Kaz     Rus    Негізгі бетке    Кері байланыс    Сайт картасы   
 

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ
ЕҢБЕК ИНСПЕКЦИЯСЫ БАСҚАРМАСЫ

 
Мазмұны

Банерлер

 

 

 

 

 


On-Line қабылдау бөлмесі

Не подлежат опубликованию в рубрике «Интернет-приемная» вопросы (сообщения) посетителей, порядок разрешения которых установлен процессуальным законодательством, а также рекламного характера и содержащие ненормативную лексику.


On-Line Сұрақ-жауап

2018-06-20 14:09:14
Искандар Уманов
г. Тараз
uib78@mail.ru   
Здравствуйте, руководство нашей
организации издала приказ о проведении
внепланового инструктажа по БиОТ для
всех работников предприятия. период
проведения внепланового инструктажа
совпадает с периодом проведения
повторного инструктажа. Вопрос: надо ли
после проведения внепланового
инструктажа по БиОТ, проводит повторный?
Тема обейх инструктажей одинакова.
2018-06-11 15:21:40
Ерсін Амангелдіұлы
Тараз
Сұрақ. Жұмыс орнында еңбек
қауіпсіздігіне жауапты қызметкердің
болуы міндеттіме?

Отвечает: Айдын Бибол
Құраметті Ерсін Амангелдіұлы!
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің (ары қарай - Кодекс) 23 бабының 2 тармағы 19 тармақшасына сәйкес, жұмыс беруші - жұмыс орындары мен технологиялық процестерде тәуекелдерді болғызбау жөнінде шаралар қолдануға, өндірістік және ғылыми-техникалық прогресті ескере отырып, профилактикалық жұмыстар жүргізуге міндетті. Кодекстің 23 бабының 2 тармағы 25 тармақшасына сәйкес, жұмыс беруші - еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша ішкі бақылауды жүзеге асыруға міндетті.
Сонымен қатар, Кодекстің 202 бабының (еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі ішкі бақылауды жүзеге асыру тетігі) төменде көрсетілген тармақтарын назарыңызға ұсынамыз.
1. Жұмыскерлерінің саны елуден асатын, өндірістік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарда еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарының сақталуына ішкі бақылауды жүзеге асыру мақсатында жұмыс беруші ұйымының тікелей бірінші басшысына немесе ол уәкілеттік берген адамға бағынатын еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметін құрады.
3. Жұмыскерлерінің саны елуге дейінгі жұмыс беруші қызмет ерекшелігін ескере отырып, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі маман лауазымын енгізеді не еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді басқа маманға жүктейді.
4. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі немесе осы баптың 3-тармағында көрсетілген маман: 1) өндірістік, тұрмыстық және басқа да үй-жайларға кедергісіз кіруге және қарап-тексеруге; 2) қауіпсіз және саламатты еңбек жағдайларын жасау, ұйымның құрылымдық бөлімшелерінде өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардың алдын алу жөніндегі профилактикалық іс-шаралардың әзірленуін және орындалуын бақылауды жүзеге асыруға; 3) ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің жұмыскерлеріне анықталған еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қолдану туралы орындалуы міндетті нұсқаулар беруге құқылы.
5. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі немесе осы баптың 3-тармағында көрсетілген маман: 1) ай сайын ұйымдарда өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардың жай-күйі мен себептеріне талдау жүргізуге және олардың алдын алу іс-шараларын әзірлеуге және оларды тұрақты сақтау үшін ұйымның электрондық дерекқорына енгізуге; 2) ұйымның жұмыскерлерін еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытуды, олардың білімдерін тексеруді ұйымдастыруға; 3) еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру тәртібінің сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
6. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінде еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды ұйымдастыру жеке немесе заң тұлғалармен шарттық негізде жүзеге асырылуы мүмкін.
Мемлекеттік еңбек инспекторы
Ж.Калиев
2018-06-11 14:31:33
Оспанов Әби Нағашбекұлы
Талас ауданы
Менің сұрағыма жауап берсеңіздер.
Жұмыс берушімен жұмыскер арасында ҚР
Еңбек Кодексінің 28 бабы негізінде еңбек
шартын жасағанда, қосымша нені
ескергеніміз жөн?

