Kaz     Rus    Негізгі бетке    Кері байланыс    Сайт картасы   
 

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ
ЕҢБЕК ИНСПЕКЦИЯСЫ БАСҚАРМАСЫ

 
Мазмұны

Банерлер

 

 

 

 

 


Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсы туралы

 Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсы туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы N 523 Жарлығы

 

  Қазақстанның жеке кәсіпкерлік субъектілерінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік принциптерін қалыптастыру мен ілгерлету және оларды осы саладағы ең үздік тәрбиені енгізуге ынталандыру мақсатында қаулы етемін
      1.
2008 жылдан бастап жыл сайын бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсын белгіленсін. 
      2. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсының лауреаттары атақтарын беру жөніндегі комиссия құрылсын. 
      3. Қоса беріліп отырған: 
      1) Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсын өткізудің ережелері 
      2) Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсының лауреаттары атақтарын беру жөніндегі комиссия туралы ереже бекітілсін. 
      4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін. 
      5. Осы Жарлық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының 
      Президенті

Қазақстан Республикасы   
Президентінің       
2008 жылғы 23 қаңтардағы 
N 523 Жарлығымен     
бекітілген       

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі 
"Парыз" конкурсын өткізудің ережелері

1. Жалпы ережелер

      1. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсы (бұдан әрі - конкурс) халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсарту үшін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қоғам алдындағы өзінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруға және арттыруға бағытталған. 
      Конкурсты өткізудің мақсаттары: 
      1) жеке кәсіпкерлік субъектілерін өз қызметкерлері үшін, сол секілді тұтас алғанда қоғам үшін де әлеуметтік мәселелерді шешуге ынталандыру; 
      2) осы саладағы қолда бар оң тәжірибені көрсету және кеңінен тарату. 
      Жеке кәсіпкерлік субъектілері (бұдан әрі - үміткерлер) қатыса алатын конкурс Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өткізіледі.
      
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2010.07.16 N 1029 (қолданысқа енгізілу тәртібін4-т. қараңыз) Жарлығымен.

      2. Конкурстың жеңімпаздарын айқындау жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) шешімі негізінде лауреаттар атақтары жыл сайын мынадай:
      1) шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі;
      2) ірі кәсіпкерлік субъектісі санаттары бойынша беріледі.
      
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2011.07.22  N 123 Жарлығымен.

      3. Үміткерлер тұтас алғанда қоғамның және соның ішінде жеке кәсіпкерлік субъектісі қызметкерлерінің әл-ауқатын жақсартуға бағытталған, өздерінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін растайтын әлеуметтік бағдарламаларын ұсынуға тиіс. 
      Бағдарламалар мен олардың жобаларына үміткерлер дербес және/немесе азаматтық қоғам институттарымен және жергілікті атқарушы органдармен әріптестікте жүзеге асыратын және әлеуметтік салада оң өзгерістерге қол жеткізуге бағытталған іс-шаралар кіреді. 
      Әлеуметтік жауапкершілік бәсекеге қабілеттілікті арттыруға тиіс.

2. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі 
жөніндегі "Парыз" конкурсын өткізудің тәртібі

      4. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы конкурстың ұйымдастырушылары (бұдан әрі – ұйымдастырушылар) болып табылады.
      
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 01.08.2014 N 873 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      4-1. Конкурс жыл сайын осы ережелердің 13-тармағында көрсетілген номинациялар бойынша өңірлік және республикалық деңгейлерде өткізіледі.
      Конкурстың өңірлік және республикалық кезеңдеріне қатысу тегін болып табылады.
      
Ескерту. Ережелер 4-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 01.08.2014 N 873 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      5. Үміткерлер материалдарды осы ережелерге сәйкес ресімдейді және облыстардың, республикалық маңызы бар қала мен астананың жергілікті атқарушы органдарына қағаз және электрондық жеткізгіштерде ұсынады.
      
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 01.08.2014 N 873 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      6. Конкурсқа катысуға:
      1) қызметін кемінде үш жыл жүзеге асыратын;
      2) таратылу сатысында тұрмаған, банкрот деп танылмаған;
      3) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының жойылмаған бұзушылықтары, оның ішінде қызметкерлерге жалақы және басқа да төлемдер бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ;
      4) қызметкерлермен ұжымдық еңбек даулары жоқ;
      5) Қазақстан Республикасының аумағында саяси, кәсіподақ және діни ұйымдарды қолдауға бағытталуға тиіс емес әлеуметтік және қайырымдылық қызметті жүзеге асыратын;
      6) конкурсқа қатысуға өтінімінде дәйекті мәліметтерді көрсеткен, сондай-ақ құжаттарды толық көлемде ұсынған үміткерлер жіберіледі.
      
