Kaz     Rus    Негізгі бетке    Кері байланыс    Сайт картасы   
 

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ
ЕҢБЕК ИНСПЕКЦИЯСЫ БАСҚАРМАСЫ

 
Мазмұны

Банерлер

 

 

 

 


Ұжымдық шарт- еңбек адамының сенімді қорғаушысы
1 Қараша 2017 Жыл • Айханов Исатай • 156 қарап шығу • түсіндірмелер 0


Денсаулық сақтау саласының кәсіподағының Жамбыл облыстық филиалында 2017-2019 жылдарға ұжымдық шарттың жасау барысы туралы ағымдағы жылдың 1 қарашасында бастауыш кәсіподақ ұйымдары төрағаларының кеңейтілген кеңесі өтті. Кеңестің жұмысына қатысу үшін облыстық еңбек инспекциясы басқармасының заңгері Мұстафаева Айгерім Арқабайқызы және облыстық денсаулық сақтау басқармасының заңгері Мырзахметов Жарқын Әлібайұлы шақырылды.

Бастауыш кәсіподақ ұйымдарының 2017-2019 жылдарға арналған ұжымдық шарттың жасалуы туралы ақпаратымен «Қазақстандық салалық денсаулық сақтау кәсіподағы» ЖОФ ҚБ төрайымы С.Р.Қасенова таныстырып, денсаулық сақтау кәсіподағының қызметінің басты құжаты ол, 2017 жылдың 16 маусымында жасалған облыстық денсаулық сақтау басқармасымен денсаулық сақтау жұмыскерлерінің кәсіподағы облыстық филиалының арасындағы 2017-2019 жылдарға арналған Келісімі болып табылатынын атап өтті. Облыстық келісімде бірыңғай тарифтік біліктілік анықтамаға сәйкес, ШЖҚ қосылған азаматтық қызметкерлер үшін, сонымен қатар кіші медициналық қызметкер, электриктер, дезинфекторлар, жүргізушілер, аспазшылар және жұмысшылар үшін артықшылар сақталған – негізгі еңбек демалысы 30 күнтізбелік күн және сауықтыруға арналған жәрдемақы. Сонымен қоса жаңа міндеттемелер қабылданды - түнгі уақыттағы жұмыс үшін ақы төлеу, мереке және демалыс күндеріндегі жұмысқа екі еседен төмен болмайтын мөлшерде ақы төлеу, зейнеткерлік жасқа толуына байланысты демалысқа шығуы бір реттік өтемақы орташа жалақы төленеді.

Облыстық еңбек инспекциясы басқармасының заңгері А.Мұстафаева мониторингке өткізілген ұжымдық шарттарға талдау жасады. А.Мұстафаева Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен, бас, салалық, өңірлік келісімдермен салыстырғанда, ұжымдық шарттар жұмыскерлердің жағдайын нашарлатпау керек екендігін ескертті. Айгерім Аркабайқызы облыстық келісім – тараптардың өңірлік деңгейлердегі жұмыскерлер үшін мазмұнын және еңбек жағдайларын, жұмыспен қамтуды және әлеуметтік кепілдіктерді белгілеу жөніндегі міндеттемелерін айқындайтын әлеуметтік әріптестік тараптарының арасында жасалатын жазбаша келісім нысанындағы құқықтық акт және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы «Алуан түрлі экономикалық қызмет ұйымдарының жұмыскерлеріне арнайы киім және басқа да жеке қорғаныш құралдарын беру нормаларын бекіту туралы» № 943 бұйрығына сәйкес, арнайы киім және басқа да жеке қорғаныш құралдарын беру нормаларын, облыстық келісімде бекітілген нормаларын қатаң сақтауға қатысушылардың аса назарларын аударып, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және өзге де нормативтік-құқықтық актілеріне түсіндірме берді.

CopyToBlog Блокқа көшіріп жазу DiscussNews Түсіндірмелер Версия для печати Қағаз бетіне басып шағару нұсқасы
Добавить реплику
Имя (ник)*
Email
Сообщение*
Секретный Код:
Внимание! Реплики, не имеющие отношения к материалу, реплики, содержащие нецензурные выражения, а так же реплики, рекламного характера, призывающие посетить тот или иной ресурс в сети, удаляются модератором без объяснения причин
Лизинг берушілер, ломбардтар, риэлторларға және бағалы металдар мен асыл тастар, олардан жасалған зергерлік бұйымдардың дилерге мәлімет үшін
18 Қаңтар 2018 Жыл • Айдын Биболтүсіндірмелер 0
Қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету
17 Қаңтар 2018 Жыл • Айханов Исатайтүсіндірмелер 0
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2018 жылғы 10 қаңтар
10 Қаңтар 2018 Жыл • Айдын Биболтүсіндірмелер 0
«Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы»
6 Желтоқсан 2017 Жыл • Айханов Исатайтүсіндірмелер 0
Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!
28 Қараша 2017 Жыл • Айханов Исатайтүсіндірмелер 0
Оқиғалар күнтізбесі

ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031

Сайттың беттері

Мемлекеттік рәміздер

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі




Интерактивті сауалдама

Толығырақ...>>>