Отвечает: Айдын Бибол
Құрметті Әби Нағашбекұлы Оспанов!
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің (ары қарай - Кодекс) 22, 23 бабтарын және 4–тарауын басшылыққа алағандарыңыз жөн. Сонымен қатар, Кодекстің 10 бабының 2 тармағына сәйкес, әлеуметтік әріптестік тараптары келісімдерінің, ұжымдық, еңбек шарттарының, жұмыс беруші актілерінің Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен салыстырғанда жұмыскерлердің жағдайын нашарлататын ережелері жарамсыз деп танылады және қолданылмауға тиіс екенін ескергендеріңіз жөн.

Мемлекеттік еңбек инспекторы
Ж.Калиев
2018-05-28 16:38:57
Бердигулова Гайни Айманбетовна
Мойынқұм
Салеметсиздер ме? Менің сіздерден
сұрайын дегенім мекеме басшысы
ретінде біздің мекеменің бас
есепшісі жұмыстан өз еркімен
боастылған болатын қазіргі уақытта
есепшінің орны бос вакансияда тұр.
Аудандағы жұмыспен қамту орталығына
сұраныс хат берген болатынбыз.
Алайда жұмыспен қамту орталығы есепші
жоқ деп сұрнысымызды қабылдамай
enbek.kz салыңыздар деп қайтарып
жіберді. Ендігі сұрайын дегенім
зейнет жасындағы есепшіні келісім-
шартпен жұмысқа қабылдауыма болады
ма?
2018-05-24 12:36:48
Садуакасов Даурен
Тараз
astana415@mail.ru   
Здравствуйте! Я работаю в
гос.учреждений по договору,
трудоустроился в ноябре 2017 года, 04
января 2018 года перезаключили
договор. Имею ли я получить ежегодный
трудовой отпуск в июле 2018 года
согласно пункта 1 статьи 91 Трудового
Кодекса РК по соглашению сторон?
2018-04-23 18:00:56
Сарсенов Арман

Егер қызметкер iссапарға жiберiлсе, ол
үйіне күн сайын қайтып келсе, оған қандай
төлемдер жүргізіледі?
Отвечает: Олжас
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі №1428 Қаулысымен бекітілген «Мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтiк iссапарлары туралы» ереженiң (ары қарай – Ереже) 10 тармағына сәйкес:
Жергiлiктi жерге iссапарға жiберiлген кезде, одан iссапарға жiберiлген қызметкердiң тұрғылықты жерiне күн сайын қайту мүмкiндiгi болса, мынадай тәртiппен шығыстар өтеледi:
1) егер iссапарға жiберiлген қызметкер жұмыс күнi аяқталғаннан кейін өз еркiмен iссапар орнында қалса, онда растаушы құжаттарды көрсеткен кезде осы Ереженiң 9-тармағында көзделген мөлшерде тұрғын үй-жайды жалдау туралы, тәулiкақы және көлiктiк шығыстар өтеледi;
2) егер iссапарға жiберiлген қызметкер тұрғылықты жерiне күн сайын қайтып келсе, онда жол жүру билеттерi болған кезде тәулiкақыны (тәулiкақының орнына үстемеақы) төлемей, тек қана көлiктiк шығыстар өтеледi.
Қызметкер күн сайын iссапар орнынан тұрғылықты жерiне қайтып келуi мәселесiн әрбiр нақты жағдайда қашықтықтың ұзақтығын, көлiк қатынасының жағдайларын, орындалатын тапсырманың сипатын, сондай-ақ қызметкерге демалыс үшiн жағдай жасаудың қажеттiгін ескере отырып, iссапарға жiберiлетін адам жұмыс iстейтiн орталық атқарушы органның жауапты хатшысы (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлға), ал мұндай болмаған жағдайда - мемлекеттiк мекеменiң басшысы шешедi.



