Kaz     Rus    На главную    Обратная связь    Карта сайта   
 

УПРАВЛЕНИЕ ИНСПЕКЦИИ ТРУДА
АКИМАТА ЖАМБЫЛСКОЙ ОБЛАСТИ

 
Содержание

Баннеры

 

 

 

 

 

 

 

 


On-Line консультация

Не подлежат опубликованию в рубрике «Интернет-приемная» вопросы (сообщения) посетителей, порядок разрешения которых установлен процессуальным законодательством, а также рекламного характера и содержащие ненормативную лексику.


Интернет-приемная

2018-07-04 14:53:20
Райымбекова Бану Нұрымқызы
Тараз
Мен аудан әкімдігінде статист маманы
ретінде жұмыс жасаймын.Кезекті еңбек
демалысына шығамын, маған сауықтыру
жәрдемақы төленема? Төленетін болса
заңға сілтеме жасап көрсетесізба
Отвечает: Олжас
Сіздің Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасының электронды поштасына жазған сауалыңызға
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 139 бабының 5 тармағына сәйкес азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімін әзірлеу мен бекітуді еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келісу бойынша тиiстi қызмет салаларының уәкiлеттi мемлекеттiк органдары жүргізеді. (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы «Әлеуметтік қамсыздандыру саласының азаматтық қызметшілері лауазымдарының тізілімін бекіту» туралы № 1042 бұйрығы).
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 1 бабының 1 тармағының 2 тармақшасына сәйкес азаматтық қызметші – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қазыналық кәсіпорындарда, мемлекеттік мекемелерде ақы төленетін штаттық лауазымды атқаратын және олардың міндеттері мен функцияларын іске асыру, мемлекеттік органдарға техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыру мен олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында лауазымдық өкілеттіктерді жүзеге асыратын адам. Азаматтық қызметшілерге лауазымдық айлықақы мөлшерінде сауықтыруға арналған жәрдемақы төлене отырып, ұзақтығы күнтізбелік отыз күннен кем болмайтын жыл сайынғы ақы төленетін негізгі еңбек демалысы беріледі.
Азаматтық қызметшілерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын берген кезде сауықтыруға арналған жәрдемақы күнтізбелік жылда бір рет төленеді.
Егер, уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекіткен азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімі бойынша, штаттық лауазымды атқаратын болсаңыз, Сізге Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 139 бабының 10 тармағына сәйкес, лауазымдық айлықақы мөлшерінде сауықтыруға арналған жәрдемақы төлене отырып, ұзақтығы күнтізбелік отыз күннен кем болмайтын жыл сайынғы ақы төленетін негізгі еңбек демалыс берілуі қажет.

Жамбыл облысы әкімдігінің
еңбек инспекциясы басқармасының
басшысы-Бас мемлекеттік
еңбек инспекторы С.Айдапкелов

Орындаған: Г.Бакирбаева
тел. 45-63-42
2018-07-03 14:51:09
Нурия Аманжол
Түркістан
baltabaevanuria83@gmail.com   
Еңбек инспекциясына шағым тускен соң
олар балабақшада нені тексере алады
Отвечает: Айдын Бибол
Құрметті Нурия Аманжол!

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 17 бабының 1) тармақшасына сәйкес, Еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті орган - Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңының 6 бабының 2 тармағына сәйкес, шағым жасалған кезде iс-әрекетiне шағым жасалып отырған субъектiнiң атауы немесе лауазымды тұлғалардың лауазымы, тегi және аты-жөнi, өтiнiш жасау себептерi мен талаптары көрсетiледi.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы №1022 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы №801 бірлескен бұйрығына сәйкес қосымша тексеру парағы бекітілген. Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 143 бабының 3 тармағына сәйкес, тексеру парақтарында белгіленген талаптар тексерілуге жатады делінген.
Жоғарыдағының негізінде, Еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті орган, ұйымдарда (балабақшада) тексеру жүргізу кезінде тек тексеру парағында көрсетілген талаптар (сұрақтар) бойынша тексеру жүргізетінін мәлімдейміз.

