Kaz     Rus    Негізгі бетке    Кері байланыс    Сайт картасы   
 

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ
ЕҢБЕК ИНСПЕКЦИЯСЫ БАСҚАРМАСЫ

 
Мазмұны

Банерлер

 

 

 

 

 


Еңбек шарты - қызметкердің құқығын қорғайды

Еңбек шарты -  қызметкердің құқығын қорғайды.

 

Қазақстан Республикасының  еңбек кодексінің   3-інші және 4-інші тарауында айтылғандай - қызметкер мен жұмыс беруші еңбек қатынастарының  субъектілері болып табылады. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, еңбек қатынастары қызметкер мен жұмыс берушінің арасында Қазақстан Республикасының  еңбек   Кодексіне сәйкес жасалған еңбек шартының негізінде туындайды.   Еңбек шарты бойынша қызметкер сыйақы үшін тиісті біліктілігі бойынша  жұмысты (еңбек функциясын) атқарады және еңбек тәртіптемесін сақтайды, ал жұмыс беруші  еңбек жағдайларын қамтамасыз етеді, қызметкерге Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында, еңбек  шартында, ұжымдық шартта, тараптардың келісімінде  көзделген жалақыны уақтылы және толық көлемінде төлейді және өзге де төлемдерді  жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының  еңбек кодексінің   10-ыншы бабына сәйкес еңбек қатынастары, сондай-ақ еңбек қатынастарына тікелей байланысты  өзге де қатынастар еңбек  шартында, жұмыс берушінің актісінде, келісімде және ұжымдық шартта реттеледі.

«Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне олардың еңбек құқықтарын жұмыс берушілер бұзып отыратындығы жөнінде өтініштер түсуде.

Мәселен, серіктестік меншік иесінің ауысуына байланысты «Дос-Нар» «Сервис Құрылыс-материалдары» ЖШС-нің  жұмыскері өзіне тиесілі  800 000  теңге мөлшеріндегі айлық жалақысының төленбей отырғандығын айтып өтініш жазған. Іске Мемлекеттік еңбек инспекциясы араласқаннан кейін  бүкіл сома түгел төленіп, жұмыс беруші әкімшілік жауапқа тартылды. «Кернеу Автоматика» ЖШС жұмыскерінің өтінішінен кейін де оған орындаған жұмыстарына төленетін қордаланған  ақша төлемге түсті. Жұмыскерлер жазбаша келісім-шарт жасамаған, ал жұмыс беруші Бас мердігердің орындалған жұмыс көлемі бойынша өзіне тиесілі қаржы мөлшерін бөлмей отырғандығын тілге тиек етеді. Түптеп келгенде зардап шегушілер–жұмыскерлеп болып отыр. «Тиберда» ЖШС-нде де жұмыс беруші Бас мердігердің орындалған жұмыс көлемі бойынша өзіне тиесілі қаржы мөлшерін бөлмей отырғандығын сылтауратты. Осыған ұқсас жайлар «Тараз Дос» ЖШС мен «Тараз Аян құрылыс» ЖШС-нде де орын алған. Оларда еңбек қатынастары Қазақстан Республикасы Еңбек кодексі бұзыла отырып, ауыз-екі келісім-шарт немесе бүкіл бригадаға жасалған бір жалдық  келісім-шарт бойынша жүргізілген. Осыған орай, жұмыскерлер құқығын қорғай алуымыз үшін еңбек келісім-шарттары Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне сай, ал еңбеккерлерді жалдау келісім-шарты Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексіне сай жасалуы керек.

            «Жамбыл     облысы    әкімдігінің 

           еңбек инспекциясы басқармасы»                            

           коммуналдық  мемлекеттік мекемесінің

           Мемлекеттік еңбек  инспекторы                                                С. Кабилов

Оқиғалар күнтізбесі

ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930

Сайттың беттері

Мемлекеттік рәміздер

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі




Интерактивті сауалдама

Толығырақ...>>>