Мемлекеттік еңбек инспекторы Е. Ибраимов
2018-04-11 12:14:25
Рябина Е.
Тараз
При временном отсутствии работника в
связи с болезнью его обязанности
возложены на другого работника без
освобождении его от основной работы.
За замещение предусмотрена доплата. В
расчёт доплаты берется оклад того,
кого замещают (т.е. временно
отсутствующего) или доплата с оклада
замещающего сотрудника (т.е. того, кто
выполняет работу за временно
отсутствующего)?
Отвечает: Олжас
Если речь идет об оплате труда работников государственных учреждений и казенных предприятий, то оплата труда данных работников определяется постановлением Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2015 года № 1193 «О системе оплаты труда гражданских служащих, работников организаций, содержащихся за счет средств государственного бюджета, работников казенных предприятий» (далее-Постановление).
Согласно приложению 18 к Постановлению доплата за выполнение обязанностей временно отсутствующего работника оплачивается исходя из фактического объема выполняемой работы (с оклада замещающего работника).
В негосударственных организациях, согласно статье 107 Трудового кодекса РК заработная плата работнику устанавливается трудовым договором в соответствии с действующими у работодателя системами оплаты труда, то есть самостоятельно. В этой связи, размер данной доплаты должен регулироваться условиями трудового, коллективного договоров и (или) актами работодателя.

2018-03-14 09:16:42
Жайна Рахымбаева
Жамбыл облысы, Тараз қаласы.
Біздің «Альметов Т.С» жеке
кәсіпкерлігіне кассир жұмысын атқару
үшін 2016 жылдың 1 қазанында бір қыз
жұмысқа орналасып, 2017 жылдың қаңтар
айында 1 жылға бала күтімі бойынша
демалысқа кетті. Енді 2018 жылы қаңтар
айында жұмысқа қайта шығып, 2018
жылдың сәуір айында ақылы еңбек
демалысқа шығуға өтініш жазды. Менің
сұрайын дегенім жұмысқа енді шықсада
ақылы еңбек демалысын беруге боладыма?
Отвечает: Айдын Бибол
Құрметті Жайна Рахымбаева!

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің (ары қарай - Кодекс) 22-бабының 1-тармағы 7) тармақшасына сәйкес жұмыскердің тынығуға, оның ішінде жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысына құқығы бар. Сондай-ақ, Кодекстің 23-бабының 2-тармағы 16) тармақшасына сәйкес жұмыс беруші, жұмыскерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын беруге міндетті.
Кодекстің 91-бабына сәйкес, жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы берілген кезде:
1) нақты жұмыс істелген уақыт;
2) жұмыскер нақты жұмыс істемеген, бірақ оның жұмыс орны (лауазымы) мен жалақысы толық немесе ішінара сақталған уақыт;
3) жұмыскер еңбекке уақытша қабілетсіздігіне байланысты нақты жұмыс істемеген уақыт, оның ішінде жүктілігіне және босануына байланысты демалыста болған уақыт;
4) жұмыскер жұмысына қайта алыну алдында нақты жұмыс істемеген уақыт еңбек өтіліне қосылады.
Кодекстің 92 бабының 1 тармағына сәйкес, жұмыскерге жұмыс істеген бірінші және келесі жылдары үшін жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы тараптардың келісімі бойынша жұмыс жылының кез келген уақытында беріледі. Кодекстің 93 бабының 1 тармағы негізінде жұмыскерлерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын берудің кезектілігі жыл сайын жұмыс беруші жұмыскерлер пікірін ескере отырып бекітетін демалыстар кестесіне сәйкес айқындалады не тараптардың келісімі бойынша демалыстар кестесінен тыс берілетінін хабарлайды.