Мемлекеттік еңбек инспекторы
Ж.Калиев
2018-06-20 14:09:14
Искандар Уманов
г. Тараз
uib78@mail.ru   
Здравствуйте, руководство нашей
организации издала приказ о проведении
внепланового инструктажа по БиОТ для
всех работников предприятия. период
проведения внепланового инструктажа
совпадает с периодом проведения
повторного инструктажа. Вопрос: надо ли
после проведения внепланового
инструктажа по БиОТ, проводит повторный?
Тема обейх инструктажей одинакова.
Отвечает: Олжас
Управление инспекции труда акимата Жамбылской области Вам разъясняет:
В соответствии с пунктом 44 «Правил и сроков проведения обучения, инструктирования и проверок знаний по вопросам безопасности и охраны труда работников» приказом Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 25 декабря 2015 года № 1019 (далее Приказ) - Повторный инструктаж проходят работники независимо от квалификации, образования, стажа, характера выполняемой работы не реже одного раза в полугодие.
Согласно пункта 46 Приказа - Внеплановый инструктаж проводят:
1) при введении в действие новых или переработанных норм безопасности, правил, инструкций по безопасности и охране труда;
2) при изменении технологического процесса, замене или модернизации оборудования, приспособлений и инструмента, исходного сырья, материалов и других факторов, влияющих на безопасность труда;
3) при нарушении работниками требований безопасности труда, которые могут привести или привели к травме, аварии, взрыву или пожару, отравлению;
4) по требованию контролирующих надзорных органов.


Руководитель управления –
Главный государственный
инспектор труда С.Айдапкелов

исполнитель:Б.Абди
тел. 51-05-00
2018-06-11 15:21:40
Ерсін Амангелдіұлы
Тараз
Сұрақ. Жұмыс орнында еңбек
қауіпсіздігіне жауапты қызметкердің
болуы міндеттіме?

Отвечает: Айдын Бибол
Құраметті Ерсін Амангелдіұлы!
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің (ары қарай - Кодекс) 23 бабының 2 тармағы 19 тармақшасына сәйкес, жұмыс беруші - жұмыс орындары мен технологиялық процестерде тәуекелдерді болғызбау жөнінде шаралар қолдануға, өндірістік және ғылыми-техникалық прогресті ескере отырып, профилактикалық жұмыстар жүргізуге міндетті. Кодекстің 23 бабының 2 тармағы 25 тармақшасына сәйкес, жұмыс беруші - еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша ішкі бақылауды жүзеге асыруға міндетті.
Сонымен қатар, Кодекстің 202 бабының (еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі ішкі бақылауды жүзеге асыру тетігі) төменде көрсетілген тармақтарын назарыңызға ұсынамыз.
1. Жұмыскерлерінің саны елуден асатын, өндірістік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарда еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарының сақталуына ішкі бақылауды жүзеге асыру мақсатында жұмыс беруші ұйымының тікелей бірінші басшысына немесе ол уәкілеттік берген адамға бағынатын еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметін құрады.
3. Жұмыскерлерінің саны елуге дейінгі жұмыс беруші қызмет ерекшелігін ескере отырып, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі маман лауазымын енгізеді не еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді басқа маманға жүктейді.
4. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі немесе осы баптың 3-тармағында көрсетілген маман: 1) өндірістік, тұрмыстық және басқа да үй-жайларға кедергісіз кіруге және қарап-тексеруге; 2) қауіпсіз және саламатты еңбек жағдайларын жасау, ұйымның құрылымдық бөлімшелерінде өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардың алдын алу жөніндегі профилактикалық іс-шаралардың әзірленуін және орындалуын бақылауды жүзеге асыруға; 3) ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің жұмыскерлеріне анықталған еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қолдану туралы орындалуы міндетті нұсқаулар беруге құқылы.
5. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі немесе осы баптың 3-тармағында көрсетілген маман: 1) ай сайын ұйымдарда өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардың жай-күйі мен себептеріне талдау жүргізуге және олардың алдын алу іс-шараларын әзірлеуге және оларды тұрақты сақтау үшін ұйымның электрондық дерекқорына енгізуге; 2) ұйымның жұмыскерлерін еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытуды, олардың білімдерін тексеруді ұйымдастыруға; 3) еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру тәртібінің сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
6. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінде еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды ұйымдастыру жеке немесе заң тұлғалармен шарттық негізде жүзеге асырылуы мүмкін.
Мемлекеттік еңбек инспекторы
Ж.Калиев
2018-06-11 14:31:33
Оспанов Әби Нағашбекұлы
Талас ауданы
Менің сұрағыма жауап берсеңіздер.
Жұмыс берушімен жұмыскер арасында ҚР
Еңбек Кодексінің 28 бабы негізінде еңбек
шартын жасағанда, қосымша нені
ескергеніміз жөн?

