Kaz     Rus    Негізгі бетке    Кері байланыс    Сайт картасы   
 

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ
ЕҢБЕК ИНСПЕКЦИЯСЫ БАСҚАРМАСЫ

 
Мазмұны

Банерлер

 

 

 

 

 


2018 жылдың 1 тоқсанында атқарылған жұмыстар туралы есеп

 

Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасының 2018 жылдың 1 тоқсанындағы жұмысының негізгі бағыттары туралы түсіндірме жазба хаты  

 

Тараз қаласы                                                                      2018 жыл 5 сәуір  

Құқықтық және әкімшілік шаралар 

«Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы» КММ-нің (бұдан әрі-Басқарма) мемлекеттік еңбек инспекторларымен 2018 жылдың 1 тоқсанында облыс ұйымдары мен кәсіпорындарында  28  жоспардан тыс тексерулер жүргізілді, (2017 жылы 50 (бұдан әрі жақша ішінде 2017 жылдың сол мерзімнің мәліметтері).

Анықталған бұзушылықтардың нәтижелері бойынша жұмыс берушілерге 9 (20) бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді. Оның 8 (11) еңбек қатынастарына, 1 (2) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауға, 0 (7) халықты жұмыспен қамтуға қатысты.

Есепті кезеңде заңды және лауазымды тұлғаларға қатысты 5 (14) әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулылыр шығарылып, 673400 (2563970)   теңге соммасына әкімшілік айыппұл салынды және 0 (1) ескерту берілді. Екінші тоқсанның аяғына 384800 (1497540) теңге өндірілді. 

Жоспарлы шараларды іске асырудың нәтижесінде есепті кезеңде 14 (32) бұзушылықтар анықталды. Оның ішінде: 13 (19) еңбек қатынастарына, 1 (6) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауға, 0 (7) жұмыспен қамтуға қатысты. 8 (19) анықталған жалпы еңбек заңнамасының бұзушылықтары жойылды. Оның ішінде: еңбек қатынастары- 7 (12),  еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау- 1 (4) халықты жұмыспен қамту-  (3).

Есепті кезеңде тексеру арқылы 28 (35) азаматтардың жазбаша өтініштері қаралды, оның ішінде еңбек қатынастарына 27 (35), еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауға 1 (0), жұмыспен қамтуға қатысты 0 (0).

 2018 жылдың 1 сәуіріне басқармаға барлығы 264 (232) жеке және заңды тұлғалардан өтініш келіп түсті (159 - жеке және 105 - заңды тұлғалардан), былтырғы жылмен салыстырғанда 13,8% төмен.

Облыстық үшжақты әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және  еңбек қатынастарын реттеу комиссиясының 2015 жылдың 26 мамырдағы отырыстарының №2 хаттамасының негізінде  Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы  еңбек қатынастары, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жай-күйіне 100 (2018 жылы 106 кәсіпорын) кәсіпорындарда тоқсан сайын  20 көрсеткіш бойынша мониторинг жүргізеді. Мысалы, ұжымдық шарттың,  жұмыскерлерді жазатайым оқиғалардан сақтандыру шарттарының, жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етуі, жалақы бойынша берешегін бақылау, жазатайым оқиғалардың саны және т.б.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ай-сайынғы құрап отыратын кәсіби қауіпті карта бойынша экономикалық, әлеуметтік және еңбек көрсеткіштері бойынша Жамбыл облысының жағдайы (еңбек блогы, әлеуметтік блок және экономикалық блок) 2018 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша «кішігірім» жағдайды көрсетті.

 Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жасаған карта аясында, 2018 жылдың 1 тоқсанына Республика көлемінде еңбек қатынастарының жағдайын бағалау қорытындысы бойынша Жамбыл облысындағы жағдай «қалыпты» деңгейді көрсетті. 

2017 жылдың 31 наурызында облыс әкімінің орынбасары Т.А.Жанкенің төрағалығымен облыстық әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссияның отырысында  Жамбыл облысының  өндірістік процесті, еңбек құқығын қамтамасыз ету және қызметкерді жұмысқа орналастыруды тұрақтандыру мәселелері туралы  әкімдік, жұмыс беруші және кәсіподақтар арасындағы меморандумдар жасасу бойынша жұмыстарды жандандыру  қаралды. Бүгінгі күнге облыста  72175 жұмысшыны қамтитын 3031 кәсіпорындарда меморандумдарға қол қойылды (38,1%).

