Kaz     Rus    Негізгі бетке    Кері байланыс    Сайт картасы   
 

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ
ЕҢБЕК ИНСПЕКЦИЯСЫ БАСҚАРМАСЫ

 
Мазмұны

Банерлер

 

 

 

 

 


ЕҢБЕК ДАУЫ ЕТЕК ЖАЙМАСЫН

Информация о проделанной работе управления инспекции

 труда акимата Жамбылской области по итогам работы за 2013 год

 

Еңбек инспекциясы есеп берді


ЕҢБЕК ИНСПЕКТОРЛАРЫНЫҢ ИГІ ІСТЕРІ

немесе

ЕҢБЕК ДАУЫ ЕТЕК ЖАЙМАСЫН

 

Еңбек қатынастары саласындағы кемшіліктер әрбір тексеру сайын анықталады және негізінен басшылар мен қатардағы қызметкерлердің еңбек заңнамаларын жете білмеуінен орын алады. 2013 жылы мемлекеттік еңбек инспекторларының басты назары жалақының мерзімінде төленуіне және жазатайым оқиғалардың алдын-алу жұмыстарына бағытталған. Былтыр Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасының мемлекеттік еңбек инспекторлары облыс ұйымдарында 483 тексерулер жүргізген, оның 162-і жоспарлы, 321-і жоспардан тыс тексерулер. Жоспарлы тексерулердің саны барлық тексерулердің 33,5 пайызын құрады. Тексерулер барысында 1423 кемшілік анықталған, оның ішінде 947-і еңбек қатынастарына, 458-і еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауға, 18-і халықты жұмыспен қамту заңнамасына байланысты. Анықталған кемшіліктердің 66,6 пайызы еңбек қатынастарына байланысты туындаған.

 

947 ЗАҢ БҰЗУШЫЛЫҚ, 289 АРЫЗ-ШАҒЫМ

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің нормаларын жете білу және іс жүзінде пайдалану үшін мемлекеттік еңбек инспекторлары тексеру жүргізу барысында түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. 2013 жылы «Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін көтеру Орталығының», Жамбыл облыстық кәсіподақтар Кеңесінің, «Локомотив» акционерлік қоғамы Жамбыл пайдалану локомотив депосы, «Меркі қант зауыты» ЖШС-і, «Таразэнергоорталық» АҚ-ы, «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ-і негізінде облыс кәсіпорындары мен ұйымдарында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды сақтау және еңбек заңнамасы талаптарын түсіндіру бойынша 115 семинарлар мен сабақтар өткізіліп, бұқаралық ақпарат құралдарында 46 жарияланымдар мен түсінік жұмыстары жарық көрді.

Есепті кезеңде 289 жазбаша арыз-шағымдар қаралды, оның ішінде 271-і еңбек қатынастарына, 17-і еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша, 1-і халықты жұмыспен қамту заңнамасына байланысты болған.

2013 жылы облыс ұйымдарын тексерулер барысында еңбек қатынастары сұрақтары бойынша 947 заң бұзушылықтар анықталды, оның ішінде еңбек шарттары мазмұнының талапқа сай келмеуі – 108, жұмыс уақытының нормаларының сақталмауы – 44, жалақының уақтылы төленбеуі – 79, еңбек демалыстарының уақтылы берілмеуі - 38, тәртіптік жазалардың дұрыс қолданылмауы - 25 және басқа да заң бұзушылықтар.

 

ЕҢБЕК ШАРТЫНСЫЗ ЕҢБЕКАҚЫ ЗАТТАЙ ТӨЛЕНЕДІ

Мемлекеттік еңбек инспекторлары қаланың және аудандық прокуратураның қызметкерлерімен бірлесіп 2013 жылы ауылшаруашылық өнімдерін өндіруші құрылымдарда еңбек заңнамаларының сақталуы бойынша жоспардан тыс тексерулер жүргізді. Тексеру кезінде шаруашылық қожалықтарының 11-де (немесе 58%) жұмысберушілер жұмысшылармен еңбек шарттарын жасамағаны анықталды, шаруа қожалықтарының көпшілігінде жалақыны есептеу және төлеу тізімдемесі (ведомость) жоқ, жалақыны күнделікті заттай және өнімдермен берген жағдайлар орын алған. Ақшалай түрде жалақы негізінен ауылшаруашылық өнімдерін жинап және оны өткізгеннен кейін төленеді.

Мониторинг жүргізу барысында мемлекеттік еңбек инспекторларымен облыстың 24 ұйымдарындағы 368,884 млн.теңгенің жалақы қарыздары анықталып, жұмысберушілерге еңбек заңнамасын бұзушылықты жою туралы 17 ұйғарым берілді, заңды тұлғаларға әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің (ӘҚБК) 87 бабының 3 және 4 тармақтары бойынша 2,238 млн.теңгенің 27 әкімшілік айыппұлдары салынды, 3823 жұмыскердің құқықтары қорғалды. Қабылданған шаралармен 21 ұйымдардағы 362,818 млн.теңгенің жалақы қарыздары төленді.

 

2899 ҰЙЫМ ҰЖЫМДЫҚ ШАРТСЫЗ...

