Kaz     Rus    Негізгі бетке    Кері байланыс    Сайт картасы   
 

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ
ЕҢБЕК ИНСПЕКЦИЯСЫ БАСҚАРМАСЫ

 
Мазмұны

Банерлер

 

 

 

 

 


2017 жылдың 24 қарашадағы «Өндірістік жарақаттанудың алдын-алу» тақырыбындағы семинар-кеңес.
24 Қараша 2017 Жыл • Айханов Исатай • 342 қарап шығу • түсіндірмелер 0


Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасының ұйымдастыруымен (бұдан әрі - Басқарма) 2017 жылдың 24 қараша күні «Өндірістік жарақаттанудың алдын-алу» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді.

Іс-шарада Басқарма «Қамқор Локомотив» ЖШС «Шу локомотив жөндеу зауыты» және «Тараз локомотив жөндеу депосы» филиалдарына Сенім сертификаттарын тапсырды.

Қатысушыларға «Жамбыл жылу» мекемесінің базасында еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдар мен жұмысшы кәсіптердегі жұмыскерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша оқытуға жабдықталған сыныпты, кәсіпорындағы жұмысшыларға берілетін салалық нормаларға сәйкес жеке қорғану құралдарын және арнайы киімдерді көрсетіп, қазандыққа экскурсия ұйымдастырылды.

Семинар-кеңесте «Жамбыл Жылу» МКК директоры Жұмабек Әбдікәрімұлы Бөлекбаев «Кәсіпорында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауда ішкі бақылауды жүзеге асырудағы өзекті мәселелер», облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысының орынбарасы Мамат Садуұлы Шакиров «Қыс маусымына дайындық кезінде еңбек қауіпсіздігі бойынша атқарылған іс-шаралар», «Проиводственно-коммерческая фирма «ФАН»» ЖШС директорының орынбасары Антонина Владимировна Монастырскаяның «Өндірістік объектілерді аттестаттау тәртібі», Жамбыл ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ербол Қыдыралыұлы Садыров «Аудандағы коммуналдық шаруашылық кәсіпорындарында өндірістік жарақаттанудың алдын-алу бойынша атқарылған іс-шаралар» тақырыбында баяндамалар тыңдалды.

Аумақтық еңбек инспекциясының басшысы С.Айдапкелов еңбек кодексінде көрсетілген еңбек қауіпсіздігі және оны қорғаудағы негізгі бағыттарды баяндап, іс-шараның қорытындысын шығарды.

CopyToBlog Блокқа көшіріп жазу DiscussNews Түсіндірмелер Версия для печати Қағаз бетіне басып шағару нұсқасы
Добавить реплику
Имя (ник)*
Email
Сообщение*
Секретный Код:
Внимание! Реплики, не имеющие отношения к материалу, реплики, содержащие нецензурные выражения, а так же реплики, рекламного характера, призывающие посетить тот или иной ресурс в сети, удаляются модератором без объяснения причин
Еңбек қатынастарын заңдастыру
11 Маусым 2018 Жыл • Айдын Биболтүсіндірмелер 0
Еңбек шартын жасаңыздар!» атты акциясы аясында үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесу
8 Маусым 2018 Жыл • Айдын Биболтүсіндірмелер 0
Темір жол саласында еңбек заңнамасын сақтау
7 Маусым 2018 Жыл • Айдын Биболтүсіндірмелер 0
«Еңбек шартын жасаңыздар!»
31 Мамыр 2018 Жыл • Айдын Биболтүсіндірмелер 0
Азаматтық сектор өкілдерімен кездесу
29 Мамыр 2018 Жыл • Айдын Биболтүсіндірмелер 0
Оқиғалар күнтізбесі

ДсСсСрБсЖмСнЖк
123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930

Сайттың беттері

Мемлекеттік рәміздер

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі




Интерактивті сауалдама

Толығырақ...>>>