 Ұжымдық шарттардың қабылдануы

Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінде көрсетілген еңбек ұжымдарында ұжымдық шартты әзірлеу және қабылдау жұмыс беруші мен қызметкерлер арасындағы тең құқықтар мен тараптардың мүдделерін құрметтеу, ұжымдық келісімнің мазмұнын құрайтын мәселелерді демократиялық және еркін талқылау, тараптардың міндеттерін ерікті түрде қабылдау, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын сақтау болып табылады.

2018 жылдың 1 тоқсанында 2530   ұжымдық шарттар жасалған (32,4%).  Оның ішінде 1397 шарттар мемлекеттік мекемелерде, 1137- жеке субъектілерде. Жамбыл облысында аталған кезеңге әрекет етіп тұрған  мемлекеттік ұйымдардың саны 1609 жеке сектор - 6344. Барлығы 7593. Осылайша, ұжымдық шарттар жасалатын кәсіпорындар мен ұйымдардың көлемі аймақтағы қолданыстағы кәсіпорындар мен ұйымдардың 32% құрайды.

 Еңбек қатынастары 

2018 жылдың 1 тоқсанында  еңбек қатынастары бойынша 13 заң бұзушылықтар анықталды: жалақы төлеу шарттары бойынша - 4, жұмыс уақытының нормаларын сақтамау - 1, еңбек келісім-шартын заңсыз тоқтату - 1 және басқа да бұзушылықтар - 7.

Тексерулерде көрсетілгендей: «Еңбек Тараз» ЖШС-де тақырыптық жоспардан тыс тексеру жүргізу кезінде Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 113-бабының 1 тармағын бұзып 2017 жылдың қараша айына сотталған қызметкерлерге жалақыны № 832 төлем тапсырмасы бойынша 2017 жылдың 13 желтоқсанында, ал 2017 жылдың желтоқсан айына № 12 төлем тапсырмасымен 2018 жылдың 17 қаңтарында жалақы төленген. Тексеру нәтижелері бойынша нұсқама беріліп, лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жыл басынан бері  Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы  прокуратура органдарымен бірлесе 6 кәсіпорнында (банкроттық  кәсіпорындарсыз) 1156 жұмыскерге 305,7 млн.теңгенің жалақы қарызы барын анықтады, жалпы  қабылданған шаралар нәтижесінде, сонымен бірге кәсіпорын басшыларына жалақы бойынша  берешекті  өтеудің қатаң кестесі мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде  652 жұмыскердің құқығы қорғалып, оларға 193,3 млн. теңге жалақы қарызы өтелді. 

Ресми мерзімі өткен (3 айдан асатын) жалақы қарызы «Таразхиммонтаж» ЖШС және «Казпроммонтаж» ЖШС-де орын алуда.

Жалақы қарызы бойынша мәселелер жиі басқарма басшысында қаралды және әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үш жақты комиссияның отырысында  кәсіпорындары басшыларының есебі тыңдалады.

2018 жылдың 1 тоқсанында «Жамбылгипс» АҚ, «ACIG» АҚ, «Казпроммонтаж» ЖШС, «Мекен-Жай-Тараз» ЖШС, ШЖҚ МКК «Таразтрансэнерго» және «Таразхиммонтаж» ЖШС-нің басшыларының есептері тыңдалды.

 

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау 

Есепті кезеңде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша 1 заң бұзушылық анықталды. Негізгі себептері: өндіріске байланысты болған жазатайым оқиғаны уақтылы тергеп-тексерілмеуі (жасыру).

Сонымен, жоспардан тыс тексеру барысында «Жамбыл облысы көздері көрмейтін және нашар көретін адамдарға арналған кітапхана» КММ-нің жұмыс берушісі қызметкерімен болған жазатайым оқиғаны тексермеген және жергілікті еңбек инспекциясына басқармасына хабарлама жібермеген. Тексеру нәтижелері бойынша заңды тұлғаға заң бұзушылыққа нұсқама беріліп, Қазақстан Республикасы Әкімшілік кодексінің 96-бабына сәйкес 70 АЕК мөлшерінде айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

2018 жылдың 1 тоқсанында облыс ұйымдарында 13 (14) өндірістік жазатайым оқиға орын алып, 13 (15) адам зардап шекті, оның ішінде   1 (5) адам өлімге соқтырған, 5 (4) адам ауыр дәрежедегі.

