Kaz     Rus    Негізгі бетке    Кері байланыс    Сайт картасы   
 

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ
ЕҢБЕК ИНСПЕКЦИЯСЫ БАСҚАРМАСЫ

 
Мазмұны

Банерлер

 

 

 

 


Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасының 2017 жылдың 29 мамырындағы № 54-Ө бұйрығымен 2017 жылдың 2-жартыжылдығына бекітілген ішінара тексерулердің тізіміне сәйкес еңбек заңнамаларының сақталуына «ACIG» АҚ-на ішінара тексеру жүргізілді.
3 Қараша 2017 Жыл • Айханов Исатай • 152 қарап шығу • түсіндірмелер 0

Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасының 2017 жылдың 29 мамырындағы № 54-Ө бұйрығымен 2017 жылдың 2-жартыжылдығына бекітілген ішінара тексерулердің тізіміне сәйкес еңбек заңнамаларының сақталуына «ACIG» АҚ-на ішінара тексеру жүргізілді.

Тексеру барысында «ACIG» АҚ-нан еңбек заңнамасы бойынша төмендегі заң бұзушылықтар анықталды:

1. 2017 жылдың тамыз, қыркүйек айларына 277 жұмыскерлер алдында 56,5 миллион теңге жалақы қарызы;

2. Жұмыс беруші ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда істейтін жұмыскерлерді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мерзімдік медициналық қарап-тексеруден және зерттеп-қараудан өткізуді меншікті қаражаты есебінен жүргізбегендігі;

3. Жұмыскерлерге еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нормаларға сәйкес жұмыскерлердің арнайы киімі мен аяқкиімін беруді және жөндеуді жабдықтауды қамтамасыз етпегендігі;

4. Жыл сайынғы еңбек демалысына ақы төлеу – ол басталғанға дейінгі үш жұмыс күнінен кешіктіріліп жүргізілгендігі;

5. Еңбек шарты тоқтатылған кезде жұмыс берушіден жұмыскерге тиесілі сомаларды төлеу ол тоқтатылғаннан кейінгі үш жұмыс күнінен кешіктіріліп жүргізілгендігі туралы заң бұзушылықтар анықталды.

Жоғарыда көрсетілген заң бұзушылықтар үшін заңды тұлға «ACIG» АҚ-на Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы 2 нұсқама беріліп Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 87 бабының 1 тармағы бойынша 1 айыппұл салынып, ал 93 бабының 2,3 тармақтарымен 2 ескерту берілді.

«ACIG» АҚ–ның жұмыскерлеріне Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және Қазақстан Республикасының Президентінің 2017 жылдың 31 қаңтарындағы жолдауы бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Жамбыл облысы әкімдігінің

еңбек инспекциясы басқармасының

Бас маман-мемлекеттік еңбек инспекторы А.Е.Ажиров

CopyToBlog Блокқа көшіріп жазу DiscussNews Түсіндірмелер Версия для печати Қағаз бетіне басып шағару нұсқасы
Добавить реплику
Имя (ник)*
Email
Сообщение*
Секретный Код:
Внимание! Реплики, не имеющие отношения к материалу, реплики, содержащие нецензурные выражения, а так же реплики, рекламного характера, призывающие посетить тот или иной ресурс в сети, удаляются модератором без объяснения причин
Қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету
17 Қаңтар 2018 Жыл • Айханов Исатайтүсіндірмелер 0
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2018 жылғы 10 қаңтар
10 Қаңтар 2018 Жыл • Айдын Биболтүсіндірмелер 0
«Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы»
6 Желтоқсан 2017 Жыл • Айханов Исатайтүсіндірмелер 0
Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!
28 Қараша 2017 Жыл • Айханов Исатайтүсіндірмелер 0
2017 жылдың 24 қарашадағы «Өндірістік жарақаттанудың алдын-алу» тақырыбындағы семинар-кеңес.
24 Қараша 2017 Жыл • Айханов Исатайтүсіндірмелер 0
Оқиғалар күнтізбесі

ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031

Сайттың беттері

Мемлекеттік рәміздер

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі




Интерактивті сауалдама

Толығырақ...>>>