Kaz     Rus    Негізгі бетке    Кері байланыс    Сайт картасы   
 

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ
ЕҢБЕК ИНСПЕКЦИЯСЫ БАСҚАРМАСЫ

 
Мазмұны

Банерлер

 

 

 

 

 


Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау

 

Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу

 

Тараз қаласы                                                                                      29.06.2018 жыл


 

Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасында  (әрі қарай-Басқарма) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығын басшылыққа ала отырып, Басқармада сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мақсатында 29.12.2017 жылы №160-ө бұйрығымен жұмыс құрамы құрылды.

Аталған бұйрықтың негізінде Басқарманың бөлімдеріне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары жүргізілді.

Жүргізу мерзімі: 26.06.2018ж.-29.06.2018ж.

Жүргізілетін кезең: 01.01.2018 ж. – 01.07.2018 жылдар аралығы, яғни 1-ші жартыжылдықтың қорытындысы.

Басқарма 27.06.2013 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің №186 қаулысымен «Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекеме болып құрылған.

Басқарма 4 бөлімнен тұрады, яғни еңбек заңнамасын бақылау, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, мониторинг және құжаттама, құқықтық және қаржы-шаруашылық бөлімдерінен.

«Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.

         «Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

         1.Басқармада персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы 2018 жылдың 1 жартыжылдықтың қорытындысы бойынша бір қызметкер жұмыстан босатылған. Ол Г.Алтынбектің 16.02.2018 жылғы өтінішінің негізінде Жамбыл облысы еңбек инспекциясы басқармасының  16.02.2018 жылғы №11 ж/қ бұйрығымен өз еркімен жұмыстан босатылғандығы анықталды.

Басқармада жақын туыстық қарым-қатынаста мемлекеттік әкімшілік қызметшілер жоқ.

Басқармада келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері, Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңы талабына сай қаралады.

Басқармада мемлекеттік сатып алуды «электрондық мемлекеттік сатып алу» порталымен жүзеге асырылады.

Тексеру жұмыстарын жүргізу кезінде заң бұзушылық фактілері орын алмаған.

Сыбайлас көріністері бойынша фактілер орын алмаған.

2. Басқармада мүдделер қақтығысы орын алмаған;

3. Басқармада мемлекеттік қызмет көрсету жұмыстары жоқ; 

4. Басқармада рұқсат беру функцияларын іске асыру жұмыстары жоқ;

5. Басқарма Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады; 

1.Басқарма қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер:  ҚР Еңбек кодексі, ҚР Кәсіпкерлік кодексі,  ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативті құқықтық актілер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы»,«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдары.

2. Басқармаға қатысты мемлекеттік органдардың бұрын жүргізген тексеру нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық көріністері орын алмаған. 

3. Бұқаралық ақпарат құралдарын 31 мақала жарияланған, Басқарма сайтында сұрақ-жауап айдарында әрдайым түсіндірмелер орналастырылып отырылады.

4. Басқармада сыбайлас жемқорлық көріністері бойынша прокурорлық қадағалау актiлерi жоқ;

5. Басқармада сыбайлас жемқорлық көріністері бойынша шығарылған сот актілері жоқ;

Басқарманың сайтында атқарылған жұмыстар туралы ақпараттар тоқсан сайын жариялануда.

Басқармада көрсетілген мерзімде сыбайлас жемқорлықтың туындауының себептері мен жағдайын сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштер тіркелмеген.

ҚР заңнамаларына енгізілген өзгерістер туралы Басқарма қызметкерлері арасында түсіндірме жұмыстары тұрақты атқарылуда.

Басқармада сенім телефоны (43-01-96) және арыз-шағымдар жәшігі орнатылған. 

Басқарманың интернет-ресурстарында (http://enbek.zhambyl.kz), сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша арнайы тарау жұмыс істеуде.

___________________Е.Есіркепов 
___________________М.Туғанбаев 
___________________Е.Төребеков

___________________ Г.Қожахметова

___________________ А.Мұстафаева

Оқиғалар күнтізбесі

ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930

Сайттың беттері

Мемлекеттік рәміздер

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі




Интерактивті сауалдама

Толығырақ...>>>