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 01.08.2014 N 873 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      7. Ұйымдастырушылар: 
      1) барлық үміткерлер үшін тең шарттарды; 
      2) коммерциялық құпияны білдіретін ақпараттың құпиялылығын; 
      3) оларды ресми түрде жариялайтын күннен бұрын конкурстың нәтижелері туралы мәліметтердің жария етілмеуін қамтамасыз етеді.

      8. Конкурсты өткізу мерзімдері:
      1) қаңтар – конкурстың басталуы туралы хабарлау;
      2) жыл сайын 1 шілдеге дейін – жергілікті атқарушы органдардың өтінімдерді қабылдауы;
      3) жыл сайын 1 қазанға дейін – жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық комиссиялардың алдын ала жасаған қорытындыларын және конкурсқа қатысуға үміткерлердің өтінімдерін бір данада Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жіберуі;
      4) желтоқсан – қорытындылар шығару, жеңімпаздарды марапаттау.
      
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 01.08.2014 N 873 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      9. Жергілікті атқарушы орган:
      1) конкурсты өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлейді және бекітеді;
      2) үміткерлердің өтінімдерін бағалау үшін құрамына облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың ұлттық кәсіпкерлер палатасының, кәсіптік одақтардың аумақтық бірлестіктерінің өкілдері кіретін сараптамалық жұмыс тобын құрады;
      3) конкурсты өткізу тәртібі туралы ұйымдарды хабардар етуді ұйымдастырады.
      
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 01.08.2014 N 873 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      10. Конкурсқа катысу үшін үміткерлер жергілікті атқарушы органдарға материалдарды екі данада жолдайды, оларда:
      1) осы ережелерге қосымшаға сәйкес толтырылған өтінім; 
      2) үміткердің өз қызметінің деңгейін өзін-өзі бағалауын және корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігі бойынша нақты нәтижелерін білдіретін есебі болады; 
      Үміткердің есебінде: 
      заңды тұлғаның немесе жеке тұлғаның тарихы; 
      ұйымдық құрылымы; өзге де қосымша ақпарат; 
      3) есепке қосымша (ұжымдық шарттың көшірмесі және өзге де құжаттар);
      4) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі белгілеген және оның интернет-ресурсында орналастырылған нысанда толтырылған сауалнама болуы тиіс.
      
Ескерту. 10-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 2010.07.16 N 1029 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз); 01.08.2014 N 873 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлықтарымен.

      11. Үміткердің мүмкіндіктері мен қызмет нәтижелерін сипаттайтын өлшемдерді конкурсты ұйымдастырушылар айқындайды.

      11-1. Жергілікті атқарушы орган тиісті мемлекеттік органдардан конкурсқа қатысуға өтінімдерде үміткерлер көрсеткен мәліметтердің дәйектілігін растайтын ақпаратты сұратады және үміткерлерді осы ережелердің 6-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан тексереді.
      Үміткерлерге қойылатын талаптарға сәйкессіздіктер анықталған ретте конкурсқа қатысуға өтінімнің қабылданбағаны туралы жазбаша хабарлама жіберіледі.
      
Ескерту. Ережелер 11-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 01.08.2014 N 873 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      11-2. Сараптамалық жұмыс топтары осы ережелердің 11-тармағында көрсетілген критерийлердің негізінде үміткерлердің өтінімдерін бағалауды жүргізеді және сараптамалық қорытындылар дайындайды.
      
Ескерту. Ережелер 11-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 01.08.2014 N 873 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      11-3. Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық комиссиялар сараптамалық жұмыс топтарының қорытындылары негізінде алдын ала қорытынды жасайды.
      
Ескерту. Ережелер 11-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 01.08.2014 N 873 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      12. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық комиссиялардың алдын ала қорытындыларын қарағаннан кейін түпкілікті қорытынды жасап, оны және үміткерлердің материалдарын Комиссияның қарауына ұсынады.
      
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 01.08.2014 N 873 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      13. Комиссия ұсынылған материалдардың негізінде жеңімпаздарды анықтайды және мынадай номинациялар бойынша конкурстың лауреаттары атақтарын беру туралы шешім қабылдайды: 
      1) «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын».
      Бұл номинацияда өз персоналын қолдауға, мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік бейімдеуге және жалпы коғамның әл-ауқатын жақсартуға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды (еңбекақыны және әлеуметтік төлемдерді төлеуді, кадрларды кәсіптік даярлау мен қайта даярлау жүйесін ұйымдастыру, мүмкіндігі шектеулі адамдарды барынша көп мөлшерде жұмысқа орналастыру және тағы басқалар) іске асыратын үміткерлердің кызметі қаралады;
      2) «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын».
      Бұл номинацияда еңбек кызметі процесінде қызметкерлердің денсаулығын сақтауға мүмкіндік беретін еңбек жағдайларын жасайтын үміткерлердің қызметі қаралады;
      3) "Үздік ұжымдық шарт". 
      Бұл номинацияда Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын едәуір жақсартатын және нығайтатын ұжымдық шарттар қаралады.
      4) "Экологияға қосқан үлесі үшін".
      Бұл номинацияда қоршаған орта жағдайын жақсартуға бағытталған табиғатты қорғау (экологиялық) бағдарламаларын іске асыруда ерекше көзге түскен үміткерлердің қызметі қаралады.
      