Отвечает: Айдын Бибол
Құрметті Әби Нағашбекұлы Оспанов!
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің (ары қарай - Кодекс) 22, 23 бабтарын және 4–тарауын басшылыққа алағандарыңыз жөн. Сонымен қатар, Кодекстің 10 бабының 2 тармағына сәйкес, әлеуметтік әріптестік тараптары келісімдерінің, ұжымдық, еңбек шарттарының, жұмыс беруші актілерінің Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен салыстырғанда жұмыскерлердің жағдайын нашарлататын ережелері жарамсыз деп танылады және қолданылмауға тиіс екенін ескергендеріңіз жөн.

Мемлекеттік еңбек инспекторы
Ж.Калиев
2018-05-28 16:38:57
Бердигулова Гайни Айманбетовна
Мойынқұм
Салеметсиздер ме? Менің сіздерден
сұрайын дегенім мекеме басшысы
ретінде біздің мекеменің бас
есепшісі жұмыстан өз еркімен
боастылған болатын қазіргі уақытта
есепшінің орны бос вакансияда тұр.
Аудандағы жұмыспен қамту орталығына
сұраныс хат берген болатынбыз.
Алайда жұмыспен қамту орталығы есепші
жоқ деп сұрнысымызды қабылдамай
enbek.kz салыңыздар деп қайтарып
жіберді. Ендігі сұрайын дегенім
зейнет жасындағы есепшіні келісім-
шартпен жұмысқа қабылдауыма болады
ма?
Отвечает: Айдын Бибол
Г.А.Бердигуловаға

Мойынқұм ауданы


Сіздің 2018 жылдың 28 мамырындағы өтінішіңізге (тіркеу № ЖТ-Б-314 6 маусым 2018 жыл)

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағы 24)-тармақшасына сәйкес тараптардың өзара келісімі бойынша зейнеткерлік жасқа толған жұмыскерлермен еңбек шартының мерзімін жыл сайын ұзартуға жол берілген. Алайда, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 61-бабы 1-тармағы 3)-тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметшінің мемлекеттік қызметте болу мерзімі бір жылға ғана ұзартылады.



Басқарма басшысының
орынбасары Е.Есіркепов








Орындаушы: М.Туғанбаев
тел.51-01-10
2018-05-24 12:36:48
Садуакасов Даурен
Тараз
astana415@mail.ru   
Здравствуйте! Я работаю в
гос.учреждений по договору,
трудоустроился в ноябре 2017 года, 04
января 2018 года перезаключили
договор. Имею ли я получить ежегодный
трудовой отпуск в июле 2018 года
согласно пункта 1 статьи 91 Трудового
Кодекса РК по соглашению сторон?
Отвечает: Айдын Бибол
Уважаемый Садуакасов Даурен!

