Kaz     Rus    Негізгі бетке    Кері байланыс    Сайт картасы   
 

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ
ЕҢБЕК ИНСПЕКЦИЯСЫ БАСҚАРМАСЫ

 
Мазмұны

Банерлер

 

 

 

 

 


Аппараттык кенесте жасалған баяндама

           2014 жылғы 28 шілдеде облыс әкімдігінде аймақ басшысының бірінші орынбасары  Б.Орынбековтың төрағалық етуімен  аппараттық кеңес өтті. Аппарат отырысында мемлекеттік органдардағы  еңбек заңдылықтарының сақталуы туралы облыстық еңбек инспекциясы басқармасы басшысының міндетін атқарушы  И.Құдайбергенов баяндама жасады.

Төменде баяндаманың толық  мәтіні беріліп отыр.

 

Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасымен ұйымдарда еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету бағытында нақты шаралар атқарылуда.

Мемлекеттік еңбек инспекторлары 2014 жылдың 1 жартыжылында облыс ұйымдарында 166 (2013 жылдың осы кезеңінде - 291, бұдан әрі жақшаның ішінде 2013 жылдың салыстырмалы кезеңі) тексерулер жүргізді, оның 53(130) жоспарлы, 133(161) жоспардан тыс тексерулер.

Облыс ұйымдарын тексерулер барысында 2014 жылдың 1 жартыжылында 500 заң бұзушылықтар анықталды (1056), оның ішінде 321 (662) еңбек қатынастарына, 162 (377) еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауға, 17 (17) халықты жұмыспен қамту заңнамасына  байланысты.

Заңнамалық құжаттарға сәйкес лауазымды және заңды тұлғаларға жалпы сомасы 6,4 (6,1) млн. теңгені құрайтын 188 (252) әкімшілік айыппұлдар салынып, ағымдағы жылдың 1 шілдесіне 4,6 (4,6) млн. теңгесі өндірілді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 желтоқсандағы № 1581 қаулысымен бекітілген 2013-2015 жылдары еңбек заңнамасы негіздеріне азаматтарды жалпыға бірдей оқытуды ұйымдастыру жоспарының іс-шараларын орындау мақсатында, бекітілген кестеге сәйкес облыс ұйымдарында оқытулар өткізілуде.

Атап айтқанда, 2014 жылдың 6 айында мемлекеттік еңбек инспекторлары өңірдегі 42 ұйымдарда 1411 жұмысшылардың қатысуымен оқулар өткізді.

Облыстық баспасөз беттерінде басқарма жұмысының негізгі бағыттарына қатысты 25 мақалалар мен түсініктер жарияланды, облыстық радио арқылы тікелей эфирден 2 хабар ұйымдастырылып, тыңдармандардың еңбек заңнамасына қатысты сұрақтарына жауап берілді. Облыстық «Арай» және «Кәсіподақ жаршысы» газеттерінде еңбек заңнамасына, еңбекті қорғау сұрақтарына қатысты түсіндіру, сұрақтарға жауап беру мақсатында тұрақты айдар ашылған.

 Өндірістік жарақат орын алуы жиіленген облыстың 12 кәсіпорнына еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша тұрақты мониторинг жүргізілуде.

Ағымдағы жылдың 28 сәуірінде Басқармамен ұйымдастырылған дөңгелек үстелде, өңірдегі жұмыс берушілерге еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелерін мүлтіксіз орындау және өндірістік жарақаттардың алдын алу жұмыстарын жүргізуді жандандыру жөнінде ұсыныс берілді.

Сонымен қатар, Басқарма еңбек жанжалдарының алдын алу және оны шешу жолдары тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырып, өңірдегі ірі кәсіпорын, кәсіподақ ұйымдары өкілдерінің қатысуымен жан-жақты пікір алысу барысында еңбек жанжалдарын болдырмау жолдары қарастырылды. Биылғы жылы ұжымдық еңбек даулары туындамағанын айта кетуіміз керек.  