Ескерту. 13-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 2010.07.16 N 1029 (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 01.08.2014 N 873 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлықтарымен.

      13-1. Гран-при - конкурстың жоғары наградасы жұмыста және корпоративтік әлеуметтік және экологиялық жауапкершілік қағидаттарын іске асыруда анағұрлым жоғары нәтижелерге қол жеткізген үміткерге беріледі.
      
Ескерту. Ереже 13-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 2010.07.16 N 1029 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) Жарлығымен.

      14. Конкурс лауреаттарына тиісті диплом, эмблема және айрықшалық белгісі (мүсінше) беріледі.

      15. Конкурс лауреаттарын марапаттау рәсімі жыл сайын, салтанатты жағдайда өткізіледі.

      16. Бұқаралық ақпарат құралдарында конкурсты өткізу туралы хабарландыруды, оған үміткерлердің әлеуметтік мәселелерді шешуде қол жеткізген жетістіктерін, конкурс жеңімпаздарын марапаттау рәсімдерін, сондай-ақ лауреаттар тізімін жариялау Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінің жәрдемдесуімен жүзеге асырылады.
      
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 01.08.2014 N 873 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      16-1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдары конкурстың өңірлік кезеңін өткізу процесін жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жария етуді және конкурстың республикалық кезеңіне катысуға ұсынылатын үміткерлердің тізімін жариялауды қамтамасыз етеді.
      
Ескерту. Ережелер 16-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 01.08.2014 N 873 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      16-2. Ұйымдастырушылар және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдары конкурс жеңімпаздарының үлгісінде әлеуметтік жауапкершіліктің үздік тәжірибелерін таратуды ұйымдастырады.
      
Ескерту. Ережелер 16-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 01.08.2014 N 873 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      17. Конкурс лауреаттары осы атақ берілгеннен кейін үш жыл бойы конкурс эмблемасын жарнамалық мақсаттарда пайдалану құқығын алады. Белгілі бір номинация бойынша конкурс лауреаты атағын алғаннан кейін екі жыл ішінде осы атақты алуға қайталап ұсынуға жол берілмейді.
      
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 01.08.2014 N 873 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

Қазақстан Республикасы 
Президентінің     
2008 жылғы 23 қаңтардағы 
N 523 Жарлығымен   
бекітілген     

Бизнестің әлеуметтік  
жауапкершілігі жөніндегі 
"Парыз" конкурсын өткізу 
ережелеріне      
ҚОСЫМША      

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2010.07.16  N 1029(қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т.қараңыз) Жарлығымен.

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі
«Парыз» конкурсына қатысушының
өтінімі
Тіркеу нөмірі ____________

1. Заңды (жеке) тұлғаның атауы ______________________________________
Тіркеу орны бойынша мекенжайы _______________________________________
Орналасу орны бойынша мекенжайы _____________________________________
2. Ұйымның басшысы __________________________________________________
                              (тегі, аты, әкесінің аты)
3. Байланыс телефондары (телефондары, электрондық пошта мекенжайы
және факс нөмірі) ___________________________________________________
4. Құжаттар ұсынылған номинация (астын сызыңыз):
   Жылдың үздік әлеуметтік жобасы;
   Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын;
   Үздік ұжымдық шарт;
   Экологияға қосқан үлесі үшін.
5. Ірі, орта, шағын кәсіпкерлік субъектісі (астын сызыңыз)
6. Сала _______________________________________________________
7. Қызметкерлерінің саны ______________________________________
8. Заңды (жеке) тұлғаның қызметі туралы қысқаша сипаттама (немен
   айналысады) ______________________________________________________
9. Заңды (жеке) тұлғаның алған наградалары __________________________
10. Өтінімге сауалнама тіркелген және қосымша _______ парақта
11. Ұсынған материалдар мен көрсеткіштер дұрыс

      Қолы
      Мөрі
      Күні

Қазақстан Республикасы   
Президентінің       
2008 жылғы 23 қаңтардағы 
N 523 Жарлығымен     
бекітілген       

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі 
"Парыз" конкурсының лауреаттары атақтарын беру 
жөніндегі комиссия туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсының лауреаттары атақтарын беру жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) орталық мемлекеттік органдардың, қызметкерлердің республикалық бірлестіктерінің және жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктерінің басшылары қатарынан құрылады. 
      Комиссияның лауазымдық құрамын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
      
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2011.07.22  N 123 Жарлығымен.