2013 жылы мемлекеттік еңбек инспекторларымен еңбек заңнамасын сақтаудағы жұмысшылардың еңбек жағдайларын жақсартуға, олардың Ата заңдағы құқықтарын қорғауға, жалақыларын индексациялауға, соның ішінде жазатайым оқиғалар кезінде жәрдемақы және өтемақы төлемдерін төлеуге қатысты 859 ұжымдық шарттарға мониторинг жасалды, оның ішінде 496-ы жаңадан, 363-і қайта қабылданған. Жылдың аяғына 5571 жұмыс істеп тұрған ұйымдарда барлығы 2672 ұжымдық шарттар қолданыста, яғни 48 пайызға қамтылған.

ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген 2013-2015 жылдары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының негіздеріне азаматтарды құқықтық жалпыға бірдей оқытуды ұйымдастыру жоспарының іс-шараларын орындау мақсатында, қызметкерлердің және бүкіл азаматтарымыздың еңбек қатынастары саласындағы құқықтық сауаттылығын көтеру, азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау, әлеуметтік-еңбек жанжалдарының алдын алу үшін еңбек инспекциясы басқармасымен 2013 жылы «Еңбек заңнамасы, еңбек қауіпсізідігі және еңбекті қорғау» тақырыбына барлығы 104 ұйымдарда оқытулар өткізілді, оған 4270 адам қатысты. Оқытулар цехтарда, участектерде мүмкіндігінше барлық қызметкерлердің қатысуымен өткізілді.

«ҚР ЕжХӘҚМ еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» РМҚК-мен жасалынған келісім шарттың негізінде облыс орталығынан 50 шақырымға дейінгі қашықтықта орналасқан ұйымдарда да оқытулар жүргізілді. Келісім шартқа сәйкес 60 ұйымда оқу өткізу жоспарланғанымен, 61 ұйымда оқу өткізіліп, оған 1760 адам тартылды.

 

ЖАЗАТАЙЫМ ЖАҒДАЙҒА КІМ ЖАУАП БЕРЕДІ?

2013 жылы облыс ұйымдарында 76 жазатайым оқиға орын алып, 86 адам жапа шекті, оның ішінде 17-і әйел. Жазатайым оқиғаның салдарынан 14 адам қайтыс болды, өткен жылғы көрсеткіштен 2 адамға кем. Есепті кезеңде 52 арнайы тергеп-тексеру жүргізілді. Барлық тергеп-тексерілген жазатайым оқиғалардың материалдары ішкі істер органдарына жіберілді.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау сұрақтары бойынша 2013 жылы 694 басшылар мен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауға жауапты қызметкерлердің білімдері тексеріліп, оның 625-і қанағаттанарлық деп бағаланды.

4939 қызметкер жұмыс атқаратын 35 ұйымда 284 өндірістік нысандар еңбек жағдайларына байланысты аттестаттаудан өткізілді.

 

Т9 967 735 АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ

Анықталған кемшіліктер бойынша жұмысберушілерге оларды жою туралы 401 ұйғарымдар берілді, соның ішінде, 284-еңбек қатынастары бойынша, 116-еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша, 1-халықты еңбекпен қамту бойынша. Одан бөлек, қызметкерлерге жұмыс міндеттерін атқару кезінде зардап келтірмес үшін және апаттың алдын-алу мақсатында мемлекеттік еңбек инспекторлары 3 өндірістік нысанның, 38 станок, машина және құрылғылардың жұмысын тоқтатты.

Тексеру барысында, еңбекті қорғау мәселелері бойынша нұсқама алмай, білімі тексерілмей жұмысқа жіберілген, электр қауіпсіздігі бойынша жұмысқа жіберу рұқсаты жоқ және ерекше жұмыс түрлерін орындауға рұқсат беретін құжаттары жоқ, арнаулы киімсіз және жеке қорғаныш құралдарынсыз жұмысқа жіберілген 688 қызметкер мемлекеттік еңбек инспекторларының талап етуі бойынша жұмыстан шеттетілді.

Заңнамалық құжаттарға сәйкес лауазымды және заңды тұлғаларға жалпы сомасы 9 967 735 теңгені құрайтын 387 әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы қаулылар шығарылды. Жылдың аяғына мемлекеттік еңбек инспекторларының берген ұйғарымдарының негізінде және басқа да қолданылған шаралардың арқасында жұмысберушілер 1423 тармақтан тұратын бұзушылықтардың 1386 тармақтарын жойды, ол анықталған заң бұзушылықтардың 97,4 %. Қалған 37 тармақ бойынша орындауға берілген ұйғарымдардың уақыттары келмеген.

 

Облыс мекемелерінде еңбек заңнамасын сақтау бойынша мемлекеттік бақылауды әрі қарай мезгілінде және сапалы қамтамасыз ету үшін еңбек саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, өндірістік жарақаттанудың салдарына талдау жүргізу үшін еңбек инспекциясы басқармасының 2014 жылдың 1 жартыжылдығына арналған жоспарлы тексерулер Жоспары Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасымен бекітіліп, ресми ғаламтор-ресурсында орналастырылды.

 

Алма ЖҰРМҰХАМЕДОВА,

облыс әкімдігінің еңбек инспекциясы

басқармасы еңбек заңнамаларын қорғау бөлімінің басшысы,

мемлекеттік еңбек инспекторы.

Оқиғалар күнтізбесі

ДсСсСрБсЖмСнЖк
123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930

Сайттың беттері

Мемлекеттік рәміздер

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі




Интерактивті сауалдама

Толығырақ...>>>