Атқарылған жұмыстарға қарамастан өңірде еңбек заңнамасының бұзылуы салдарынан азаматтарымыздың еңбек құқықтарының бұзылу фактілері және өндірістік жарақаттардың жиі орын алуы байқалады.

Күн тәртібіндегі мәселеге сәйкес облыстағы қалыптасқан жағдай туралы баяндауға рұқсат етіңіздер.

Мемлекеттік еңбек инспекторларымен 2013 жылдың 1 жартыжылдығында (ЕМ бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінің) тексерулер жоспарына сәйкес 7 мемлекеттік органда тексеру жүргізілген.

2013 жылдың 1 шілдесінен мемлекеттік органдарда еңбек заңдылықтарының сақталуына қатысты 6 жоспарлы, 25 жоспардан тыс, оның ішінде биылғы жылдың 1 жартыжылында  4 жоспарлы, 13 жоспардан тыс тексерулер жүргізілді. 2014 жылдың 2 жартыжылдығына 60 ұйымды тексеру жоспарланса, оның 20 мемлекеттік органдар. 

Мемлекеттік органдарды тексеру барысында 82 заң бұзушылықтар анықталды, оның ішінде 56 еңбек қатынастарына, 20 еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауға, 6 халықты жұмыспен қамту заңнамасына  байланысты.

Заң бұзушылықтарға жол берген лауазымды және заңды тұлғаларға жалпы сомасы 228,6 мың теңгені құрайтын 23 әкімшілік айыппұл салынды.

Еңбек қатынастары және халықты жұмыспен қамту сұрақтары бойынша анықталған заң бұзушылықтарды саралайтын болсақ, ҚР АШМ Жамбыл облыстық аумақтық инспекциясында, Жамбыл облысының тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінде, Шу-Талас облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясында еңбек шарттарын ресімдеуде Еңбек кодексінің 28 бабының талаптары сақталмауда (жұмыстың атқарылатын орны, жұмыстың басталу күні, жұмыс уақыты мен тынығу уақыты, еңбекке ақы төлеу мөлшері және т.б.).

 Еңбек демалысының ақысын және еңбек шарты бұзылған кезде қызметкерлерге тиесілі сомаларды заңмен белгіленген мерзімдерден кешіктіріп төлеу фактілері  Шу-Талас облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясында, Жамбыл облысының тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінде, Мойынқұм ауданы әкімдігінің білім беру бөлімінде орын алған.

Жамбыл облысының салық департаментінде еңбек демалыстарын беруде заң бұзушылықтарға жол берілген, ақылы жыл сайынғы еңбек демалысы қызметкердің келісімінсіз белгісіз мерзімге ауыстырылған.

Жамбыл облысының тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінде, Мойынқұм ауданы әкімдігінің білім беру бөлімінде  босаған жұмыс орны жөнінде 3 жұмыс күні ішінде жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органға ақпарат берілмеген.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау сұрақтары бойынша анықталған кейбір заң бұзушылықтарға тоқталатын болсақ, ҚР АШМ Жамбыл облыстық аумақтық инспекциясы мен Шу-Талас облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясында, Шу ауданы әкімдігінің білім беру бөлімінде қызметкерлер арнаулы киіммен ішінара қамтамасыз етілген, қызметкерлермен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау сұрақтары бойынша нұсқаулықтарын рәсімдеу және нұсқамалар өткізуде кемшіліктерге жол берілген.

Есепті кезеңде мемлекеттік органдарда өндірістік жазатайым оқиғалармен жалақыны уақытылы төлемеу фактілері тіркелген жоқ.

Құрметті әріптестер!

Баяндамамды аяқтай келе еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігіне қатысты сұрақтарға аса көңіл бөле, қызметкерлердің еңбек құқықтарының бұзылуына жол бермеуге шақырамыз.

 

Оқиғалар күнтізбесі

ДсСсСрБсЖмСнЖк
123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930

Сайттың беттері

Мемлекеттік рәміздер

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі




Интерактивті сауалдама

Толығырақ...>>>