      2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

2. Комиссияның міндеттері мен құқықтары

      3. Комиссияның міндеттері: 
      1) бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсының лауреаты атағына үміткерлердің (бұдан әрі - үміткерлер) материалдарын қарау; 
      2) үміткерлерді бағалауды жүргізу және іріктеу; 
      3) конкурстың жеңімпаздарын (бұдан әрі - конкурс лауреаттары) анықтау болып табылады.

      4. Комиссияның: 
      1) мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасауға; 
      2) Комиссия міндеттерін іске асыруға қажетті қосымша материалдарды конкурсты ұйымдастырушылардан сұратуға және алуға құқығы; 
      3) Комиссияға жүктелген міндеттерді жүзеге асыруға қажетті өзге де құқықтары бар.

3. Комиссияның қызметін ұйымдастыру

      5. Комиссия құрамына: 
      1) Комиссияның төрағасы; 
      2) Комиссия төрағасының орынбасары; 
      3) Комиссияның хатшысы; 
      4) Комиссияның мүшелері кіреді.

      6. Комиссияның төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, отырыстарда төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады. Комиссия төрағасы болмаған кезде оның функцияларын орынбасары атқарады. Конкурста көзделген эмблеманы, диплом мен айрықшалық белгісін (мүсінше) Комиссияның төрағасы бекітеді.

      7. Комиссияның хатшысы жұмыс органы дайындаған құжаттар мен материалдарды Комиссия мүшелерінің қарауына ұсынады.

      8. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады. 
      Комиссияның жұмыс органына мынадай функциялар: 
      1) конкурстар өткізудің мерзімдері мен шарттары туралы бұқаралық ақпарат құралдары мен конкурсты ұйымдастырушылардың веб-сайттары арқылы хабардар ету; 
      2) әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық комиссиялардың алдын ала қорытындыларын қарау, түпкілікті қорытынды жасау, оны және үміткерлердің материалдарын Комиссияның қарауына ұсыну;
      3) Комиссия отырыстарын дайындау және ұйымдастыру; 
      4) конкурс лауреаттарын марапаттау рәсімін ұйымдастыру; 
      5) конкурс лауреаттарының тәжірибесін таратуға жәрдемдесу жүктеледі.
      
Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 01.08.2014 N 873 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      9. Комиссия конкурсты ұйымдастыру және өткізу жөніндегі тиісті жылға арналған іс-шаралар жоспарын жыл сайын айқындайды және бекітеді.

      10. Комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ жарты жылда кемінд е бір рет өткізіледі. Комиссия мүшелері жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан кезде оның отырысы заңды деп есептеледі.

      11. Лауреаттар атақтарын беру туралы шешімді Комиссия ашық дауыс беру арқылы қабылдайды және ол үшін Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі. Шешім отырыс хаттамасымен ресімделеді және оған қатысып отырған Комиссия мүшелерінің барлығы қол қояды. 
      Комиссияның шешімі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

      12. Конкурс материалдарында қамтылған және бағалау барысында алынған ақпарат құпия болып табылады әрі оларды үміткерді бағалаудан басқа, өзге мақсаттарға оның жазбаша келісімінсіз пайдалануға болмайды.

      13. Комиссияның қызметін тоқтату туралы шешімді Қазақстан Республикасының Президенті қабылдайды.

Қазақстан Республикасы 
Президентінің     
2008 жылғы 23 қаңтардағы 
N 523 Жарлығымен   
БЕКІТІЛГЕН     

      Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз»
  конкурсының лауреаттары атақтарын беру жөніндегі комиссияның
                      лауазымдық құрамы

      Ескерту. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2011.07.22   N 123 Жарлығымен, өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 2012.03.13 N 284; 12.02.2014 N 750; 01.08.2014 N 873 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлықтарымен.

Қазақстан Республикасының Президенті          – төраға
Әкімшілігінің Басшысы

Қазақстан Республикасының Еңбек және          – төрағаның орынбасары
халықты әлеуметтік қорғау министрі

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты     – комиссия хатшысы
әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және
әлеуметтік әріптестік департаментінің
директоры

Комиссия мүшелері:

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі

Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі

Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрі

Қазақстан Республикасының Қоршаған орта және су ресурстары министрі

Қазақстан Республикасының Мәдениет министрі

Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрі

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы (келісім бойынша)

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы (келісім бойынша)

Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасының төрағасы (келісім бойынша)

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы (келісім бойынша)

Қазақстан кәсіпкерлері форумының президенті (келісім бойынша)

Қазақстанның тауар өндірушілері мен экспорттаушылары одағының президенті (келісім бойынша)

 

Оқиғалар күнтізбесі

ДсСсСрБсЖмСнЖк
123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930

Сайттың беттері

Мемлекеттік рәміздер

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі




Интерактивті сауалдама

Толығырақ...>>>