Kaz     Rus    Негізгі бетке    Кері байланыс    Сайт картасы   
 

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ
ЕҢБЕК ИНСПЕКЦИЯСЫ БАСҚАРМАСЫ

 
Мазмұны

Банерлер

 

 

 

 


Қазақстан Республикасы мемлексттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі

(Мемлекеттік қызметшілер қызмет этикасының қағидалары)


1. Жалпы ережелер


1. Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-этикалық бейнесіне жоғары талаптар қояды.
Қоғам мемлекеттік қызметші өзінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін атқаратын кәсіби қызметіне жұмсайды, өзінің Отаны - Қазақстан Республикасына адал да қалтқысыз қызмет етеді деп сенім білдіреді.
2. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің осы ар-намыс кодексі (Мемлекеттік қызметшілер қызмет этикасының қағидалары) (бұдан әрі - Кодекс) «Мемлекеттік қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Занына, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» 1998 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына және жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларға сәйкес Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілері мінез-кұлкының негізі туралы стандарттарын белгілейді.
3. Мемлекеттік органдардың басшылары, орталық атқарушы органдарда- орталық атқарушы органдардың жауапты хатшылары немесе белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органдардың жауапты хатшыларының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлғалар, ал орталық атқарушы органдардың жауапты хатшылары немесе көрсетілген лауазымды тұлғалар болмаған жағдайда - орталық атқарушы органдардың басшылары осы Кодекс талаптарының орындалуын, осы Кодекстің мәтінің мемлекеттік органдардың ғимараттарында баршаға көрінетіңдей жерлерде орналастыруды қамтамасыз етеді.
4. Мемлекеттік қызметші мемлекеттік қызметке тұрғаннан кейін бір ай ішінде осы Кодекспен жазбаша түрде таныстырылуы тиіс.


2. Мемлекеттік қызметшілер мінез-құлқының жалпы қағидалары


5. Мемлекеттік қызметшілер:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын жақтауға және оның дәйекті түрде жүзеге асыруға, өзінің іс-әрекетімен мемлекеттік биліктің беделін нығайтуға, мемлекет институттарының беделін түсіруге ыкпал ететін іс-әрекеттер жасауға жол бермеуге;
2) заңдылық қағидаттарын, Қазақстан Республикасы Конституцияның заңдары мен өзге де нормативтік құкықтық актілерінің талаптарын басшылыққа алуға;
3) қоғам мен мемлекеттің игілігіне қызмет етуге;
4) мемлекеттің мүддесіне залалын тигізетін, мемлекеттік органдардың тиімді жұмыс істеуіне бөгет болатын іс-әрекеттерге қарсы тұруға;
5) сеніп тапсырылған мемлекеттік мүлікке ұкыпты карап, оны ұтымды әрі тиімді пайдалануға;
6) жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтау мен қорғауды қамтамасыз етуге, олардың өтініштерін қарау кезінде төрешілдік пен сөзбұйдаға салу көріністеріне жол бермеуге, өтініштер бойынша белгіленген мерзімде кажетті шаралар қолдануға;