Жыл басынан 0 (1) топтық жазатайым оқиға орын алды.

Есепті кезеңде 9 (13) арнайы тергеп-тексеру туралы комиссия құрылып, тексерулер жүргізілді.  Барлық тергеп-тексеру материалдары ішкі істер органдарына жолданған.

Зардап шегушілердің ең көп саны экономика салалары бойынша бюджеттік мекемелерге-3 адам, химия өнеркәсібіне-2 адам, тау-кен және металлургия өнеркәсібіне-2 адамнан, құрылыс саласында-2 және т.б  келді.

Жазатайым оқиғалардың негізгі себептері зардап шегушінің абайсыздығы, өндірістің дұрыс ұйымдастырылмауы, өндірісті қанағаттанарлықсыз ұйымдастырылмауы.

Еңбек қатынастары саласында азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау, жұмыскерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында, барлық тұрғындардың, әлеуметтік-еңбек қақтығыстарын алдын алу мақсатында кәсіпорындар мен ұйымдарда 150 жауапты тұлғалардың білімі тексерілді. 268 жұмыс орындардың  34 өндірістік нысандарда аттестациядан өткізілді.

 

Халықты жұмыспен қамту

Есепті кезеңде Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 23-бабы 2-тармағының 11) тармақшасын және «Жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабының 2-тармағының 1) тармақшасын бұзу туралы өтініштер басқармаға келіп түскен жоқ. 

 

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары 

Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Облыстық еңбек инспекциясы басқарма басшысының қатысуымен ү.ж. 13 ақпан - 20 наурыз аралығында   Жуалы, Жамбыл, Байзақ,  Т.Рысқұлов, Меркі, Қордай, Мойынқұм, Шу, Сарысу және Талас аудандарында аудандық штаб отырыстары  және  Жуалы, Жамбыл, Байзақ, Қордай, Т.Рысқұлов атындағы, Сарысу, Талас, Меркі,Шу аудандарында семинар-тренингтер өткізіліп, аталған санаттағы тұлғалардың еңбек қатынастарын заңдастыру жұмыстарын түсіндіру бағытындағы  дайындық    жұмыстары  қаралып, жергілікті атқарушы органдардың осы жұмыстарды ұйымдастырудағы  нақты бағыттары айқындалып берілді.

Өткізілген іс-шаралардың ішінде мыналарды атап өтуге болады:

2018 жылдың 2 ақпанында қалалық мәдениет үйінде кеңейтілген форматта еңбек инспекциясы басқармасының есеп беру кездесуі өтті, онда 2017 жылы атқарылған жұмыстарды қорытындылып, 2018 жылы алға қойып отырған міндеттер жарияланды. Сондай-ақ еңбек заңнамасын және өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды ресімдеу мәселелерін айқындау мақсатында облыстық, қалалық және аудандық бұқаралық ақпарат құралдарымен Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану туралы ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.

Есеп беру кездесуінде Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасының басшысы С.Айдапкелов, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Е.Манжуов, әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі қалалық және аудандық комиссиялардың төрағалары, кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары, облыстық және салалық кәсіподақтардың өкілдері мен бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары қатысты.

«Айвенго» ЖШС, «Таразкожобувь» ЖШС, «ЖЭС» ЖШС, «Алтыналмас» АҚ «Ақбакай» филиалы және «Жамбыл-Жылу» КММ-і арнайы киім, аяқ киім және жеке қорғану құралдары, сондай-ақ қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету үшін қолданылатын құрал-жабдықтары мен Қалалық мәдениет үйінде дәстүрге айналған көрме өткізілді.

Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Айдапкелов Серғали Өмірзақұлының қатысуымен «Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасының 2017 жылғы атқарған жұмыстар мен 2018 жылға қойып отырған міндеттері» тақырыбында 2018 жылдың 2 ақпанында орталық коммуникациялар қызметінде брифинг өткізілді.

Нəтижесінде, 2018 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша еңбек заңнамасын түсіндіру мақсатында еңбек ұжымдарымен 19 семинар кездесулер өткізіліп, бұл іс-шараларға 982 қызметкер қатысты. Облыстық және аудандық бұқаралық ақпарат құралдарында және сайттарда 16 жарияланым шықты.

Оқиғалар күнтізбесі

ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930

Сайттың беттері

Мемлекеттік рәміздер

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі




Интерактивті сауалдама

Толығырақ...>>>