Согласно пп.7) п.1 ст.22) и пп.16) п.2 ст.23 Трудового Кодекса (далее – ТК РК) работник имеет право на оплачиваемый ежегодный трудовой отпуск, а работодатель обязан предоставлять работнику ежегодный оплачиваемый трудовой отпуск.
Указанные права и обязанности возникают при наличии у работника трудового стажа, дающего право на оплачиваемый ежегодный трудовой отпуск согласно статье 91 ТК РК (далее – трудовой стаж), включаются:
1) фактически проработанное время;
2) время, когда работник фактически не работал, но за ним сохранялись место работы (должность) и заработная плата полностью или частично;
3) время, когда работник фактически не работал в связи с временной нетрудоспособностью, в том числе время нахождения в отпуске по беременности и родам;
4) время, когда работник фактически не работал перед восстановлением на работе.
При этом период для предоставления трудового отпуска не меняется (Рабочий год составляет двенадцать месяцев, исчисленных с первого дня работы работника (п.2 ст.92 ТК РК) и в указанный период трудовой отпуск работнику предоставляется за фактически проработанное время и время, указанные в статье 91 ТК.
Вместе с тем трудовой отпуск работнику может быть предоставлен и при неполном трудовом стаже. Так, в соответствии с п.1 ст.92 ТК РК, оплачиваемый ежегодный трудовой отпуск работнику за первый и последующие годы работы по соглашению сторон предоставляется в любое время рабочего года.
По соглашению между работником и работодателем оплачиваемый ежегодный трудовой отпуск может быть разделен на части (п.3. ст.92 Кодекса). При этом одна из частей оплачиваемого ежегодного трудового отпуска должна быть не менее двух календарных недель продолжительности отпуска, предусмотренного в трудовом договоре работника.
В соответствии со статьей 93 Кодекса очередность предоставления оплачиваемых ежегодных трудовых отпусков работникам определяется графиком отпусков, утверждаемым работодателем с учетом мнения работников, либо устанавливается по соглашению сторон.
На основании изложенного:
- у тех, кто имеет трудовой стаж, трудовой отпуск предоставляется полностью (на основании заявления работника), если разделение на части не пожелает сам работник.
- если у работника нет трудового стража, то по заявлению работника и в случае согласия работодателя работнику может быть предоставлен полный трудовой отпуск авансом либо часть трудового отпуска за фактическое отработанное время.
- если в графике отпусков с учетом пожелании сторон трудовых отношений не предусмотрено иное (по частям или за отработанный период), то работодатель обязан предоставить работнику полный трудовой отпуск, с учетом принятия им добровольного обязательства в рамках утвержденного графика отпусков.


Заместитель руководителя
управления Е.Есиркепов







А.Мустафаева
8 (7262) 430631
2018-04-23 18:00:56
Сарсенов Арман

Егер қызметкер iссапарға жiберiлсе, ол
үйіне күн сайын қайтып келсе, оған қандай
төлемдер жүргізіледі?
Отвечает: Олжас
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі №1428 Қаулысымен бекітілген «Мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтiк iссапарлары туралы» ереженiң (ары қарай – Ереже) 10 тармағына сәйкес:
Жергiлiктi жерге iссапарға жiберiлген кезде, одан iссапарға жiберiлген қызметкердiң тұрғылықты жерiне күн сайын қайту мүмкiндiгi болса, мынадай тәртiппен шығыстар өтеледi:
1) егер iссапарға жiберiлген қызметкер жұмыс күнi аяқталғаннан кейін өз еркiмен iссапар орнында қалса, онда растаушы құжаттарды көрсеткен кезде осы Ереженiң 9-тармағында көзделген мөлшерде тұрғын үй-жайды жалдау туралы, тәулiкақы және көлiктiк шығыстар өтеледi;
2) егер iссапарға жiберiлген қызметкер тұрғылықты жерiне күн сайын қайтып келсе, онда жол жүру билеттерi болған кезде тәулiкақыны (тәулiкақының орнына үстемеақы) төлемей, тек қана көлiктiк шығыстар өтеледi.
Қызметкер күн сайын iссапар орнынан тұрғылықты жерiне қайтып келуi мәселесiн әрбiр нақты жағдайда қашықтықтың ұзақтығын, көлiк қатынасының жағдайларын, орындалатын тапсырманың сипатын, сондай-ақ қызметкерге демалыс үшiн жағдай жасаудың қажеттiгін ескере отырып, iссапарға жiберiлетін адам жұмыс iстейтiн орталық атқарушы органның жауапты хатшысы (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлға), ал мұндай болмаған жағдайда - мемлекеттiк мекеменiң басшысы шешедi.



