ТаразҚұрылысИнвест» ЖШС, «Мекен Жай Тараз» ЖШС, «Корпорация Казпроммонтаж» ЖШС және «Таразхиммонтаж» ЖШС)   мемлекеттік еңбек инспекторлары заң талаптарына сәйкес жұмыс берушілер орындауға міндетті нұсқамалар беріп, әкімшілік шаралар қолданылды, қабылданған шаралардың нәтижесінде 27,321 млн. теңге өндіріліп, 345 жұмыскердің құқықтары қорғалды.

Ал, ағымдағы жылдың есепті кезеңіне 3 кәсіпорында 202 жұмыскер алдында 23,738 млн. теңге  берешек жалақы қарыздары анықталып, ( «Мекен Жай Тараз» ЖШС, «Корпорация Казпроммонтаж» ЖШС және «Таразхиммонтаж» ЖШС)   мемлекеттік еңбек инспекторлары заң талаптарына сәйкес жұмыс берушілер орындауға міндетті нұсқамалар беріп, әкімшілік шаралар қолданылды, қабылданған шаралардың нәтижесінде 16,139 млн. теңге өндіріліп    26 жұмыскердің құқықтары қорғалды.                                                                                  

Бүгінгі күнге Тараз қаласы бойынша 176 жұмыскер алдында  7,6 млн. теңге жалақы қарыздары орын алып отыр.                                                                                                                                                

  3 айдан аса мерзімі өткен берешек жалақы  қарыздары,  «Корпорация Казпроммонтаж» ЖШС 24 жұмыскерге 1,027 млн. теңге,   «Мекен-жай Тараз» ЖШС 24 жұмыкерге 2,25 млн. теңге,      «Таразхиммонтаж»  ЖШС 128 жұмыскерге 4,315 млн. теңгені құрап,  толық өтелінбей отыр. 

 

Бұл кәсіпорындарымен мемлекеттік еңбек инспекторлар заң талаптарына сай нақты жұмыстар атқарып,жыл басынан бері едәуір жалақы қарыздарын жабуға ықпал жасалынуда.                          

 

Басқармамен еңбек жанжалдарын алдын алу мақсатында  тоқсан сайын облыстың  106 кәсіпорнына еңбек қатынастары, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жай-күйіне 20 көрсеткіш бойынша мониторинг жүргізілу жоспарлануда. Кәсіпорындар жағдайының оң және теріс динамикасына толық талдау жасалынып отырылады. (2017 жылы облыстың 100 кәсіпорнына еңбек қатынастары, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жай-күйіне 19 көрсеткіш бойынша мониторинг жүргізілді)

 

Ұжымдық шарттардың жасалуы, жұмыс берушінің қызметкерді жазатайым оқиғалардан сақтандыру шарты болуы, жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз ету, жалақы қарыздардың болуы, меморандумдардың жасалуы, жұмыскерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту, оларға нұсқау беру және білімдерін тексеру тәртібі мен мерзімдері, жазатайым оқиғалардың саны және т.б.

        

Басқармаға 2017 жылы   932 жеке және заңды тұлғалардан  арыз-шағымдары келіп түсті, оның ішінде 576 Тараз қаласы бойынша. Келіп түскен арыз-шағымдардың өткен жылмен салыстырғанда 40,5% төмендеп,  397 бірлікке азайғанын көреміз.  

2017 жылдан 21 арыз-шағым 2018 жылға өтті және 2018 жылдың 1 ақпанына 68  жеке және заңды тұлғалардан  арыз-шағымдары келіп түсіп 79 арыз-шағымдар қаралып, арыз иелеріне заңға сәйкес жауаптар берілді.                                                                                       

                                                                            

2017 жылы Тараз қаласының кәсіпорындары мен мекемелерінде 33 жазатайым оқиға  орын алып  34 адам зардап шегіп, оның ішінде 5 адам өліміне әкеп соққан. Бір топтық жазатайым оқиға орын алып, 2 адап жапа шекті. Ал, 2018 жылдың 1 ақпанына 2 жазатайым оқиға  орын алып  2 адам зардап шегіп, оның ішінде 1-уі ауыр және1-уі  жеңіл дәрежеде жарақат алды.

Жазатайым оқиғалар бойынша заң талаптарына сәйкес, ( ЕК ст.186-190) арнайы тергеп- тексеру коммиссиялар құрылып, олармен жұмыстар  жүргізіліп, жұмыс берушілердің жауапты тұлғаларының қылмыстық жауапкершілігін қарау үшін, ішкі істер органдарына материалдар уақтылы жолданып отырылады.

 

Оқиғалар күнтізбесі

ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930

Сайттың беттері

Мемлекеттік рәміздер

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі




Интерактивті сауалдама

Толығырақ...>>>