7) мемлекеттік қызметке және мемлекет институттарына қоғамның сенімін сақтауға және нығайтуға;
8) өзінің іс-әрекеттерімен қоғам тарапынан негізді сынға себепкер болмауға, сынағаны үшін қудалауға жол бермеуге, оң сын-ескертпелерді кемшіліктерді жою мен өзінің қызметін жақсарту үшін пайдалануға;
9) адал, әділ, қарапайым да сыпайы болуға, жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтауға;
10) Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі ұлтаралық келісімді нығайтуға ықпал етуге, мемлекеттік тілге және басқа тілдерге, Қазақстан халқының салттары мен дәстүрлеріне құрметпен қарауға;
11) мемлекеттік және еңбек тәртібін бұлжытпай сақтауға, берілген өкілеттіктерді тиімді иеленуге; өзінің қызметтік міндеттерін адал, тұралықпен және сапалы атқаруға; жұмыс уақытын тиімді пайдалануға;
12) жоғары кәсіби жұмыс үшін кажетті күш-жігерін салуға, қойылған міндеттерді шешудің оңтайлы да үнемді әдістерін қолдануға;
13) мемлекеттік қызметшілердің қызметтік міндеттерін тиісінше орындауына бөгет болатын іс-әрекеттерге қарсы тұруға;
14) кадрларды туыскандық, жерлестік және жеке өзіне берілгендік белгілері бойынша іріктеу мен орналастыру жағдайларына жол бермеуге;
15) бағынысты қызметкерлердің міндеттері мен қызметтік өкілеттіктерінің көлемін дәл айқындауға, анық орындай алмайтын өкімдер бермеуге, бағынысты қызметкерлерден олардың қызметтік міндеттерінің шеңберінен тыс тапсырмалар орындауды талап етпеуге;
16) багынысты қызметкерлерге қатысты негізсіз айыптауларға, дөрекілік, адамдық қадір-қасиетін кемсіту, жөнсіздік фактілеріне жол бермеуге;
17) бағынысты қызметкерлерді құқыққа қайшы теріс қылықтар немесе жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормалармен үйлеспейтін іс-әрекеттер жасауға мәжбүр етпеуге;
18) кәсіби дайындықтың, оның ішінде орындалуы бағынысты қызметкерлердің функционалдық міндеттеріне жатқызылған мәселелер бойынша, кажетті деңгейіне ие болуға;
19) басқа мемлекеттік қызметшілердің тарапынан қызметтік этика нормаларын бұзу фактілерін болдырмауға және жолын кесуге;
20) өзінің қызметтік міндеттерін атқару кезеңінде киім киюдін іскерлік стилін ұстануға тиіс.
6. Мемлекеттік қызметшілер іскерлік этикетті сақтауға, ресми мінез құлық қағидаларын құрметтеуге тиіс.
7. Мемлекеттік қызметшілер қызметтік жағдайларын және онымен байланысты мүмкіндіктерді қоғамдық және діни бірлестіктердің, басқа да коммерциялық емес үйымдардың мудделеріне, онын ішінде өзінің оларға көзкарасысын насихаттау үшін пайдаланбауға тиіс.
Басшы лауазымдар аткаратын мемлекеттік қызметшілер багынысты қызметкерлерді қоғамдық және діни бірлестіктердің, басқа да коммерциялық емес ұйымдардьш қызметіне катысуға мәжбүрлей алмайды.


3. Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемкорлықка қарсы мінез-құлқы


8. Мемлекеттік қызметшілер сыбайлас жемкорлық көріністеріне қарсы тұруға, сыбайлас жемкорлық құқық бұзушылықтарға не сыбайлас жемкорлықпен жымдасқан немесе сыбайлас жемкорлық үшін жағдай туғызатын әрекеттерге жол бермеуі тиіс.
Мемлекеттік қызметшілер басқа мемлекеттік қызметшілер тарапынан болатын сыбайлас жемкорлық құқық бұзушылық фактілерінің жолын кесуі тиіс.
9. Егер мемлекеттік қызметшінің сыбайлас жемкорлық құқық бұзушылық туралы дәйекті ақпараты болса, ол мүндай құқық бұзушылықтың алдын-алуға және жолын кесу жөнінде қажетті шаралар қолдануы тиіс.
Кажетті шараларға уәкілетті мемлекеттік органдарды хабардар ету және жоғары тұрған басшыны, мемлекеттік орган басшылығын хабардар ету жатады.
Сыбайлас жемкорлық құқық бұзушылықтар туралы ақпарат алғаннан кейін мемлекеттік органнын басшылығы олар бойынша, онын ішінде, егер оның іс-әрекеттерінде мемлекеттік қызметшінің қызметін одан әрі жалғастыруға теріс ыкпал ететін заңнама бұзушылықтар болмаса, мемлекеттік қызметшіні заңсыз қудалаудан, онын құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөнінде тиісті шаралар қабылдайды.
10. Мемлекеттік қызметшілер өз іс-әрекеттерімен және шешімдерімен жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруды қиындататын әкімшілік және өзге де кедергілерге жол бермеулері тиіс. Мұндай фактілер анықталған жағдайда мемлекеттік қызметшілер оларды жою жөнінде шаралар кабылдауға тиісті.
11. Мемлекеттік қызметшілер мемлекетке экономикалық залалдың алдын-алу жөнінде барлық мүмкіндіктерді пайдалануы, жеке мүдделеріне және үшінші тұлғалардың мүдделеріне орай тексерулерге бастамашылықка жол бермеуі тиіс.
12. Мемлекеттік қызметшілер жеке мүліктік және мүліктік емес пайдалар алу үшін өзінің лауазымдық өкілеттіктерін және онымен байланысты мүмкіндіктерді қолданбауға тиіс.
13. Мемлекеттік қызметшілер мүдделер қақтығысын болғызбау үшін шаралар қолдануы тиіс.
14. Мүдделер қақтығысы туындаған ретте, яғни мемлекеттік қызметшінің жеке басының мүдделілігі және онын өз лауазымдық өкілеттіктерін тиісінше атқаруының немесе жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделерінің арасында осы заңды мүдделерге зиян тигізетіндей қайшылық туындайтын жағдайда, мемлекеттік қызметші онын жолын кесу және реттеу жөнінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасында көзделген шараларды қабылдауға міндетті.