Мемлекеттік еңбек инспекторы Е. Ибраимов
2018-04-11 12:14:25
Рябина Е.
Тараз
При временном отсутствии работника в
связи с болезнью его обязанности
возложены на другого работника без
освобождении его от основной работы.
За замещение предусмотрена доплата. В
расчёт доплаты берется оклад того,
кого замещают (т.е. временно
отсутствующего) или доплата с оклада
замещающего сотрудника (т.е. того, кто
выполняет работу за временно
отсутствующего)?
Отвечает: Олжас
Если речь идет об оплате труда работников государственных учреждений и казенных предприятий, то оплата труда данных работников определяется постановлением Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2015 года № 1193 «О системе оплаты труда гражданских служащих, работников организаций, содержащихся за счет средств государственного бюджета, работников казенных предприятий» (далее-Постановление).
Согласно приложению 18 к Постановлению доплата за выполнение обязанностей временно отсутствующего работника оплачивается исходя из фактического объема выполняемой работы (с оклада замещающего работника).
В негосударственных организациях, согласно статье 107 Трудового кодекса РК заработная плата работнику устанавливается трудовым договором в соответствии с действующими у работодателя системами оплаты труда, то есть самостоятельно. В этой связи, размер данной доплаты должен регулироваться условиями трудового, коллективного договоров и (или) актами работодателя.

2018-03-14 09:16:42
Жайна Рахымбаева
Жамбыл облысы, Тараз қаласы.
Біздің «Альметов Т.С» жеке
кәсіпкерлігіне кассир жұмысын атқару
үшін 2016 жылдың 1 қазанында бір қыз
жұмысқа орналасып, 2017 жылдың қаңтар
айында 1 жылға бала күтімі бойынша
демалысқа кетті. Енді 2018 жылы қаңтар
айында жұмысқа қайта шығып, 2018
жылдың сәуір айында ақылы еңбек
демалысқа шығуға өтініш жазды. Менің
сұрайын дегенім жұмысқа енді шықсада
ақылы еңбек демалысын беруге боладыма?
Отвечает: Айдын Бибол
Құрметті Жайна Рахымбаева!

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің (ары қарай - Кодекс) 22-бабының 1-тармағы 7) тармақшасына сәйкес жұмыскердің тынығуға, оның ішінде жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысына құқығы бар. Сондай-ақ, Кодекстің 23-бабының 2-тармағы 16) тармақшасына сәйкес жұмыс беруші, жұмыскерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын беруге міндетті.
Кодекстің 91-бабына сәйкес, жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы берілген кезде:
1) нақты жұмыс істелген уақыт;
2) жұмыскер нақты жұмыс істемеген, бірақ оның жұмыс орны (лауазымы) мен жалақысы толық немесе ішінара сақталған уақыт;
3) жұмыскер еңбекке уақытша қабілетсіздігіне байланысты нақты жұмыс істемеген уақыт, оның ішінде жүктілігіне және босануына байланысты демалыста болған уақыт;
4) жұмыскер жұмысына қайта алыну алдында нақты жұмыс істемеген уақыт еңбек өтіліне қосылады.
Кодекстің 92 бабының 1 тармағына сәйкес, жұмыскерге жұмыс істеген бірінші және келесі жылдары үшін жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы тараптардың келісімі бойынша жұмыс жылының кез келген уақытында беріледі. Кодекстің 93 бабының 1 тармағы негізінде жұмыскерлерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын берудің кезектілігі жыл сайын жұмыс беруші жұмыскерлер пікірін ескере отырып бекітетін демалыстар кестесіне сәйкес айқындалады не тараптардың келісімі бойынша демалыстар кестесінен тыс берілетінін хабарлайды.


Мемлекеттік еңбек инспекторы
Ж.Калиев
начало ... <-пред.  1  2 3 4 5 6 7 след.-> ... конец
DiscussNews Написать сообщение
Календарь событий
ПнВтСрЧтПтСбВс
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031

Страницы сайта

Государственные символы Республики Казахстан

Послание Президента РК Н.Назарбаева народу Казахстана

Кодекс чести государственных служащих




Интерактивный опрос

Подробно...>>>