Мемлекеттік еңбек инспекторы
Ж.Калиев
2018-03-13 15:02:23
Шайдикеримова Гаухар Жумабеккызы
Тараз
gaukhara.93@inbox.ru   
Сәлеметсіздерме! Менің анам
балабақшада жұмыс істейді. бұрын
бұйрық бойынша ол кісіні 0,5ст
тәрбиеші көмекшісі және 0,5ст УСр
екен. Бірақ, осы 1жыл ішінде факт
бойынша ол кісі топта тәрбиеші
көмекшісі болып істеді. осы наурыз
айында еңбек демалысына шыққанда оған
тек 0,5ст ғана жәрдемақы төленді. өзім
де есепші болып істегендіктен,
жәрдемақы 1жыл ішінде факт бойынша
қандай жұмыс атқарды сол үшін
төленбейдіме?
Отвечает: Олжас
Құрметті Гаухар Жұмабекқызы!

Еңбек заңнамасына сәйкес жұмыскердің айлық жалақысының мөлшері жұмыскердің біліктілігіне, орындалатын жұмыстың күрделілігіне, санына және сапасына, сондай-ақ еңбек жағдайларына қарай сараланып белгіленеді.
Бұл ретте, еңбек саны еңбек мөлшерін құрайды, яғни жалақыны саралаудың негізі болып табылатын белгілі бір сападағы белгіленген еңбек саны.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» № 1193 қаулысының 1-тармағына сәйкес азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі уақыт бойынша және/немесе кесімді еңбекақы төлеу жүйесі болып табылады.
Уақыт бойынша еңбекақы төлеу жүйесі кезінде жұмыс істелген уақыт ескеріледі және ақы төлеу әрбір нақты жұмыскердің біліктілігі ескеріле отырып белгіленетін тарифтік мөлшерлеме немесе лауазымдық айлықақы негізінде жүргізіледі.
Лауазымдық айлықақы жалақының құрамдас элементі болып табылады.
Осыған байланысты, сауықтыруға арналған жәрдемақы әрбір жұмыскерге еңбегінің санына, атқаратын лауазымына, орындайтын жұмысына және т.б. қарай, атап айтқанда жұмыс уақытының ұзақтығына қарай (0,5 немесе 1,5 мөлшерлеме) жеке белгіленетін және төленетін лауазымдық айлықақы мөлшерінде төленеді.


Басқарма
басшысының орынбасары Е.Есіркепов
2018-02-06 16:57:46
Берик Айдарович

Добрый день, прошу Вас дать разъяснение по выплате пособия на оздоровление гражданскому служащему. Работник был принят на работу 1 марта 2017г. в декабре 2017г. был взят отпуск продолжительностью 14 календарных дней, положено ли работнику выплата пособия по оздоровлению в 2017г. за проработанный период.
Отвечает: Олжас
На Ваше электронное письмо от 7 февраля 2018 года

Согласно пунктов 1 и 3 статьи 92 Трудового Кодекса Республики Казахстан (далее ТК РК) оплачиваемый ежегодный трудовой отпуск работнику за первый и последующие годы работы по соглашению сторон предоставляется в любое время рабочего года. А также по соглашению между работником и работодателем оплачиваемый ежегодный трудовой отпуск может быть разделен на части. При этом одна из частей оплачиваемого ежегодного трудового отпуска должна быть не менее двух календарных недель продолжительности отпуска, предусмотренного в трудовом договоре работника.
Гражданским служащим, содержащимся за счет государственного бюджета, предоставляется основной оплачиваемый ежегодный трудовой отпуск продолжительностью не менее тридцати календарных дней с выплатой пособия на оздоровление в размере должностного оклада.
Пособие для оздоровления гражданским служащим выплачивается один раз в календарном году при предоставлении оплачиваемого ежегодного трудового отпуска.


Заместитель руководителя
управления Е.Есиркепов




Исполнитель: Г.Бакирбаева
Тел 45-63-42

басталуы ... <-алдыңғы  1  2 3 4 5 6 7 келесі-> ... аяқталуы
DiscussNews Хат жазу
Оқиғалар күнтізбесі

ДсСсСрБсЖмСнЖк
123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930

Сайттың беттері

Мемлекеттік рәміздер

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі




Интерактивті сауалдама

Толығырақ...>>>