4. Көпшілік алдында сөйлеу


15. Мемлекеттік орган қызметінің мәселелері бойынша көпшілік алдында сөйлеуді оның басшысы немесе мемлекеттік органның бұған уәкілеттік берілген лауазымды тұлғалары жүзеге асырады.
Мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтірмей, пікірсайысты әдепті түрде жүргізуі тиіс.
16. Мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік саясат және қызметтік ісінің мәселелері жөніндегі өз пікірін, егер ол:
1) мемлекет саясатының негізгі бағыттарына сәйкес келмесе;
2) жариялауға рұқсат етілмеген қызметтік ақпаратты ашатын болса;
3) мемлекеттің лауазымды тұлғаларының, мемлекеттік басқару органдарының, басқа да мемлекеттік қызметшілердің атына әдепке сай емес сөздер айтудан тұрса, көшпілік алдында білдіруіне болмайды.
17. Мемлекеттік саясатты жүргізумен, мемлекеттік органның және мемлекеттік қызметшілердің қызметтерімен байланысты емес мәселелер бойынша мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органның атынан жариялымдарына жол берілмейді. Педагогикалық, ғылыми және өзге де шығармашылық қызмет бойынша материалдар жариялауды мемлекеттік қызметші жеке тұлға ретінде тек өз атынан жүзеге асырады.
18. Мемлекеттік қызметшіге сыбайлас жемқорлық жасаған, онын ішінде кәсіпкерлік қызметпен айналысқан, біреулердің мүдделерін қолдаған, сондай-ақ мемлекеттік қызметшінің табысымен сәйкеспейтін заңсыз табыс пен мүлік алған деп негізсіз көпшілік алдында айып тағылған жағдайда, ол осындай айыптауды анықтаған күннен бастап бір ай мерзім ішінде оны теріске шығару онын ішінде сот арқылы теріске шығару жөнінде шаралар қабылдауы тиіс.


5. Мемлекеттік қызметшілердің қызметтен тыс уакыттағы мінез-құлқы


19. Мемлекеттік қызметшілер қызметтен тыс уакытта жалпы қабылданған этикалық нормаларды ұстанулары, қоғамға жат мінез-құлық жағдайларына жол бермеуі тиіс.
20. Мемлекеттік қызметшілер қарапайымдылық танытуға, көлік
сервистік және өзге де қызметтерді алу кезінде мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жағдайын баса көрсетпеуге және пайдаланбауға, өзінің іс-әрекеттерімен қоғам тарапынан негізді сынға себеп туғызбауға тиіс.
 

Оқиғалар күнтізбесі

ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031

Сайттың беттері

Мемлекеттік рәміздер

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі




Интерактивті сауалдама

Толығырақ...>>>